Ақтөбеде алғаш рет “Тілеу батыр” драмасы қойылады

    Қазақ тарихында батырлығымен ел есінде қалған ерлер аз емес. Аңыздан оралған Қобыланды батырдың өзі ұлттық рухтың шынайы көрінісі деуге болады. Сондай батырлардың бірі Тілеу батыр туралы биыл Ақтөбеде алғаш рет тарихи драма сахналанады. Бүгін алғашқы премьерасы өтетін қойылымның ақтөбеліктер үшін маңызы зор. Өйткені, Тілеу батыр – Ақтөбе топырағында туған ер.

    БІР СПЕКТАКЛЬГЕ ҮШ АЙ ДАЙЫНДЫҚ
    Жергілікті батыр туралы тарихи драманы сахналау үшін театр әртістері үш ай уақытын дайындыққа жұмсаған. Жауапты режиссер Алмат Шәріповтың айтуынша, Тілеу батыр туралы пьесаны әйгілі мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебай жазып шыққан.
    - Бұл премьераға 3 ай дайындалдық. Пьесаны маған алып келгенде бірнеше рет қайтардым. Соңғы 7-ші нұсқасы сахнаға жіберілді. Осы нұсқамен жұмыс жасадық. Өте ауқымды дүние болғандықтан, дайындық түнге дейін созылған күндер болды. Біз бір мекемеде 3 труппа отырғандықтан, бізде сахна таршылық етеді. Соның бәрі актерға, режиссерға әсер етеді. Біз, бірақ, алдымызға қойылған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Алғаш рет Тілеу батыр туралы тарихи қойылым батырдың атындағы қайырымдылық қорының демеушілігімен сахналанды. Өзіміздің жергілікті батырларымызды ұлықтау, өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында осы қордың жетекшісі Қанатбай Елеусізов идея ұсынды. Мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебай батыр туралы пьеса жазды. Жазу барысында барлық тарихи деректер, ақпараттар негізге алынды. Бұл пьеса өте ауқымды дүние болып есептеледі. Пьесаны қоюдың негізгі себебіміз – халыққа рух сыйлау. Осынша ұлан-байтақ жерімізді ата-бабамыздың қалай қорғағаны туралы баяндалатын бұл қойылым жасқа да, ересекке де үлкен рухани күш сыйлайтынына сенеміз,- дейді режиссер.
    Режиссердің айтуынша, бұл қойылыммен Астанаға, басқа да облыс орталықтарына гастрольдік сапармен бару жоспарда бар. Сондай-ақ, мұндай ауқымды қойылымды ауылдық жерлерде көрсете алмайтынын да алға тартты:
    - Алдағы ойымыз, Алла бұйыртса, ЭКСПО-ға барамыз. Аудан, ауылға барып қоя алмаймыз, себебі, өте үлкен ауқымды дүние. Сондықтан театрларда қойылу керек. Түсініп отырғандай сахна, жарық, декорация, костюм, гримм деген заттар керек.Осы қойылымға өзіміздің жергілікті 30-ға жуық актерларымыз қатысады. Барлық керек қаражат “Тілеу Батыр” қорынан бөлінді. Бізден тек сахна, актерлер ғана шықты. Тағы айта кетейін, біздің мақсатымыз жастарға, халыққа рух сыйлау, батырларымызды дәріптеу. Қойылымнан түскен қаражат осы Т.Ахтанов театрының қоржынында қалады.
    Тарихи драманы сахналаған режиссер Алмат Шәріпов Орал қаласының тумасы. Ақтөбеге келгеніне екі жыл болған. “Тілеу батыр” спектаклі – Алматтың алғашқы туындысы.
    - Тілеу Батыр – би, дана кісі. Елге билік айтқан тұлғалы кісі, “адамның сұңқары” деген атқа ие болған. Жоңғарлармен болған Сайрам соғысына 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барып, соғысқан. Сайрам қаласын қорғаудағы шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш тақтада жазулы. Түркістан қаласында Тілеу, Жолдыаяқ батырлар атындағы көше бар. Кіші жүздегі рулы ел Тілеу есімімен аталады. Сондықтан осы оқиға егжей-тегжей көрсетіледі, - дейді режиссер.

    “Дайындық өте аз болды”
    Тарихи қойылымда басты рөл – Тілеу батырды сомдайтын Дәурен Нарманов дайындықтың аз болғанын айтады.
    - Мен осы қойылымда атақты батырымыз Тілеу батырды сомдаймын. Режиссердің өзі рөлді бекітеді. Қазіргі уақытта дайындық аз болып тұр. Бір күн дайындалсақ, екі күн тұрып қалып жатыр. Сахнамызда босамай қалатын кездері бар. Батырдың рөліне келетін болсам, қазақ жігітінің бойында кезедестін тектілікті, батырлықты, қайсарлықты көремін. Оның үстіне кіші жүзден шыққан қазақ жігіттері қызуқанды болып келеді. Тілеу атамыздың ұрпақтарымыз ғой. Қойылымның берері көп. Батыстан шыққан батыр ең көп 17 мың жыл қол жинап, Сайрамдағы ұрысқа аттанады. Қасына баласы Жолдыаяқты, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барады. Шайқас барысында сол ұрыста қаза болады. Тарихи драмада біріншіден, ата-бабаларымыздың ерлігі, батырлығын көрсету. Екіншіден, елдің, жердің қандай қиындықпен келгендігін кейінгі өскелең ұрпаққа дәріптеу. Бізге аманат қылып тастаған жеріміздің, еліміздің қадір-қасиетін түсіну.Тарихта ұмытылып бара жатқан батырлардың ерліктерін бағалау деп түсінемін,- дейді актер.
    Тарихи тұлғаны сомдайтын актер театрға 2001 жылы келген. Театрда жұмыс жасаған 16 жылдың ішінде екі бірдей батырдың рөлінде ойнаған Дәурен Нарманов өз мамандығына адал екенін айтады.
    - 2010 жылы алғаш Қобыланды батырдың рөлін сомдадым. Екінші Тілеу батырды сомдау бұйырыпты. Өз жұмысым ұнағандықтан осы жерде әлі күнге дейін жұмыс жасап келемін,- дейді ол.

    “Дұшпанды сомдау оңай емес”
    Тарихи драмада Жоңғардың ұлы қоңтайшысы Алдан Башқұрттың рөлін сомдайтын Кеңес Кемалбаев жаудың кейпін жасау оңайға түспегенін айтады.
    - Уақытымыздың аздығына қарамастан барынша осы рөлді алып шығу үшін күні-түні дайындалып жатырмын. Театрдың абыройы үшін еңбек етудеміз. Тілеу батыр атамыз батырлығымен, көрегендігімен бар қолды жинап Сайрамдағы ұрыста жерді аман алып қалу үшін, ұрпақ үшін аянбай қанын төкті. Сондай ерлікпен қалған жерімізді сақтап қалу, қадірін білу керек. Жастарымызға тарихты түсіндіру – басты мақсатымыз. Осы қойылымда 30 минут уақыт ойнаймын. Бірақ, соның өзі оңайға түспей тұр. Жау боп ойнау – өте жауапкершілікті талап етеді екен,- дейді актер.
    Бұған дейін театрда Әбілқайыр хан, Сауран ханды сомдаған актер жақында болған терроризмге қатысты қойылымда басты лаңкестін рөлін алып шықты.

    “Батырдың бағын асыратын әйелі”
    Қойылымда батырдың әйелінің рөлін ойнайтын Әдемі Нажмеденова Тілеудің бабын асырған әйелі деп есептейді.
    - Драма театрда 5 жыл актриса болып жұмыс жасаймын. Бүгінгі сомдайтын рөлім – Тілеу батырдың жас келіншегі Сұлу. Рөлдің оңайы болмайды. Іштей өз-өзімді дайындадым. Тілеу батырымды ұрысқа шығарып салғанда қимастықпен, қайтып келе ме деген үмітпен қоштастым. Тілеу батыр жай адам болмаған. Мөңке атты әулие ұлы бар. Сол кезеңде Сұлу “Тілеуді соғысқа жібермеңдер, оның белінде 500 жылдығын болжайтын сәби дүниеге келеді” деп шырылдаған деседі. Тілеу батырдың соғыстан келмейтіндігін Сұлу сезген еді. Бұл жерде Сұлудың да тегін адам еместігін байқаймыз,- дейді актриса.
    Қойылымда екі құрам өнер көрсетеді. Екінші құрамда Әсем деген қыз Сұлудың рөлін сомдайды.

    “Баталы ер тозбайды”
    Қойылымда Тілеу батырға арқалы батасын беріп, аруаққа тапсырып, жорыққа шығарып салатын ақсақалдың рөлін актер Әсет Оразалин сомдады. Ол ер-азаматтың әр уақытта тек қана бата алуға тырысу керектігін айтады.
    - Театр саласында 20 жылдан аса жұмыс жасап келемін. Осыған дейін талай рөлдерді сомдадым. Тілеу атамыздың пьесасында мен Шыңғыс атты ақсақалды сомдадым. Қалуды тауып алып, еншімді беріп бөлек шығардым. Бірақ баланың өмір жасы көпке бармайды. Қойылымның мақсаты - елім, жерім деп сары бала, қара қазанның қамы үшін, қасық қаны қалғанша соғысқан ата-бабаларымыздың рухын биік көтеру. Кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Батырлығын, даналығын, ерлігін, көсемдігін дәріптеу. 25 рулы жердің басын біріктіріп 17 мың қол жинап, Түркістанға барып ұрысқа қатысқан Тілеу бабамыздың ерлігін тарихқа алтын әріптермен жазу деп білемін,- дейді актер.
    “Тілеу батыр” тарихи драмасы екі күн көрсетіледі. Бүгін, 16-наурызда Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында тарихи қойылымның тұсауы кесіледі. Төл батырымыздың айнымас ерлігіне куә болыңыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақ хандығының тойына арналған автошеру өтті
  • Тілеу батырдың ескерткішІ ашылды
  • “Ант” қойылымы халыққа жол тартты
  • Тілеу батырдың ескерткіші ашылды
  • Ақтөбеде Тілеу батырға ескерткіш орнатылмақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге