Амал келді - аман көрдім!

    Амал келді - аман көрдім!

    14 наурызда Қазақстанның батыс өңірі көрісу күнін тойлайды. Әсіресе Маңғыстау облысында бұл мереке “Амал” деген атау иеленіп, Отпан таудың басында адайлар бірлік тойын тойлайды. Ақтөбенің өзінде кей аудандар көрісу күнін білмейді. Дегенмен, 14 наурызда бір-бірін көрсе, айқара құшағын жайып, қол алысып жататын ақтөбеліктер жоқ емес. Жалпы Көрісу күні деген не? Бұл туралы “Керек.info” газетінің тілшісіне белгілі тарихшы Айшуақ Дәрменұлы жауап берген еді:

    - “Көрісу немесе амал мерекесі” еліміздің батыс аймақтарында және қазақ жеріне іргелес Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанда 13-14 наурыздан бастап кең түрде аталып өтеді. Бұл дәстүр кеңес билігі кезінде де үзілген жоқ. Есімізді білгелі 13-наурыздан бастап көже пісіріп, арнайы сәлемдесе келген ағайын-туыс, көршілермен көрісіп, мәре-сәре болып жататынбыз. Қазақша күнтізбе бойынша он үшінен он төртіне қараған түнде тоқсан алмасып, жаңа жыл кіреді.1918 жылдың 24 қаңтарында Ленин қол қойған декретте 1918 жылдың 31 қаңтарынан кейінгі күн 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептеледі.Соның әсерінен бұрын наурызды жыл басы ретінде тойлайтын қазақ елі 1918 жылдан бері қарай 14 наурызда көрісіп келеді деуге болатын сияқты. Бұл мерекені тек батыс аймақтікі деп меншіктеп отырған ешкім жоқ, жалпы қазаққа ортақ құндылық деп білемін. Урбанизация күшейген сайын қарым-қатынас әлсіреп, шақырмаған жерге аттап баспайтын болып алдық. Қазақтың “Бармасаң, келмесең жат боларсың” дегені осы. Бір-бірімізге ақ тілек айтып, дәмдес болып, татулықты нығайтып жүргеннен ұтарымыз анық. Астрономияға жүгініп, күн мен түннің теңелетін 22 наурызды ресми түрде “орысша наурыз” деп айтатындар да бар. Бұл күн - “Пенденің аузы аққа,малдың аузы көкке тиді” деп адамның, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұрын бір-біріне өкпелі ағайын-туыс татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандарына қуанады. Ертемен барып үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. “бір жасқа келуіңізбен”, “Жасыңызға жас қосылсын”, “Ғұмырлы болыңыз”, “Жасың құтты болсын” деген тілектерін айтып марқайып қайтады,- дейді Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушысы Айшуақ Дәрменұлы.

    САУАЛНАМА
    Сіз көрісесіз бе?

    Хадиша, 81 жаста қала тұрғыны:
    14 наурыз көрісу күні құтты болсын. Көрісу күнін атап жүргеніме мен білгелі 15 жылдай уақыт болды . Бұл айтулы күнде барлық ағайын-бауыр жиналып, үйлерімізге қонаққа барып тойлаймыз. Мейрам тағы да құтты болсын. Деніміз сау болсын. Елімізде тыныштық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Балалардың арасында зейнетақымызды жұмсап аман-сау жүрсек соның өзі бір мейрам. Зейнетақымыз өсе берсін. Өзім 7 баланың анасымын.

    Алтынай Өмірова, 64 жаста қала тұрғыны:
    Көрісу күні баршамызға құтты болсын. Ертеректен келе жатқан күн ғой, бала кезімнен бері білемін бұл күнді. Халқымызға Алла бейбіт өмір жазсын. Елімізде тыныштық, амандық болсын. Бала-шағамыз аман болып, орталарында жүре берейік. Зейнетақымыздың аздығына қарамастан отбасымызды асырап келеміз. Бұйыртса өсіп қалар деген үмітпен жүрміз.

    Атыраубай Кенжеғұлов, АҚ “СНПС” оператор-технолог, қала тұрғыны:
    Жалпы қазақ салты бойынша наурыз мерекесі – біздің жаңа жылымыз. Ата-бабамыздан келе жатқан 14 наурыз жаңа жыл болып есептеледі. Бұл күні барша халық көшеге шығып бір-бірімен көріседі. Жыл аяғында аман-есен бастарын қосып қауышады. Бұл халықтың ұлы мейрамы. Ес білгелі бұл күнді тойлап келеміз. Батыс Қазақстан өңірлерінде тойлаймыз. Алматының кей өңірлерінде студент кезімізде аталып жүргендігін байқайтынбыз. Көне үрдіспен осылай әр жылда тойлай берейік.

    Ләйлә Кенжеғұлова, зейнеткер:
    14 наурыз ежелгі қазақтан келе жатқан мейрам. Қардың кетіп, күн жылынып,Самарқанның көк тасының жібіген кезі. Осындай жайма-шуақ күнде халқымыз бір-біріне амандық сұрасып, өкпе-назын ұмытып қауышады. Барша қала тұрғындарын көрісу мерекесімен құттықтаймын. Жылдан-жылға аман-есен жете берейік.

    Жанна, зейнеткер:
    Бүгін айтулы күн. Барша қазақ бір-бірімен көрісетін күн. Бұл күнде бір-біріміздің өкпемізді, қателігімізді кешіреміз. Жақсы, жылы сөздер айтып, бірімізді-біріміз қуантамыз. Студент кезімде білмейтінмін. Кейін тұрмыс құрғалы, жолдасым бәрін үйретті. 14 наурыз күні қандай ерекше күн екендігін түсіндірді. Табақ тарту, малды жіліктеу барлығын үйрендім. Бәріңізді көрісу күнімен құттықтаймын. Бақыт,байлық, денсаулық тілеймін. Бұл күнді әр жылда атап өтейік. Салт-дәстүрімізді ұмытпайық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кел, көрісейік!
  • 2017 жылы барлық әлеуметтік төлемдер өседі
  • Алаштың бақ ордасы – Астана
  • Серік Ерғали: Наурызда киіз үй тігуді доғару қажет
  • Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, жерлестер!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге