Ұлттық тағамда ұлылық бар

    Ұлттық тағамда ұлылық бар

    Көктем келіп, жер аяғы кеңіген сәттен-ақ Наурыз мерекесі тойланады. Молшылық пен берекенің, бақ пен ырыстың белгісі ретінде халықтың арқа-жарқа көңілденіп, бір-бірін алыстан іздеп келетін керемет мерекесі – Жаңа жыл Наурыз. Жаңа жылды жақсы ырыммен, адал ниетпен, ақ адал көңілмен қарсы алатын әр қазақтың төріне дастархан жайылып, ұлттық тағам – Наурыз көже асылады. "Керек.info" газетінің тілшісі ұлттық тағамдарға жаңаша рең беріп, заманауи тұрғыда дайындап жүрген Қалауша Садықованың асханасында болды. Қалауша Садықова редакциядан келген қонақтар үшін арнайы Наурыз көже дайындап берді.

    ЖЕТІ ТҮРЛІ ТАҒАМ – ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ
    Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзге де ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады. Өзі Ресейде туып-өссе де, қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрін берік ұстанып жүрген Қалауша Садықова қазақтың бар болмысында артық ешнәрсе жоқ деп есептейді.

    - Мен Ресейде туып-өстім. Бірақ, өзімнің қазақ екеніме шын жүрегіммен мақтанамын. Өзіміздің ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге шынымен басымды иемін. Өйткені, қазақтың барлық болмысында, тұрмыс-тіршілігінде артық жатқан ешнәрсе жоқ. Ішетін тамағы, киетін киімі мен ұстанатын дәстүріне дейін бір-бірімен байланыс тауып, үндесіп жатыр. Көшпенділер мәдениеті – нағыз заманауи, экологиялық таза тағамдар мен киімдерді бір арнаға тоғыстырған, ерекше жоғары мәдениет. Мен төл мәдениетімізге басымды иемін. Мысал ретінде, көшпенді қазақтар ішкен тағамдарды алайық. Өзіңіз білесіз, қазақтың күні, тұрмыс-тіршілігі тек қана малға байланысты болған. Мысалы, көктемде төрт түлік төлдеп жатқан уақытта мал сойылмайды. Сол себептен, соғымнан көктем үшін сыбаға алып қоятын болған. Оны “ұзынсары” деп атайды. Ұзынсары келгенде жуан жіңішкеріп, жіңішке үзіледі деп бекер айтпаса керек. Қыстан шығып, нағыз дәрумендердің жетіспеушіліге тап болатын уақыт осы Наурыз айы. Сол себепті осы айдағы Самарқанның көк тасы еритін Ұлыстың ұлы күніне қазан толы наурыз көже асатын болған. Бұл көжеге жеті түрлі дәм салатын себебі де осыдан туындаса керек. Мысалы, сүр еттің сорпасы адамның бойына қуат, дәтіне жігер сыйласа, сүт пен қатық адам бойындағы кальцийді толықтыратын бірден-бір дәм. Ал мейіз бен өріктің пайдасы айтпасақ та түсінікті шығар. Осы дәмдердің барлығы үйлесім тауып, әдемі баланста адам ағзасына оңтайлы әсер береді. Қыстан шыққан адамның ағзасы дәрумендермен байып қалады. Наурыз көженің осындай да қасиеті бар,- дейді Қалауша Садықова.
    Халқымыз ежелден жеті санын қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті қат көк, жеті музыкалық дыбыс ұғымдарын білеміз. Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?

    Судың маңызы
    Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.

    “Ет етке, сорпа бетке”
    Ет — ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі жұмсағы — бұлшық ет. Бұлшық ет тканінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Қоректілік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте 14-19 пайыз ақуыз, 12-15 пайыз май болады. Еттің құрамында су (73-77 пайыз), ақуыз (18-21пайыз), май (1-3 пайыз), дәрумендер (В1, В2, В6), минералды тұздар, экстрактивті заттар бар.

    В1 ағзада зат алмасу үшін керек. Бұл дәрумен жетіспегенде, адам дел-сал болады. Ас қорыту процесі бұзылады. В1 дәруменінің ой және дене еңбегімен көп шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда қажеттілігі мол.

    В2 жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет. В6 дәрумені жетіспесе, балалардың бойының өсуі тежеліп, қан аздыққа әкеп соқтырады.
    Пісірген кезде ет 40 пайыздай салмағын жояды. Одан суы, экстрактивті заттары, минералды тұздары бөлінеді де, ерітіндіге айналып, сорпаға шығады.
    Наурыз көжеге арнайы сойылған қойдың басын, етін салады.
    Сорпа
    Сорпаның азықтық нәрі көп, асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Адам ағзасына қажетті заттардың 15 пайыздан астамы осы сорпада. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.

    “Ағарған ішкен азбайды”
    Сүт — сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Сүттің өзі және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. Сүт дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.Сүт — химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде-бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Құрт — ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сары суы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт – өкпе ауруына ем. Ұзақ сапарларда құрт — әрі сусын, әрі қорек. Сары суын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.

    “Арпа, бидай ас екен”
    Наурыз көженің тағы бір бұлжымас құрамы – дәнді дақылдар. Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет.Бұл дақылдарда аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады. Сонымен қатар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі.
    Ақуыз қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы үшін қажет. Өкпеден сіңіріп алған оттегіні денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады. Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні — тары. Тары — өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 пайызы барын анықтауға болады.

    “Тұзды төкпе, малды теппе”
    Тұз — адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге тканьдердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңірілуі тиіс. Қажетті мөлшерде ағзаға тұз таралмаса, адам ауруға ұшырайды.

    “Ұлттың негізі ұлттық тағамда”
    Қалауша Садықова тек қана наурыз көже емес, сондай-ақ өз мейрамханасында ұлттық тағамдарды дәріптеумен де айналысып жүр.

    - Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Мысалы, ақсорпа. Ерте замандардан бері қазақ семіз жылқы, сиыр сойған кезде, соғым сүйектерін далаға тастамай, жинап қоятын болған. Ет таусылған жағдайда, сол сүйектерді қазанға салып, су құйып қайнатқан. Майлы сүйектер қайнаған кезде, одан кәдімгі майлы сорпа шығады. Түсі ақшыл болғандықтан, оны “ақ сорпа” деп атайды. Сондай-ақ, тағы бір ұлттық тағамымыздың түрі - салма. “Нансалма” немесе “кеспе” деп аталатын бұл ұлттық тағам нан кеспесінен және еттен пісіріледі. Қамырды жайып, ұзынша етіп кесіп алып, суға салып пісіреді де, үстіне туралған ет қосады. Сорпасы көп бұл ас жеңіл тағам болады. Салманы көбіне сиыр, қой етінен пісіреді. Жылқы етін пайдаланбайды. Қазір жадымыздан өшіп бара жатқан тағамның бір түрі - Борша. Қымыз кезінде таптырмайтын, жұмсақ әрі дәмді тағам. Ірі қара етін жұқалап әрі ұзыншалап, боршалап кесіп алады да, тұз, бұрыш сеуіп, темір істікке шаншып, шоққа тақтап пісіреді. Қақтау кезінде кезек-кезек аударып отырады, түсі қызылқоңырланып, исі бұрқырап шықса, дайын болды деген сөз. Қарын бөртпе. Бұл тағам кейбір өңірлерде “бұжы” деп те аталады. Жаңа сойылған, ұсақ малдың етін, майын, бауырын, жүрегін, өкпесін ұсақтап турап араластырып, пияз, ұн қосады да, оны қарынға немесе бүйенге тығып, аузын жақсылап түйреп қазанға қайнатады. Бұлардың бәрі қазақтың көшпенді мәдениетінде таптырмас тағамдар. Құрамы дәрумендерге өте бай. Ен даланы еркін жайлаған қазақтың денсаулығы мықты, жігіттері батыр, қыздары сұлу болатыны осы себептен,- дейді Қалауша Садықова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Садақа мәзірін имамдар бекітеді
  • Ауру астан ба?
  • Ақтөбелік аспаз студенттер сынға түсті
  • Қош келдің, Әз Наурыз!
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге