Қарттар үйінен қосағын тапқандар

    Қарттар үйінен қосағын тапқандар

    Тағдыр айдап, қарттар үйіне түскендер арасында өмірлік жұптарын осы жерден жолықтырғандар бар. Бауыр еті баласы өзегінен теуіп, тағдырдың өтінде қалып қойған қарттар да қартайған шақтарында жалғыздықтан осылай сақтанады екен. “Керек.info” газетінің тілшісі Ақтөбе облыстық қарттар мен интернат үйіндегі жұптасқан қариялармен тілдесіп қайтқан болатын.

    “Бейімдеу орталығынан бақытымды таптым”
    Ақтөбедегі Қарттар үйінде қазір 250 қария тұрып жатыр. Олардың ішінде он бес жұп өз алдына бөлек шаңырақ құрыпты. Интернаттың әлеуметтік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары Сән Нұрышеваның айтуынша, қазір қарттар үйінде үйленген алты жұп өмір кешіп жатыр екен.
    - 102 адам 1 және 2 топтағы мүгедектер. Мүгедектерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қарттарға түске дейінгі уақыт аралығында ем-дом жасалады,- дейді интернат қызметкері.
    Өз бақытын бейімдеу орталығынан тапқан зейнеткер Алпамыс Жасыбаевтың үйленгеніне тоғыз жылдан асыпты.

    Қарттар үйінен қосағын тапқандар

    - Қандағаш қаласынан келдім. 2005 жыл бейімдеу орталығында болдым. Отбасымнан ажырасқаныма 25 жыл болды. Бір қызым бар. Қазір қайда тұрып жатқанын білмеймін. Мені іздемейді. Туған-туысқандарым арасында келіп тұрады. Өмір бойы теміржол саласында қызмет атқардым. Он бес жыл Ресейде, жиырма төрт жыл Қазақстанда жол жөндеуші болып жұмыс жасадым. Сол жұмыстың арқасында зейнетақы алып отырмын. Бейімдеу орталығында Гүлжанмен танысып, араласып кеттім. Мен Гүлжаннан бұрын қарттар үйіне кетіп қалдым. Гүлжанның құжаттары дұрыс болмаған соң бейімдеу орталығында қалып қойды. Бейімдеу орталығынан алған зейнетақымнан Гүлжанға қажетті заттарын, киімдерін алып барып жүрдім. Осылай жақын араласып кеттік. Гүлжанның құжаттары дұрысталып, қарттар үйіне ол да келді. 2008 жылы қыркүйек айында мешітке барып, неке қидырып бас қостық. Сол уақыттан бері бірге тұрып жатырмыз,- дейді зейнеткер.
    Өмірлік қосағын қартайған шағында тапқан Алпамыс атайдың әйелі Гүлжан әжей де тағдырдың салған ісіне шарасы жоғын айтады.

    Гүлжан Ысқақова, зейнеткер:
    - Қарттар үйіне келгеніме 10 жыл болды. Өзім Ақтөбе қаласының қызымын. Қарабұтақ ауылына тұрмысқа шыққанмын. Кейін жолдасым қайтыс болған соң, осында келдім. Екі балам бар еді. Екеуі де жұмыс жасамайтын. Тұратын баспанамыз болған жоқ. Ет комбинатында шамалы уақыт жұмыс жасадым. Кейін ферроқорытпа зауытында жұмыс жасап жүргенімде көзіме зақым тиіп, көрмей қалды. Қарттар үйіне келген соң, екі рет көзіме ота жасалды. Квота арқылы ота тегін жасалды. Шүкір, қазір көзім шамалап көреді. Алпамыс екеуміз бірге тұрып жатырмыз. Қажетті заттарымызды өзіміз аламыз. Тоңазытқыш, теледидар сияқты қажетті заттардың барлығы бөлмемізде бар. Жағдайымыз жақсы.

    “Мәңгілік жар болуға уәде етіп ең...”
    Қарттар үйіне қилы тағдыр айдап келген жандардың көбісін өмірлік серіктері орта жолда жалғыз қалдырған. Интернатта өмір сүріп жатқанына жеті жылға жуықтаған Аманжол Әлімовты денсаулығы нашарлап, мүгедек боп қалған соң, әйелі тастап кетіпті.

    Қарттар үйінен қосағын тапқандар

    Аманжол Әлімов, 1-топтағы мүгедек:
    - 2010 жылдан бері осында тұрып жатырмын. Құрылыста жұмыс жасап жүргенімде үстіме бетон құлап, бел омыртқама зақым келді. Ота жасатқанмен, нәтиже болмады. Белден төмен қарай жұмыс жасамайды. Екі аяғым жүрмейді, жан жоқ. Содан әйелім менен бас тартты. Екі ұлым бар. Олар аналарымен бірге тұрып жатыр. Мен қайда барарымды білмедім. Таныстарым арқылы Құралай Бәйменова деген әйелмен сөйлесіп, жағдайды түсіндірдім. Ақтөбеде арнайы мүгедектерді бағатын үй болмаған соң, қарттар үйіне келдім. Бұл жақтағы қызметкерлер әйелімді бірнеше рет шақырып сөйлесті. Жағдайды түсіндірді. “Мүмкін әлі де болса татуласып, бірге тұрарсыздар” деп әйелімді көндіруге тырысты. Алайда әйелім райынан қайтпады. Мені қаламады, баққысы келмеді. Сол себепті осында тұрып жатырмын. Алты айдай қарттар үйінде тұрдым. Бірде Қостанайдағы апам хабарласып, мені өз қолына алып бағатынын айтты. Мен қуанып келістім. Құжаттарымды алып Қостанайға алып кетті. Ол жақта алты ай тұрдым. Уақыт өте жағдай өзгере бастады. Менің кесірімнен апамның шаңырағында ұрыс-керіс көп болды. Апам жолдасымен жиі кикілжіңге түсті. Мүгедек адамды бағу оларға да оңай болмады. Ақырында апам жолдасымен ажырасып кетті. Жағдайымыз қиындап, пәтер жағалып жүрген күндеріміз де болды. Көп ойланып, кейін қайтуды жөн көрдім. Содан Ақтөбеге қайтып келдім. Құжаттарды қайта дайындау үшін, бейімдеу орталығында уақытша тұрдым. Сол уақыт аралығында жолдасым Лилиямен таныстым. Бір жылдай жақын араласып жүрдік. Қазір бас қосқанымызға бір жарым жылдан асты. Мешітке барып неке қидырдық. Өзімізге арнайы бөлме берілді. Үй болғалы несиеге теледидар, тоңазытқыш алдым. Қазір бір-бірімізге қамқор боп, өмір кешіп жатырмыз,- дейді Аманжол Әлімов.
    Тағдырдың тайғақ кезінде Аманжолға кезіккен Лилия да өмір тауқыметін бір кісідей тартқан әйел. Денсаулығына байланысты интернатқа келген Лилия Аманжолға соншалықты бауыр басып кеткенін айтады.

    Лилия Шарипова, 2-топтағы мүгедек:
    - Ақтөбеде тұрдым. Жолдасым, бір қызым болды. Инсульт алып, сол жақ қол-аяғым жұмыс жасамай қалды. Төсекте жатып қалдым. Обалы не керек, күйеуім бағып-қақты. Бірақ, Хромтау жаққа іссапармен кетіп, жол апатына түсті. Сол жерде көз жұмды. Күйеуім қайтыс болған соң, біраз уақыт енемнің қолында тұрдым. Алғашқыда жағдайыма қарайлап жүргенімен, енем бір күні менен бас тартып, баққысы келмейтінін ашық айтты. Біреудің қызын қашанғы бақсын?! Оны да түсінуге болады. Өзімнің де іздейтін ешкімім болған жоқ. Барар жер, басар тауым қалмаған соң, қызымды Алға балалар үйіне тапсырып, өзім осында келдім. Интернатқа келген соң Аманжолмен бас қостық. Аманжолға бауыр басып кеткенім соншалық, бір жыл емес, он жылдан бері танитын секілдімін,- дейді әйел.

    “Әлемнің жарығын жұптасып көрейік”
    Қос жанарлары суалып, қартайған шақтарында көмекке мұқтаж боп қалған тағы бір жұп Қарттар үйінде бас қосыпты. Зина Домбаева мен Айтқали Мәдиевтің екеуі де зағип жан.

    Қарттар үйінен қосағын тапқандар

    Зина Домбаева, зейнеткер:
    - Ақтөбе қаласында тұрдым. Жеке дүкенде сатушы болдым. Бес жыл бұрын шалым қайтты. Шалым қайтқан соң, балам ауыра бастады. Эпилепсия болды. Баламның ауруы асқынып, қатты ауырды. Ауруханаға түсті. Ұлым сол ауруханада жатып көз жұмды. Мен осы қайғыны көтере алмадым. Денсаулығым нашарлап, әлсірей бастадым. Жалғыз қалдым. Көз жанарым көрмей, жарамсыз болдым. Бірде үйіме ұрлықшылар түсіп, үйімді тонап кетті. Сол жағдайдан соң үйде қала алмадым. Таныс дүкенші келіншектер қарттар үйіне әкелді. Қарттар үйіне келген соң квота арқылы көзіме ота жасалды. Қазір көзім көреді, кітап оқи аламын. Қарттар үйінде Айтқалимен таныстым. Екеуара келісіммен бас қостық. Екеуміз базарға барып тұрамыз. Қажетті азық-түлік алып келеміз. Бөлмемізде тамақ-шай ішіп, әңгімелесіп, теледидар қарап уақыт өткіземіз,- дейді Зина Домбаева.

    Зина Домбаеваның қарттар үйіндегі серігі Айтқали Мәдиев интернатқа1999 жылы келіпті. Балалары қайтыс болған соң, отбасын сақтап қала алмаған Айтқали Мәдиевтің осы жерге келуден басқа амалы қалмаған екен.

    - 1999 жылы қарттар үйіне келдім. Әйелім, екі балам болды. Балалаларым қайтыс болды. Кейін әйеліммен ажырасып кеттім. Отбасымды сақтап қала алмадым. Әр жерде жұмыс жасап жүрдім. Тұрмыс жағдайым болмады. Бір көзім көрмейді. Емдетуге келмеді. Қазір туған інім келіп тұрады. Зинамен бас қосқаныма жыл жарым уақыт болды. Уақытылы тамақ-шайымызды ішеміз. Жағдайымыз жасалған. Қартайған шағымызда бір-бірімізге тіреу болып, жалғыздықтан осылай қорғанып өмір кешудеміз,- дейді зағип кісі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қарттар үйіндегі қақтығыс
  • Қарттар үйінің 6 тұрғыны тіс протезін сыйға алды
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге