Ақтөбеліктер Жеңістің 72 жылдығын тойлады

    Ақтөбе халқы Жеңістің 72 жылдығын атап өтті. 9 мамыр күні "Қаһарман ұлт " шеруі ұйымдастырылды. Қолына Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының портретін ұстаған мыңдаған адам Әбілқайыр хан даңғылының бойымен жүріп өтті.

    Ақтөбе қаласында Жеңіс мерекесі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Адамзат тарихындағы сұрапыл соғысқа 122 мыңнан астам ақтөбелік алынды. Алайда олардың тең жартысы туған жерлеріне оралған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандардың ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала басшысы Ілияс Испанов пен бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан ата-бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.
    - Мен соғыс басталған кезде небәрі 10 жаста едім. Ырғыз ауданының бұрынғы Нұра ауылында колхозда еңбек еттік. Қырманда тары егіп, майданға жібердік. Жеңгелеріміз жүннен шұлық тоқыды. Аш-жалаңаш жүрсек те, аянбай еңбек еттік. Ендігі ұрпақ сұм соғысты көрмесін,-дейді 85 жастағы Сәуебек Жәңгіров.
    Мерекелік шара
    Ә. Молдағұлованың мемориалы мен ескерткіші жанында, Батырлар Алеясында жалғасты.

    "Қаһарман ұлт " шеруіне 20 мыңнан астам адам қатысты
    Осыдан соң Әбілқайыр хан даңғылынан бойында "Қаһарман ұлт " шеруі жүріп өтті. Салтанатты митингті алғашқы болып Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде әскерилер мінген “ГАЗ-67” автокөлігіне мінген ардагерлер бастады. Ақтөбе облысында қазір Екінші дүниежүзілік соғыстың 91 қатысушысы мен мүгедегі бар. Оның 77-і Ақтөбе қаласында тұрады. Бүгінде қатары сиреп қалған қариялар бейбіт өмірге жеткендеріне шүкіршілік етті.
    - Мен соғысқа 1942 жылы аттандым. Әйгілі Курск шайқасында болдым. Әке-шешем ашаршылықта қайтыс болғандықтан, балалар үйінде тәрбиеленген едім. Соғыс басталған кезде небәрі 19 жас-та болдым. Майданда байланысшы қызметін атқара жүріп, жеңіл жарақат та алдым. Сөйтіп, 1947 жылы елге оралдым. Қазір шүкір, 17 немерем мен 30-ға жуық шөберем бар, -дейді 93 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Өтеш Жалмағанбетов.

    “Қаһарман ұлт” шеруіне қатысушылар облыс әкімдігінен бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін жүріп өтті. Олар қан майданда от кешкен аталарының суреттері мен есімдері жазылған тақтайшаны қолдарына ұстады. Жол бойында соғыстың әр кезеңін бейнелейтін сахналандырылған қойылымдар көрсетілді. Шеруге барлығы 20 мыңға жуық ақтөбелік қатысты.
    - Атам Батырхан Жаңабаев соғысқа 1942 жылы шақырылған. Ресейдің Курск облысында Свопа, Лапухинка, Яковлевка елдімекендерін жаудан азат етуге қатысты. “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Елге оралғаннан кейін бригадир болып жұмыс істеді. 1957 жылы қайтыс болды. Атамыздың ерлігін мақтан етеміз. Бізге бейбіт өмір сыйлағаны үшін қарыздармыз,-дейді қала тұрғыны Индира Ізбасқан.
    Шеруге қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты әдеби-музыкалық композициямен қарсы алды. Ақтөбеліктер “Дала асханасында” жауынгерлік ботқаның дәмін татты. Майдан даласын еске салатын театрландырылған көрініс көрсетілді. Мұндай мерекелік шаралар қала саябақтары мен «Керуен сити» сауда ойын-сауық орталығында, Металлург мәдениет үйінде де болды. Ипподромда ат бәйгесі өткізіліп, мерекелік сауда ұйымдастырылды. Ал кешкілік ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында вальс кеші өткізілді. Ал А.Пушкин атындағы саябақта "Халықтық" "Рюкзак" бард клубының авторлық әндерінің кеші өтті. Мерекелік шара отшашуға ұласты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 28 мамыр – Ақтөбе қаласының күні
  • Ақтөбеліктер Жеңіс күнін тойлады
  • “Ата Заң - алтын Заң” мерекесі
  • Ақтөбе Жеңістің 70 жылдығын тойлады
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге