Ақтөбелік 101 атқыштар бригадасы қалай құрылды?

    Бұрын құпия боп келген мұрағат құжаттары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жарияланып жатыр. Соның бірі Ақтөбеде жасақталған 101 атқыштар бригадасына қатысты. Жергілікті бригада туралы бұрын еш жерде жарияланбаған құжаттар соғыс жылдарындағы Ақтөбе өмірінен сыр шертеді.

    “Керек.INFO” газетінің тілшісі мұрағат құжаттарын ақтарып, соғыс жылдарындағы Ақтөбе туралы мәліметтер тапты.

    Соғыс жылдарында қазақ жерінде екі ұлттық бригада құрылды
    1941 жылы 13 қарашадағы КСРО Қорғаныс Халық комитетінің бұйрығына сәйкес, Орта Азия әскери округі “100 және 101 атқыштар бригадасын құру туралы” қаулы шығарады. 100 атқыштар бригадасы Алматы қаласында құрылады. Ал 101 атқыштар бригадасы Ақтөбе қаласында жасақталады. 101 атқыштар бригадасының негізгі құрамы қазақтардан құралды.

    Екі күннің ішінде әскери командирлер бекітілді
    - Ұлттық бригаданы құру үшін облыстық комиссия құрылды. Оның төрағасы болып облыстық комитеттің хатшысы (қазіргі облыс әкімі – авт.) Комбаров тағайындалды. Комиссия екі күннің ішінде жеке батареялар мен ротаның командирлері саяси басшыларын бекіту керек болды, - дейді мұрағат қызметкері Сағыныш Төремұратова.
    101 атқыштар бригадасының алғашқы командирі болып Севастьян Яковленко, бригаданың комиссары болып Нұри Әлиев сайланды.

    Бригадаға азық-түлік пен киім жетіспеді
    Мұрағат құжаттарына сәйкес, бригаданың меншігіне 16 жүк және алты жеңіл көлік берілді. Сондай-ақ, 460 ат, 89 ер, 1089 тон, 1428 бас киім және басқа да мүлік жергілікті қордан бөлінді. Мұның бәрі бригада құрамында болған үш мыңнан аса адамға есептелген еді.

    101 атқыштар бригадасы №6 мектепте орналасты
    1941 жылы 11 желтоқсанда бригаданың жеке құрамы Ақтөбе қаласындағы №6 алғашқы қазақ мектебінің ғимаратында, сондай-ақ педагогикалық училище мен қазіргі Орталық базарға қарама-қарсы орналасқан ғимараттың ішінде орналасты. Бригада 1941 жылдың желтоқсан айының аяғында толығымен құрылып болады.

    Бригада құрамы қазақтардан құралды
    Ұлттық бригада деп айтқанмен, 100 және 101 атқыштар бригадасы тек қана қазақтардан құралмады. Олардың ішінде орыстар да, украиналықтар да, белорустар да болды.
    - 101 атқыштар бригадасы Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Батыс Қазақстан, Қызылорда облысының тұрғындарынан жасақталды. Құрылудың бастапқы кезінде бригада құрамында 3804 солдат пен командирлер болды,-дейді Сағыныш Төремұратова.
    Бригаданың ұлттық құрамы мынадай болған: қазақтар – 80%, орыстар – 10,1%, украиналықтар – 3,7%, өзбектер – 1,8%, өзге ұлттар – 4,1%. 1942 жылы мамыр айында бригада соңына дейін жасақталып болған соң оның саны 5 мың адамнан асты.
    Ал 100 атқыштар бригадасының 86%-ы қазақтар, 11%-ы орыстар, 3%-ы украиналықтар болды.

    Бригаданың дайындығын Ворошилов тексеріп кетті
    1942 жылы 7 наурызда 101 атқыштар бригадасы Оңтүстік Орал Әскери округінің құрамына енді. 1942 жылдың 1 қаңтарынан бастап бригаданың жеке құрамы әскери қимылдарға дайындық жүргізді. 1942 жылы 19 шілдеде резервтік бөлімдердің дайындығын тексеру мақсатында Кеңес Одағының Маршалы Климентий Ворошилов бригадаға жолығады. Ол бригаданың дайындығына “қанағаттанарлық” деген баға берді.

    “Марс” операциясы
    Екі бригада да 1942-1943 жылдары Ржев түбіндегі қантөгісті шайқасқа қатысты. Тверь облысында болған “Марс операциясы” кезінде қазақстандық жауынгерлердің 80%-ы қаза тапты. Бұл шайқасқа қатысты тарихшылардың пікірлері қарама-қайшы. Біреулері Ржев түбіндегі шайқастың арқасында Сталинград түбінде кеңес әскерлері жеңіске жетті деп есептейді. Екіншілері адам ресурсы босқа шығындалды деп ойлайды.

    Ақтөбеде төрт эвакуациялау госпиталі болды
    Мұрағат қызметкері Сағыныш Төремұратова соғыс жылдары Ақтөбе облысында төрт эвакуациялау госпиталі жасақталғанын айтты. Алға стациясында 400 орынды, Шалқар қаласында 300 орынды, Ақтөбе қаласында 500 орынды екі эвакуациялау госпиталі құрылды.
    Интернат, мектептер, қонақүйлер, ауруханалар, емханалар эвакуациялау госпиталінің қызметін атқарды.
    1941 жылы 3 қазанда Ақтөбеге Харьковтан сүйек туберкулезі балалар санаториясы көшірілді.

    Соғыс жылдарындағы Ақтөбенің баспасөзі
    Мұрағатта соғыс жылдарындағы облыстық газеттер сақталған. Сол кезде екі газет жүйелі түрде басылып шығатын. Біреуі қазақ тілінде – “Социалистік жол”, екіншісі орыс тілінде – “Актюбинская правда”. Басылым беттеріндегі негізгі үш тақырып – соғыс және оның барысы, жоспарды ұлғайту, жоспарды орындай алмағандардың сынға ұшырауы еді.

    Соғыс жылдарындағы бір де бір газеттен “жеңілді, ұтылды” деген сөздерді таппайсыз. Керісінше, кеңес әскерінің белгілі бір шайқаста жеңіске жеткендігі ғана тұрақты түрде жарияланды. Бұл түсінікті жайт. Бұл майдан мен тылдағы адамдардың рухын көтеру мақсатында жасалған саясат болатын.
    “Жоспарды асыра орындады”, “Жоспардан тыс үш жүз он екі тонна көмір берді”, “Мұнайды көп беру жолындағы күрестің нәтижесі” секілді тақырыптар газет бетінде жиі кездеседі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тазалық сақтамаған кәсіпкерлер айыппұл төлейді
  • Ақтөбе облысының құрылғанына 85 жыл!
  • “Ржев шайқасының қаһармандары” атты кітап жарық көрді
  • Санкт-Петербургтің ардагерлері Ақтөбеге келді
  • Марал Қаржауов туралы естелік
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге