Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады

    Ақтөбелік әнші Димаш Құдайбергенов "Славян базары-2015" байқауында ел намысын қорғайды. 21 жастағы жас әнші қазір Астана қаласында дайындығын пысықтап жатыр.

    Димаш Құдайбергенов - Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті. Қазір жазғы сессия кезі. Уақыт тапшы. Соған қарамастан Димаш дайындыққа уақыт тауып жатқанын айтты.

    - Емтихан кезі болғандықтан, уақыт тапшы болып тұрғаны рас. Сондықтан әзірге дайындығым мықты деп мақтана алмаймын. Дегенмен ұстазым, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Майра Дәулетбақованың тікелей жетекшілігімен байқауға барынша әзірленіп жүрмін,-дейді жас әнші.

    Димаш Құдайбергенов - жастығына қарамастан, бұған дейін де бірнеше халықаралық байқауда жеңімпаз атанып үлгерген әнші. Ол байқаудың алғашқы күні халық әні "Дайдидауды " орындайды. Ал ертеңіне орыс тіліндегі “Опять метель” атты әуенді әділқазылар алқасының назарына ұсынбақшы. Байқау шартына сәйкес, қатысушы әлемдік хит әнді де орындап шығуы керек. Димаш әзірше әлемдік хиттардың қайсын орындайтыны белгісіз.

    Димаш Құдайбергенов, жас әнші

    -Мен үшін Гран-При алу бас-ты міндет емес. Ең бастысы - халықтың және өзімнің көңілімнен шығатындай жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсету. Әзірге өзімнің жақсы өнер көрсететініме 70 пайыз сенімдімін. Әділқазылар алқасында танымал әншілер Лариса Долина мен Алла Пугачева болады деп естідім. Қатысушылардың да бірқатарымен сырттай таныспын. Бірнеше елден 30-ға жуық жас әнші қатысады екен. Барлығы да қатал іріктеуден өткендер. Яғни, олардың қай-қайсы да оңай қарсылас емес.

    Айта кетейік, "Славян базары" 9-13 маусым аралығында Витебск қаласында өтеді. Әншілер байқауына Ресей, Грузия, Сербия, Литва мен басқа да мемлекеттерден 20-ға жуық орындаушы қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ фестивальге Ирина Аллегрова, Тамара Гвердцители, Лев Лещенко, Валерий Леонтьев, Валерий Меладзе, Григорий Лепс, Әлішер Кәрімов, Александр Рыбак қонақ ретінде қатысуы мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бокстан Ақтөбе облысының құрамы анықталды
  • Ақтөбенің халқы әнші, композитор Батырхан Шүкеновпен қоштасты
  • Батырхан Шүкенов қайтыс болды
  • Ақтөбеліктер Батырхан Шүкеновті еске алады
  • Әлия Әшім – “Қазақ Аруы-2015“ байқауының жеңімпазы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге