Ақтөбеде Ораза қарсаңында жаңа мешіт ашылды

    Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбедегі Жаңақоныс ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Құрылысы 3 жыл бұрын басталған нысанды ауыл тұрғындары асарлатып салған.

    “Бақытжан ата” мешітінің құрылысына демеушілер ғана емес, ауыл тұрғындары да жәрдемдескен. Бірі қаржылай көмектессе, енді бірі қол көмектерін аямаған. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ел игілігіне берілген мешітке тәулігіне 700 адам келіп, құлшылық ете алады.

    - Қасиетті айдың қарсаңында Жаңа қоныс ауылынан жаңа мешіт ашылып, ел мұсылмандарына пайдалануға беріліп отыр. Бұл ауылда діни басқармаға қарасты көне мешіт болған.Ол 100 адамға ғана арналған, шағын мешіт болатын. Яғни, бұған дейін басқа ғимарат мешіт ретінде қолданылып келген. Енді ескі мешіт өз қызметін тоқтатады. Жаңа мешітке 700 адам сияды. Әйел адамдарға жеке намазхана қарастырылған. Дәрісхана, күзетшіге арналған бөлме де бар. Шариғат-түсіндірме айтатын, құран оқитын және неке қиятын зал жасақталған. Бұл мешіт енді мұсылман жамағатының басын қосатын рухани орталыққа айналады деген үміт бар, -дейді облыстың бас имамы Төлеби Оспан.

    Жаңа мешітте 2 діни қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта сауат ашу курсы да ашылмақ. Мешіттің ашылуына ұйытқы болған ауыл ақсақалы Сағынай Құсайынов құрылыс жұмыстарына көмектескендерге алғысын айтты.

    -Мешітті ауыл тұрғындарының, жамағаттың сұрауы бойынша салдық. Халықтың өзі қолдап, көмек көрсетті. Бірі ақшалай, бірі мүліктей көмектесті. Жаз бойы құрылысшыларға тамақ берген қариялар да болды. Бірақ бірде-бірі жалақы сұраған жоқ, сауап үшін жасады. Студент қыз-жігіттер де келіп, мешітті сырлау-майлау жұмыстарына көмектесті. Оларды ешкім әдейілеп шақырған да жоқ. Тіпті, Атырау, Ақтау, Оралдан келіп, қаржылай көмектескендер де болды. Бәрі халықтың арқасында жасалды, сол үшін көп рахмет. Ешқандай кедергі де болған жоқ. Қолдау көрсеткендері үшін облыс, қала басшыларына да алғысым шексіз,-дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

    Мешіттің ашылу рәсіміне еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиналды. Шара басында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, құттықтау сөздер айтылды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин мен облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов Рамазан айымен құттықтап, құрылыс жұмыстарына ат салысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Ауыл жастарының арасында қол күресінен, қазақша күрестен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мешітте жұма уағызы айтылып, оразаның пайдасы туралы үгіт-насихат айтылды. Соңыра шара қатысушыларына дастархан жайылып, қонақасы берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Рамазан айы басталды
  • Орталық мешіттің имамы ауысты
  • Белгілі тележүргізуші анасын мешіт имамының қорқытып жүргенін мәлімдеді
  • Ақтөбеде “Нұр-Ғасыр” мешітін сотқа берген үш азамат талап-арыздан бастартты
  • Ақтөбеде 100 отбасыға көмек көрсетілді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге