Ақтөбеде алғаш рет жас музыканттар мен әртістердің шеруі өтті.

    1 маусым балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облысының әкімшілік ғимаратынын алдында мерекелік шеру өтті. Ақтөбеде алғаш рет өткен мұндай көлемді мерекелік шара қала тұрғындарының көңілінен шықты.

    Мерекелік шеруге 2200 оқушылар мен студенттер қатысты. Мерекенің ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үздік оқыған мектеп оқушыларына, Республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, шығармашылық, түрлі конкурстардың жүлдегерлеріне Орынбор қаласындағы “Солнечная страна” оқыту-сауықтыру орталығына жолдама берді.

    Сәуле Өмірбекова, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы:
    - 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік шеру өтті. Мерекелік шеруге 2200 оқушылар, студенттер қатысты. Облыстық мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар, спорттық және музыкалық ұжымдар қатысуда. Облыстық 23 мектептен оқушылар, 6 колледжден студенттер қатысты.

    Ақтөбе қаласынан бөлек Қарғалы, Мәртөк, Алға аудандарынан оқушыларымыз бар. Шеруге оқушылар мен студенттер қараша айынан бастап дайындалған. Республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, шығармашылық, түрлі конурстардың 20 жүлдегері облыс әкімінің қолынан Орынбор қаласындағы “Солнечная страна” оқыту-сауықтыру орталығына жолдама алды. Демалыс уақыты 2 апта. Мерекелік шеру орталық стадионы алдында концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

    Шерудің мақсаты Жалпы ұлттық “Мәңгілік Ел” идеясын іске асыру және балалар мен жастарымызға рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

    “ҚАЛА БАСШЫЛЫҒЫНА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ”
    Шеруге жиналған ақтөбеліктер қала әкімі Ілияс Испановтың атына жылы сөздерін арнады.

    Айжан Бақытова, оқушы:
    - Қарғалы ауданы, Бадамша ауылынан келдім. Балалар күні мерекесі тамаша өтуде. Мен облыс әкімі Бердібек ағаның қолынан Орынбор қаласындағы “Солнечная страна” демалыс лагеріне жолдама алдым. Жолдаманы республикалық, облыстық, халықаралық, қалалық конкурстардан жүлделі орын алғаным үшін берді. Би байқауынан бірнеше орындар алып жүрмін. Жолдама алғаныма өте қатты қуанып тұрмын.

    Анастасия Рахматуллина, оқушы:
    - 6-сыныпта оқимын. Баларларды қорғау мейрамы күні құтты болсын. Барша балаларды мейрамдарымен құттықтаймын.
    Оқуды жақсы бағамен оқимын. Мәнерлеп оқу маған қатты ұнайды. Республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалардан бірінші орын алдым. Орынбор қаласындағы «Солнечная страна» демалыс лагеріне облыс әкімінің қолынан жолдама алдым. Қуанышымда шек жоқ.
    Балаларға айтарым сендер де оқуды жақсы оқып, түрлі олимпиадаларға қатысып жүлделеі орын алындар.

    Жайшылық Ізбаева, зейнеткер:
    - Жаңақоныс ауданында тұрамын. Мамандығым ұстаз. 35 жыл Шалқар ауданында ұстаздық қызмет атқардым. Қазір жасым 72де. Зейнетке шығып, үйде немерелерімді бағып отырмын. Болып жатқан мереке өте көңілді жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұрын сонды бұндай мерекелік шеру болған емес. Осындай үлкен шараға балалрды дайындауды ұстаздардың еңбегі зор деп білемін. Ұстаздар қауымына рахмет. Мерекелік шеруге немерелерімді алып келіп отырмын. Немерелерім 21орта мектепте оқиды. Оқу озаттары. Немерелерім қуанып мәз болып жүр. Балалар мерекесі баршамызға құтты болсын. Балаларымыз аман болсын. Бақытты әжемін, 13 немерем, 2 шөберем бар. Ақтөбе басшылығы бүгін біздерге керемет көңіл-күй сыйлап отыр. Ел азаматтарына алғысымыз шексіз. Біз сияқты әжелер үшін балаларының бақытты болғанынан артық қуаныш жоқ қой.

    Батима Айтбаева, рухани адамгершілік өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі:
    - Қазіргі балалар бейбіт заманның бақытты ұрпақтары деп айта аламын. Мемлекетіміз балалардың жарқын болашағы үшін көптеген білім ошақтарын салып бар жағдай жасауда. Елбасымыздың 2020 бағдарламасында айтылғандай мектепке дейінгі барлық балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жүріп жатыр. Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шеру өтуде. Қалалық, облыстық білім беру мекемелерінен екі мыңнан аса оқушылар мен жастарымыз мерекелік шеруге қатысты. Мерекелік шеру жоғары деңгейде өтіп жатыр.

    Баян, қала қонағы:
    - Соңғы уақытта Ақтөбеде оң өзгерістер болып жатыр. Бұрынғы Ақтөбемен мүлдем салыстыру келмейді. Сүйікті қаламыздың басшысына білікті азаматтар келді. Солардың жаңашылдығы мен еңбексүйгіштігі қуантады.

    Балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі Халықаралық балалар күніне арналған “Нұрлы болашақ” жалпықазақстандық акцияның бір бөлігі. Осыған ұқсас шерулер бір уақытта еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар Алматы мен Астана қалаларында өтті. Ақтөбеде өткен шеру соңында барлық қатысушыларға тегін балмұздақтар берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде алғаш рет жас музыканттар мен әртістердің шеруі өтті
  • Ақтөбеде балаларды қорғау күні тойланады
  • Ақтөбеде Президент шыршасы өтті
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • Ақтөбелік ардагерлер Астанадағы шеруге қатысады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге