Тарихтан бір дерек

    Тарихтан бір дерек

    Ақтөбе өңірінде шыққан ең алғашқы газет орыс тілінде болған. 1913 – 1915 жылдар арасында "Актюбинский городской вестник" газеті жарыққа шықты.

    Ал халыққа қазақ тілінде тараған алғашқы газет – "Кедей". Бірінші нөмірі сонау 1924 жылдың 7 маусымында жарық көрді. Аты айтып тұрғандай бұл басылым кедейлердің мұң-мұқтажын жоқтап, қараңғы елдің сауатын ашуға тырысты. Ол заманда хат танитын қазақтар саны аз болатын. Сондықтан бұл газетті кеңінен таратуға мүмкіндік те аз еді. Ең басында екі ғана беттен тұратын алғашқы нөмірінің тиражы 600 болған. Ал кейінгі нөмірлері 2500-3000 данамен таралды.
    Бұл газет 1930 жылға дейін араб, кейінгі екі жылды латын әріптерімен жазған. 1942 жылдан бастап кирилицаға ауысты. Бүгінде Ақтөбе облысы мемлекеттік мұрағатында бұл газеттің 1928-29 жылдары шыққан нөмірлері сақтаулы. Мұнда профессор Құдайберген Жұбановтың латын әліпбиіне көшу туралы мақаласын байқауға болады.
    Артынша "Кедей" өз атауын "Алғаға" ауыстырып тастады. 1932 жылы Ақтөбе облысы құрылып, "Алғаның" орнына "Социалдық жол" (кейіннен "Социалистік жол") газеті пайда болды. Бұл газет тәуелсіздік алғанға дейін де бірнеше рет атауын өзгертіп үлгерді – "Батыс Қазақстан" (1962—1965), "Коммунизм жолы" (1965—1990).
    Жалпы, Ақтөбе халқы газеттерден кенде болмаған. Қазақша басылымдардан бөлек әр уақытта "Степная правда", "Киргизская степь" және "Актюбинская правда" сынды орысша газеттер жарияланды.
    Бүгінде бұл басылымдардың басым көпшілігі Ақтөбе облысы мемлекеттік мұрағатта сақтаулы. Мұнда Владимир Лениннің өмірден озғаны немесе ҰОС жеңістен соң И.Сталиннің халыққа үндеуі сынды тарихи оқиғалар бар.
    - Мұрағаттағы кей газеттердің табылу оқиғалары қызық. Мысалы, мұрағатқа әкелінген бір құжат ескі газетке оралып тұрған екен. Мұны мұрағатшылар байқап қалып, бір-біріне желімдеп жабыстырған. Сөйтсе, бұл соғыс жылдарына дейін шыққан "Степная правда" болып шықты. Бүгінде осы газеттер тарихи дерек ретінде сақтаулы тұр, - дейді Ақтөбе облысы мемлекеттік мұрағатта "Құжаттарды пайдалану мен жариялау" тобының басшысы Бақытгүл Ешмұратова.

    Эфирге бір сағат қана шыққан телеарна
    Ақтөбеде телеарна тұңғыш рет 1960 жылы 29 қазанда ашылған. Ол кезде тележурналистика толық қалыптасып үлгермеген. Көбіне актерлер жұмыс істеді. Сондықтан эфир уақытын спектакль мен концерттер жабатын еді. Ал телеарнаның өзі драма театрдың ішінде орналасқан. Эфирге берілетін уақыт – бір ғана сағат. Кешкі бестен алтыға дейінгі уақыт ішінде олар жаңалықтар көрсетіп, спектакль қойып үлгеретін. Бәрі де – тікелей эфирде.
    70 жылдары телебағдарламалар бой ала бастады. Редакциялар пайда болып, режиссерлер көбейді. Нәтижесінде 80 жылдары "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасында 18 редакция қызмет атқарды. Мысалы, ауыл шаруашылығы, балалар, жастар, саясат сынды редакциялар болды. Олардың әрқайсысы бір-бірінің жұмысына араласпайтын.
    Бүгінде "Қазақстан-Ақтөбе" арнасында аға режиссер болып жұмыс істейтін Гүлсім Омарқызы қызмет жолын 1982 жылы бастаған. Ол телеарнаға кездейсоқ келгенін айтады.
    - Құдашам дикторлық конкурсқа қатысамын деген, мен соған еріп бардым. Сонда қазақ тілінде машинкада тере алатын адам іздеп жатыр екен. Ол кезде қазақша жаза алатындар көп емес. Сөйтіп, аяқ астынан осы жұмысқа орналасып, қолмен жазылған сценарийді машинкада терумен айналыстым. Басында машинканың не екенін де білмейтін едім, кейін, әйтеуір, үйреніп алдым. Бір жылдай сонда жұмыс істеп жүрдім де, кейін режиссердің көмекшісі болып ауыс-
    тым, - дейді Гүлсім Омарқызы.
    Режиссер ол кездегі телеарнаны қазіргімен салыстыруға да келмейтінін айтады. 80 жылдары ақтөбелік телеарна өзіне берілген бір сағатты тікелей эфирде өткізетін. Ол кезде алдын ала жазып қойып, уақыты келгенде эфирге шығара салу деген жоқ. Тіпті, 40-50 адамнан тұратын оркестрлер студияға келіп, тікелей эфирде концерт қоятын.
    Ол кезде шыққан жаңалықтар топтамасы да бөлек әңгіме. Алдын ала репетиция жүргізілмесе, жаңалықтар эфирге жіберілмейтін. Одан бөлек, әкімшіліктен келетін цензура бар. Арнайы топ әр жаңалықты оқып шығып, солардың келісімінен соң ғана ол эфирге шығатын. Барлық бағдарламалар да арнайы бақылаушылардың назарында болған.
    Ол кездері қозғалмалы телевизиялық студия бар еді. Төрт-бес бөлмеден тұратын үлкен көлікке түгел редакция сыяды. Сол арқылы олар аудандарға іссапармен барып, сюжеттер түсіретін.
    1994-95 жылдарға дейінгі ақтөбелік телеарнаның тағдыры осындай. Кейін ғана олар бөлек телеарна атанып, күніне 14 сағат эфирге шығатын болды. Жарнамалар қабылдап, ішкі кіріс те пайда бола бастады. Түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, журналистері жүлделер алып жүр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік 101 атқыштар бригадасы қалай құрылды?
  • Ақтөбе облысының құрылғанына 85 жыл!
  • Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең кедей облыс деп танылды
  • Қанат Исламның жекпе-жегін “Қазақстан” телеарнасы көрсетеді
  • Гүлбаршын Аққатова: Ұрпақтар сабақтастығы үзілмегені дұрыс!
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге