“Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”


    “Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”

    Азамат Әбілқайыр – Ақтөбенің ат төбеліндей ғана жас ақындарының бірі. Сирек жазады. Бірақ жазғандары ойыңдағыны дөп басады. Әлдебіреулердей өлеңіне жалған пафос, дабыра қоспайды. Таза. Мөлдір. Анық. Сонысымен құнды, сонысымен әдемі. Оқырманды өлең оқуға шақырамыз! Келіңіз, бірге оқиық...

    Әңгімесін айтайық ауыл жақтың,
    Төбемізде тұрғанда мамырлап күн.
    Бөрте жусан, қарт дала, кедір дөңді,
    Сағыныппын, аңсаппын, дамылдаппын...
    Әңгімесін айтсаңшы ауыл жақтың.

    Жағасында Ойылдың шағын ел тұр,
    Кекіліңді жазында шаңы желпір.
    Сол ауылда күйкентай тірлік кешкен,
    Аман ба екен сары шал, сары кемпір?

    Еліктіріп, елітіп бізді ескі үміт,
    Қозы, лақтың дауысы түзге естіліп,
    Біздің жаққа кешігіп құс келетін,
    Қанатына көктемді мінгестіріп.

    Қырларында шырқалып қызғалдақ ән,
    Қайран ауыл жазында көзді арбаған.
    Жазды күні анамыз қыстан қалған,
    Асушы еді сүр етін бізге арнаған.

    Туған ауыл жанымның аңсарым ең,
    Күз жеткенде жайнайтын бар сәнімен.
    Қырау қатқан шелегін қолына алып,
    Анам сиыр сауатын таңсәріден.

    Шіркін, біздің әкелер салған дүбір,
    Аңыз болып тарайтын жалғанда бір...
    Біздің әкей мылтығын иыққа асып
    Аңға шығып кететін болғанда іңір.

    Жалған, сені қайтейін мыңды арбаған.
    Қол бұлғайды өткен күн, жылдар маған,
    Менің қошқар сақамдай жоғалдың ба,
    Қайран мұңсыз күндерім құмға аунаған?

    Өткен күнді түсірсем есіме бір,
    Неге босай береді осы көңіл?
    Қақпан-бауын сүйреткен әкем ұқсап
    Қайда кетіп барасың есіл өмір...

    “Ойылға көктем кеш келуші еді...”
    Келсе де мейлі жаңаша дәуір
    Ауыл деп жанар маздаған жырым!
    Қайран да, қайран қараша ауыл
    Сенсің ғой менің аздаған мұңым!

    Шапағын күнім қырға анық шашып
    Баба белдерді дос көруші еді.
    Ата қаздардай ырғалып басып
    Ойылға көктем кеш келуші еді...

    Кезекпен үйлер мал бағатынбыз,
    Ауыл шетіне мал басын жиып.
    Асық ойнауға қамданатынбыз
    Қошқар сақаға қорғасын құйып.

    Анау ауыл жақтан "көшіміз" жетіп
    Қаламыз сосын "қылышқа" жарып.
    Ләңгі тебуші ек есіміз кетіп.
    Талқанды шайнап уыстап алып.

    Мылтық қып қолға сынба ағаш алып,
    Ауызбен айтып атқылайтынбыз.
    Қағаз қайықты жылғаға салып
    Соңынан мәз боп шапқылайтынбыз.

    Бөлетін көршім бар дауысыменен
    Төлдерді таңда жамырап жатқан.
    Ғасырлар бойы мал даусыменен
    Қазақтың таңы маңырап атқан!

    Алғашқы ақты нәрі санаған
    Және де соған сенетін еді.
    Сиырлар туса тары сап анам
    Уызын бізге беретін еді.

    Сөз еститінбіз айылсыз,дымсыз
    Көршінің мініп жуас аттарын.
    Өмір кешетін уайымсыз,мұңсыз
    Сағындым сені бұла шақтарым!

    Шапағын күнім қырға анық шашып
    Баба белдерді дос көруші еді.
    Ата қаздардай ырғалып басып
    Ойылға көктем кеш келуші еді...

    “Жүрегің сенің – тайғанақ тұғыр...”
    Мен бәрін солай кешіргім келген,
    Ұмытқым келген дәл солай.
    Өзіңе деген өшімді жеңгем,
    Өзіңді мүлдем аңсамай.

    Өлеңді мына "боз қайғым" дегем,
    Жырым деп білгем бес күнді.
    Мен енді өлең жазбаймын дегем
    Сүймеймін дегем ешкімді!

    Мұңы болдың ба бақыттың жаным,
    Жалғанға мына сенем бе?
    Өзіңмен өткен уақыттың бәрін,
    Айырбастар ем өлеңге!

    Қиын ғой жаным керексіз болу,
    Оңай деп пе ең не жалғыздық?
    Қиын ғой жаным керексіз болу,
    Жапырақтардай әр күздік!

    Жүрегің сенің тайғанақ тұғыр,
    Құлағаныма кектенем!
    Ал қазір сені ойламақ түгіл
    Сағынған сайын жек көрем!

    Ойларым енді мазалар қанша?
    Жанымның аппақ аспаны ең.
    Опасыздарды жазалар болса
    Өлтіріп сені тастар ем!

    Жаным!
    Сенсің жаным...
    Мұңаясың жанарыңды моншақ қып,
    бір өзіңде мен іздеген мың шаттық.
    Өкіндірген өкініштер өткінші,
    қуаныштың барлығы да бір сәттік!

    Сен аңсасаң бөтен самал, басқа леп,
    соның бәрі тіреледі жасқа кеп.
    Саған жазған жырларымды басқа қыз
    армандайды маған арнап жазса деп.

    Махаббатты жоқ десе де бар әлем
    ал мен сені бақытыма балап ем.
    Тағдырымның тәттілігін сездірген
    Сенсің, жаным, содан кейін қара өлең!

    Жалықсам да мына жарық бес күннен,
    сенен, күнім, жалықпайм деп шештім мен.
    Саған ешкім жетпейтіні белгілі
    мені жаным, салыстырма ешкіммен!

    Мұңаясың жанарыңды моншақ қып,
    бір өзіңде мен іздеген мың шаттық.
    Өкіндірген өкініштер өткінші
    қуаныштың барлығы да бір сәттік.

    Сағыныш
    Жабығып жүрмін, жалығып жүрмін бәрінен,
    Жаралы болған жалғыздығымның жарығы ең...
    Мұнарлы мұңмен, манаурап көктен жыл құсын,
    Қарсы алдым жалғыз тағы мен.

    Сағындым сені, сағындым сені, сен күнім!
    Жылуын қимас жалған да мені жеңді мұң.
    Балқадишасы бұйырмай кеткен кешегі,
    Ақан серідей шерлімін!

    Сүйдірдің, сүйдім, ұнаттың мен де ұнағам,
    Жырақ та қалған жүрегім енді жүр аман.
    ...Жалғанда мүмкін сағынып, аңсап жүретін
    Керек те шығар бір адам.
    Әлсіздік
    Жаным-ау, сен өзгенің бағымысың?
    Бір сынақтың біздерге болуы шын.
    Кінәңнің, айыбыңның бәрін кешкем,
    Сен менің өмірімде қалу үшін.

    Аңсармын, сағынармын, жалығармын,
    Өмірі осындай-ау соры бардың.
    Дәл сендей жақынымнан алданған соң,
    Ешкімге шын сенбейтін болып алдым.

    Ақын ем ширатылған шерден мұңы,
    Ақынның ардан кетсе өлгендігі!
    Мендегі пенделікті сағынарсың,
    Сол жанның жамандығын көрген күні.

    Бір сәтте жат болды ма мына қалпым?
    Осылай екеумізді сынады әр күн.
    Басқаңа айырбастап кеткендігің
    Ол сенің әлсіздігің шығар бәлкім..
    Қандай жақсы...
    Күрсініспен көп өткен түндерді аяп,
    өкінішпен көп өткен күндерді аяп,
    Сағынышпен сарғайып сурет салам,
    Жалғыздықтың жанарын мұңмен бояп.

    Әлеміңді бақытқа бөлегің кеп,
    Бір шуақты тағдырға сенемін деп,
    Өкісігіңді баса алмай жаттың талай,
    Өзгелерді өзімдей көремін деп.

    Сылтау етіп қайтесің ел сыбырын.
    Өзгеге емес өзіме сенші, күнім!
    Сүю деген - кім білген, сүйгеніңнің
    Білмеу шығар, білсең де кемшілігін!..

    Айтар әнін ұмытып мол бағымыз.
    Көктем болған бір кезде жолдағы күз...
    Бәрі "ақылды" боп кеткен бұ ғасырда,
    Қандай жақсы ақымақ болғанымыз.

    “Жалғандығын жақсы көрем...”
    Бізді түбі шауып түсер қайқы-өлім.
    Елеңдеймін, құтылудың айт емін.
    Күндері бар өміріме өкпем жоқ,
    Өмірі жоқ күндерімді қайтемін?!

    Арпалыстым, айтаққа ердім, алқындым,
    Көңіл қалып бәрінен де тартындым.
    Арзандатып алғандаймын құнымды,
    Көңіліне қараймын деп әркімнің.

    Сұм Батыраш шығатындай тыстан бір,
    Абайлаймын жасар сәтте істі әрбір.
    Ал мен олай сақтанбасам жолдас пен,
    Айналамда шалуға әзір дұшпан жүр.

    Озғанымды қаламайды сондағы,
    Шәуілдейді бұралқыдай жолдағы.
    Жер бетінде мені күндеп жүргендер,
    Жердің астын қызғанбаса болғаны.

    Амалымның болмай кейде амалы,
    Бөстім талай өзіме оның обалы.
    Бұл өмірді қанша жалған десек те,
    Шыншыл болып жүргеніміз шамалы.

    Біреуге аяр, ал біреуге арманмын.
    Кей жандардың дұшпаны екем аңғардым.
    Аузым күйіп алдансам да неге мен
    Жалғандығын жақсы көрем жалғанның?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қоштаспайықшы екеуміз...
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • ҚАРЫЗ
  • ҰР ТОҚПАҚ
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

“Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”


“Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”

Азамат Әбілқайыр – Ақтөбенің ат төбеліндей ғана жас ақындарының бірі. Сирек жазады. Бірақ жазғандары ойыңдағыны дөп басады. Әлдебіреулердей өлеңіне жалған пафос, дабыра қоспайды. Таза. Мөлдір. Анық. Сонысымен құнды, сонысымен әдемі. Оқырманды өлең оқуға шақырамыз! Келіңіз, бірге оқиық...

Әңгімесін айтайық ауыл жақтың,
Төбемізде тұрғанда мамырлап күн.
Бөрте жусан, қарт дала, кедір дөңді,
Сағыныппын, аңсаппын, дамылдаппын...
Әңгімесін айтсаңшы ауыл жақтың.

Жағасында Ойылдың шағын ел тұр,
Кекіліңді жазында шаңы желпір.
Сол ауылда күйкентай тірлік кешкен,
Аман ба екен сары шал, сары кемпір?

Еліктіріп, елітіп бізді ескі үміт,
Қозы, лақтың дауысы түзге естіліп,
Біздің жаққа кешігіп құс келетін,
Қанатына көктемді мінгестіріп.

Қырларында шырқалып қызғалдақ ән,
Қайран ауыл жазында көзді арбаған.
Жазды күні анамыз қыстан қалған,
Асушы еді сүр етін бізге арнаған.

Туған ауыл жанымның аңсарым ең,
Күз жеткенде жайнайтын бар сәнімен.
Қырау қатқан шелегін қолына алып,
Анам сиыр сауатын таңсәріден.

Шіркін, біздің әкелер салған дүбір,
Аңыз болып тарайтын жалғанда бір...
Біздің әкей мылтығын иыққа асып
Аңға шығып кететін болғанда іңір.

Жалған, сені қайтейін мыңды арбаған.
Қол бұлғайды өткен күн, жылдар маған,
Менің қошқар сақамдай жоғалдың ба,
Қайран мұңсыз күндерім құмға аунаған?

Өткен күнді түсірсем есіме бір,
Неге босай береді осы көңіл?
Қақпан-бауын сүйреткен әкем ұқсап
Қайда кетіп барасың есіл өмір...

“Ойылға көктем кеш келуші еді...”
Келсе де мейлі жаңаша дәуір
Ауыл деп жанар маздаған жырым!
Қайран да, қайран қараша ауыл
Сенсің ғой менің аздаған мұңым!

Шапағын күнім қырға анық шашып
Баба белдерді дос көруші еді.
Ата қаздардай ырғалып басып
Ойылға көктем кеш келуші еді...

Кезекпен үйлер мал бағатынбыз,
Ауыл шетіне мал басын жиып.
Асық ойнауға қамданатынбыз
Қошқар сақаға қорғасын құйып.

Анау ауыл жақтан "көшіміз" жетіп
Қаламыз сосын "қылышқа" жарып.
Ләңгі тебуші ек есіміз кетіп.
Талқанды шайнап уыстап алып.

Мылтық қып қолға сынба ағаш алып,
Ауызбен айтып атқылайтынбыз.
Қағаз қайықты жылғаға салып
Соңынан мәз боп шапқылайтынбыз.

Бөлетін көршім бар дауысыменен
Төлдерді таңда жамырап жатқан.
Ғасырлар бойы мал даусыменен
Қазақтың таңы маңырап атқан!

Алғашқы ақты нәрі санаған
Және де соған сенетін еді.
Сиырлар туса тары сап анам
Уызын бізге беретін еді.

Сөз еститінбіз айылсыз,дымсыз
Көршінің мініп жуас аттарын.
Өмір кешетін уайымсыз,мұңсыз
Сағындым сені бұла шақтарым!

Шапағын күнім қырға анық шашып
Баба белдерді дос көруші еді.
Ата қаздардай ырғалып басып
Ойылға көктем кеш келуші еді...

“Жүрегің сенің – тайғанақ тұғыр...”
Мен бәрін солай кешіргім келген,
Ұмытқым келген дәл солай.
Өзіңе деген өшімді жеңгем,
Өзіңді мүлдем аңсамай.

Өлеңді мына "боз қайғым" дегем,
Жырым деп білгем бес күнді.
Мен енді өлең жазбаймын дегем
Сүймеймін дегем ешкімді!

Мұңы болдың ба бақыттың жаным,
Жалғанға мына сенем бе?
Өзіңмен өткен уақыттың бәрін,
Айырбастар ем өлеңге!

Қиын ғой жаным керексіз болу,
Оңай деп пе ең не жалғыздық?
Қиын ғой жаным керексіз болу,
Жапырақтардай әр күздік!

Жүрегің сенің тайғанақ тұғыр,
Құлағаныма кектенем!
Ал қазір сені ойламақ түгіл
Сағынған сайын жек көрем!

Ойларым енді мазалар қанша?
Жанымның аппақ аспаны ең.
Опасыздарды жазалар болса
Өлтіріп сені тастар ем!

Жаным!
Сенсің жаным...
Мұңаясың жанарыңды моншақ қып,
бір өзіңде мен іздеген мың шаттық.
Өкіндірген өкініштер өткінші,
қуаныштың барлығы да бір сәттік!

Сен аңсасаң бөтен самал, басқа леп,
соның бәрі тіреледі жасқа кеп.
Саған жазған жырларымды басқа қыз
армандайды маған арнап жазса деп.

Махаббатты жоқ десе де бар әлем
ал мен сені бақытыма балап ем.
Тағдырымның тәттілігін сездірген
Сенсің, жаным, содан кейін қара өлең!

Жалықсам да мына жарық бес күннен,
сенен, күнім, жалықпайм деп шештім мен.
Саған ешкім жетпейтіні белгілі
мені жаным, салыстырма ешкіммен!

Мұңаясың жанарыңды моншақ қып,
бір өзіңде мен іздеген мың шаттық.
Өкіндірген өкініштер өткінші
қуаныштың барлығы да бір сәттік.

Сағыныш
Жабығып жүрмін, жалығып жүрмін бәрінен,
Жаралы болған жалғыздығымның жарығы ең...
Мұнарлы мұңмен, манаурап көктен жыл құсын,
Қарсы алдым жалғыз тағы мен.

Сағындым сені, сағындым сені, сен күнім!
Жылуын қимас жалған да мені жеңді мұң.
Балқадишасы бұйырмай кеткен кешегі,
Ақан серідей шерлімін!

Сүйдірдің, сүйдім, ұнаттың мен де ұнағам,
Жырақ та қалған жүрегім енді жүр аман.
...Жалғанда мүмкін сағынып, аңсап жүретін
Керек те шығар бір адам.
Әлсіздік
Жаным-ау, сен өзгенің бағымысың?
Бір сынақтың біздерге болуы шын.
Кінәңнің, айыбыңның бәрін кешкем,
Сен менің өмірімде қалу үшін.

Аңсармын, сағынармын, жалығармын,
Өмірі осындай-ау соры бардың.
Дәл сендей жақынымнан алданған соң,
Ешкімге шын сенбейтін болып алдым.

Ақын ем ширатылған шерден мұңы,
Ақынның ардан кетсе өлгендігі!
Мендегі пенделікті сағынарсың,
Сол жанның жамандығын көрген күні.

Бір сәтте жат болды ма мына қалпым?
Осылай екеумізді сынады әр күн.
Басқаңа айырбастап кеткендігің
Ол сенің әлсіздігің шығар бәлкім..
Қандай жақсы...
Күрсініспен көп өткен түндерді аяп,
өкінішпен көп өткен күндерді аяп,
Сағынышпен сарғайып сурет салам,
Жалғыздықтың жанарын мұңмен бояп.

Әлеміңді бақытқа бөлегің кеп,
Бір шуақты тағдырға сенемін деп,
Өкісігіңді баса алмай жаттың талай,
Өзгелерді өзімдей көремін деп.

Сылтау етіп қайтесің ел сыбырын.
Өзгеге емес өзіме сенші, күнім!
Сүю деген - кім білген, сүйгеніңнің
Білмеу шығар, білсең де кемшілігін!..

Айтар әнін ұмытып мол бағымыз.
Көктем болған бір кезде жолдағы күз...
Бәрі "ақылды" боп кеткен бұ ғасырда,
Қандай жақсы ақымақ болғанымыз.

“Жалғандығын жақсы көрем...”
Бізді түбі шауып түсер қайқы-өлім.
Елеңдеймін, құтылудың айт емін.
Күндері бар өміріме өкпем жоқ,
Өмірі жоқ күндерімді қайтемін?!

Арпалыстым, айтаққа ердім, алқындым,
Көңіл қалып бәрінен де тартындым.
Арзандатып алғандаймын құнымды,
Көңіліне қараймын деп әркімнің.

Сұм Батыраш шығатындай тыстан бір,
Абайлаймын жасар сәтте істі әрбір.
Ал мен олай сақтанбасам жолдас пен,
Айналамда шалуға әзір дұшпан жүр.

Озғанымды қаламайды сондағы,
Шәуілдейді бұралқыдай жолдағы.
Жер бетінде мені күндеп жүргендер,
Жердің астын қызғанбаса болғаны.

Амалымның болмай кейде амалы,
Бөстім талай өзіме оның обалы.
Бұл өмірді қанша жалған десек те,
Шыншыл болып жүргеніміз шамалы.

Біреуге аяр, ал біреуге арманмын.
Кей жандардың дұшпаны екем аңғардым.
Аузым күйіп алдансам да неге мен
Жалғандығын жақсы көрем жалғанның?

Ұқсас жаңалықтар
  • Қоштаспайықшы екеуміз...
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • ҚАРЫЗ
  • ҰР ТОҚПАҚ
  • Пікір
    ^ Үстіге