Ақтөбеде суретшілердің симпозиумы өтті

    Ақтөбеде суретшілердің  симпозиумы  өтті

    Ақтөбеде суретшілердің халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. 15 мамырда басталған симпозиум жеті күн бойы жалғасты. Осы уақыт ішінде қатысушыларға қазақ хандығы тақырыбында екі бірдей сурет салу тапсырылған. Жиналған жұмыстар мамырдың 21-і күні көрмеге қойылды. Кейін бұл картиналар Ақтөбе облыстық өнер мұражайы қорына жіберіледі.

    - Байқауға 21 адам қатысып жатыр. Суретшілерді бұдан да көбірек тартуға болар еді. Бірақ бәрі айналып келгенде қаражатқа келіп тіреледі. Негізгі мақсат - суретшілерді қолдап, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасау,- дейді Атыраудағы "Жерұйық" мәдени орталығының директоры, ұйымдастырушы Нұрберген Дәулетов.
    Астана, Алматы, Орал, Атырау облыстары мен Ресейден келген суретшілер шара басталмай жатып-ақ қылқаламдарын алып, Ақтөбе жерінен алған әсерін бейнелеуге кірісіп кеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, суретшілердің халықаралық жиыны Ақтөбеде осымен екінші рет өткізіліп отыр. Байқауға қатысқан ақтөбелік суретшілердің арасында Ирина Құрманалина, Әділғали Баяндин, Орынғали Хайруллин сынды қылқалам шеберлері бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үздік отбасылар анықталды
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • Ресейлік қылқалам шеберінің көрмесі өтеді
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге