Терроризммен айыпталғандардың 99 пайызы білімсіздер

    Ақтөбелік дін мамандары діни экстремизмге қарсы күресте айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді. Өткен 4 жылдың қорытындысы бойынша, діни экстремизмге қатысты айыпталғандар арасындағы және дәстүрлі емес деструктивті ағымдардың жетегінде жүрген 280 жергілікті тұрғын дүние танымын өзгертіп, дәстүрлі исламға қайта бет бұрды. Белгілі теолог Асқар Сабдин express-k.kz газетіне берген сұхбатында әсіре діншілдердің дүниетанымын өзгерту жолдары мен олармен жұмыс жүргізу амалдары жайында кеңінен тоқталған болатын. Kazislam.kz сол сұхбаттың аудармасын оқырмандар назарына ұсыныпты.

    - Асқар Қалымжанұлы, әсіредіншілдің бетін қайтару неден басталады?
    - Біріншіден, біз оның бетін қайтару, иландыру дегеннен аулақпыз. Біздің мақсат – тек дүниетаным, ой өрісін кеңейту. Бұл екеуі - екі бөлек дүние. Біз адасушыға шынайы діни білімнің деңгейін көрсету үшін жұмыс істейміз. Яғни, өз деңгейлерін көру үшін біз оларға “айна” қызметін көрсетеміз. Сондықтан темір тордың арғы жағында айыбын өтеп жүрген әр террористпен жүздескен кезде, алдымен Құран Кәрімді оқуды талап етемін. Әдетте, әрқайсысының Құран сүрелерін білуі шала-шарпы, білім деңгейі қанағаттанарлық емес. Сонымен бірге тажуид, ақида, фикх пен тәпсірді (исламдағы Құранды мәнерлеп оқу, мұсылмандық жүріс-тұрыс ережелерінің доктринасы, діни сенім және Киелі кітапты түсіндіру туралы ғылымдар бөлімі) сұраймын. Терроризммен айыпталғандардың 99%-ы абсолютті білімсіздер санатына жатады. Өкінішке қарай, ақыл-есі уланған радикалдардың санасына “сендер білімділер қатарындасыңдар, Құран мен Пайғамбар сүннетінен өздігіңнен білім алуға мүмкіндіктерің бар, себебі ол – қиын “арифметика” емес” деген жалған ұғымды сіңіріп тастаған.

    - Әсіредіншілдің дүние танымын өзгертіп, дұрыс жолды көрсету үшін қанша уақыт кетеді?
    - Ол үшін бір немесе он кездесу жеткілікті деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Өкінішке қарай, оңалтуға әсте жарамайтын адамдар кездеседі. Бұл айыпталған адамның ішкі дүниесінің ерекшелігіне, психологиялық қиындықтарға, мінезіне байланысты. Кездесу мен тілдесуге дайын емес адамдарды уағыз айтып мазаламай, қажетті кітаптарды ұстатып кетеміз. Мұндай жағдайдағы басты мақсат – оның біз ұсынған деректерден керекті ақпаратты тыныш көңіл күймен қабылдауы. Ақтөбе облысында жұмыс жасап жүрген бес жыл ішінде жазасын өтеп жүрген сондай бір адам кездесті. Қаншама жүргізіліп жатқан ағартушылық пен оңалту жұмыстарына қарамастан, әлі күнге өз ойынан айнымайды. Ал, негізінен терроризм айыбымен сотталғандардың 80%-ы ашық байланысқа түсуге дайын, әрі бірнеше кездесуден соң ұйқысынан оянған секілді шынайы дүниеге көздері ашылады.

    - Радикалды идеяның жақтаушысы болып, оны жалғыз ақиқат санаған олар бұл ойының кенет жалған боп шыққанын білген соң қандай күйде болады?
    - Әрине, ондайды қабылдау әсте де оңай соқпасы анық. Себебі, қатты психологиялық соққыға жығылады. Қызғыштай қорғаған идеялар көз алдында сағымдай жоғалып жатса, санаңда өз саласының маманы болмаған соң белгілі бір діни мәселеге қатысты үкім шығаруға еш құқың жоқ деген түсінік айқындала түседі. Егер мен дәрігер болмасам, адамға ота жасауға менің еш құқым жоқ қой. Мен оны емдеудің орнына жазым қыларым анық. Сондықтан, уақыт толып, демагогтар өсірген деңгейдің жалған екеніне көз жеткізген бойда, олар өкіне бастайды. Сөйтіп, туған-туыстарымен қайта қауышып, кешірім сұрауға талпынады. Бірақ, бұдан кейін діннен мүлдем кетіп қалатындар да кездеседі, яки әсіредіншілдіктен дінсіздікке барып ұрынады. Мысалы, қазір облыста шамамен 30 адам исламды тастап, бұған дейін харам санаған әрекеттерге бас ұрған.

    - Әңгіме арты қызу пікірталасқа ұласқан сәттер болды ма?
    - Жоқ. Біз қолданып жатқан бағдарламаның да мәні осында екенін айту керек. Бағдарлама Дін істер комитетінің сараптамасынан өткен, ҚР Әділет министрлігінің куәлігі мен тәжірибеші психолог мамандардың қорытындысына ие. Бағдарлама қандай жағдайда да эмоцияны шектеуді талап етеді. Себебі, басқалай болғанда, арандатушылыққа алданып қалуымыз мүмкін. Айыпталған радикалдар – психологияның алдау амалдарын жақсы ұққан адамдар екенін ескерсек, жеке кездесу кезінде арандатушылық сауалдар қойылады. Бұған біз құрғақ, байыпты да ғылыми және теологиялық көзқарас тұрғысынан жауап береміз.

    - Қандай мәселелерге келгенде радикалдар жиі жаңылысып, сыр білдіріп қояды?
    - Алғашқы кезекте, әрине, жиһад мәселесінде. Екінші орында – тағұт түсінігі. Тағұттың бірнеше баламасы бар. Мысалы, исламның алғаш таралған кезеңінде пұт немесе шайтан дегенді білдірген. Алайда, исламның саяси сипат алғанын ескерсек, кейбір радикалдар мұғалімдерді, дәрігерлерді, күзетшілерді және тағы басқаларды тағұт санауды әдетке айналдырып алған, әрі мұндай қағидаттар барған сайын өршіп, қанат жайып келеді. Басқалай айтқанда, “айналаның бәрі – қаптаған шайтан, тек біз шағын адамдар тобы – шынайы мұсылманбыз” деп айтады. Әрине, бұл ақиқатты монополияға айналдыру үрдісі жастарға үлкен эмоциялық күш береді. Сондықтан олар өз идеологиясын таратуда өте белсенді болады.

    - Қазіргі кезде мұсылман ақыл-ойының дағдарысы жайында көп айтылып жүр. Осы айтылған сөзбен келіссеңіз, оның тууына себеп болған факторлар қандай деп ойлайсыз?
    - Мұсылман ақыл-ойының дағдарысын туындатқан факторлар көп, олардың арасындағы ең маңыздысы – мұсылман елдерін отарлау. Нақ сол уақытта бәріне кінәлі даму мен ой-өрісті кеңейтуге тиіс адамдар емес, дін мен... кесене, зират пен мәдениет және тарих жәдігерлері деген ұрандар көптеп айтыла бастады. Алайда, бүгінгі Сирия, Мысыр мен Ауғанстан да кешегі пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларының заманынан мұсылман атанған елдер болды емес пе? Олардың жерлерінде сол кездің өзінде ірі тарихи ескерткіштер мен сәулет құрылыстары бой көтерген еді. Ал мұсылмандардың тұңғыш ұрпақтары осы мәселелерге немқұрайлы қараса, ақыл-ой дағдарысы басталған шақта, аталған құрылыстардың бәрі қирай бастады. Мəзһабтарды, ғалымдарды мойындамау мен айыптау пайда болды, дін ғылымында үстірт әрекеттер (дилетанттық) дамыды. Мұның барлығы, түптеп келгенде, ХІХ ғасырдың бас кезінде мұсылман елдерінде охлократияның – тобыр билігінің үстемдік етуіне алып келді. Нәтижесінде біз негізгі “діни құндылықтарды” Құранды шала таныған мұсылман топтары белгілейтін дәрежеге жеттік. Және ХІХ ғасырдың басына дейін мұсылман өркениеті халықаралық саясаттың белгілі бір субъектісін құраған болса, қазір, өкінішке қарай, мұсылмандар геосаяси ойыншылардың, ірі державалардың қуыршағына айналып кетті.

    - Бұл дағдарыстан шығудың жолы бар ма?
    - Бар. Ол үшін кез келген жүйе вертикалды деген ереже соңынан еру керек. Мысал үшін, отбасын алып қаралық. Кез-келген өнегелі отбасында бала әкеге бағынады, тілін алады. Бұл қоғамға да қатысты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кезінде “Үлкенін қадірлемеген, бізден емес” деген екен. Бірақ, қазір аталмыш тәртіп бұзылған, бәрі де көлденең сипат алған. Айнала ахилер мен ухтилерге (бауыр-қарындасқа) толып кетті. Сол сияқты, дін ғалымы атанып жүргендер де көп. Құранда: “Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?” деген аят бар. Яғни ислами білім да бір вертикалды жүйе. Ал бүгінгілер басты білімді пайғамбар (с.ғ.с) серіктері сусындаған қайнардан, яғни Құран мен хадистерден алыңдар дейді. Құранды өз тілінде оқи алмайтын, білімі таяз жастарды дінді осындай тіке түсіну жолына түсірген. Сондықтан тобыр өзін ғалымдармен деңгейлес сезініп, сахабаларды – Омар, Әбу Бәкір, Осман, Әбу Ханифа, Мүслим, Бұхари және басқаларды өздерімен “сыныптас” санайды. Жастар жалған бостандыққа ұрынды. Шейхсымақтар оларға діннен қалағанын алып, қаламағанын лақтырып тастауға құқық берді. Бірақ, исламда ондай салғырттық болмайды. Сондықтан тобыршы охлократтар діндарларға билігін тоқтатпаса, кішісі үлкеніне, баласы әкесіне, білмегені білгеніне бағынатын тәртіп қайтып келмесе, көлденең формат дүрбелең тудыруын тыймайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жалғас САНДЫБАЕВ: Жат ағымның өкілдері сұсты келеді...
  • Террористер мен олардың әйелдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
  • Имам: Қадір түнінде Қыдыр ата келмейді
  • Бас мүфти Ержан Маямеров: Бәріміз кінәліміз
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге