“Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін”


    “Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін”

    Есенбек Жұмағалиев – Ақтөбенің Байғанин топырағынан шыққан ақын. Қазір Алматыда жүр. Туған қаласынан жырақта жүрсе де, Ақтөбені ешуақытта ұмытқан емес. Тіпті Алатау баурайынан Ақтөбеге жалынды жырларын жолдап, шығармашыл жастардың облыстық “Шұғыла” клубына белсенді мүше ретінде тіркелді. Бүгін Алматы баурайында жүрген жерлесіміздің бір топ өлеңін жарияламақпыз. Сіз де оқыңыз, құрметті оқырман! Күзде көңіліңіз түспесін!

    АНАМА ХАТ
    Анооугүнгі оқыдым хатыңды, анам,
    Айналдым мейіріміңнен жарқылдаған.
    Таңға таяу жүрегін жалынға орап,
    Ой үстінде ұйқысыз отыр балаң.

    Кейде осылай, ұласып таңға түнім,
    Айлы аспаннан іздеймін жанға тыным.
    Әжіміңнің арқасы - жүргендігім,
    Алшаң басып көшесін Алматының.

    Ұмыт боп дүниенің дүрбелеңі,
    Жұлдызды аспан орайды гүлге мені.
    Тыныштыққа бүтіндей жұтыламын,
    Өйткені түнді сүйем, түн де мені...

    Білем, сендік көңіл де шерленеді,
    Санаңда кеп сан уайым сенделеді.
    Табаныңның астынан жұмақ кілтін,
    Іздемесем, кешірші сен де мені.

    Сап- сары сағынышын күздің келіп,
    Сәтін ұрлап жапыраққа төгердегі,
    Көшіріп ап отырмын ақ қағазға.
    Мен өлеңді сүйемін, өлең мені...

    Сен сияқты мен- дағы мойымадым,
    Тағдырдың тым қаталдау ойынынан.
    Түн қата құлын жырды құндақтаймын,
    Қамсыздықтың суырылып қойынынан.

    Мықтысы кеп осалын олжалаған,
    Сын керуеннен қалмайды жолда балаң.
    Өмірдің сүрінбеймін өткелінен,
    Мен өмірге ғашықпын, ол да маған...

    Өзім тоқ, көңіл құсым аш қалады,
    Қайтейін, тірлігі осы тас қаланың.
    Мен бір күні жарқ етем, сонда анашым,
    Қалмайды қуанғаннан басқа амалың!

    "Үміттенем" деуші едің - саған балам,
    Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін.
    Ел ішінде жүрмін ғой, алаңдама,
    Мен елімді сүйемін, ел де мені...

    АҚЫНҒА ҒАШЫҚ БОЛМА
    Жүрісіңнен жаңылып, тоқтай қалып,
    Екі бетің қызарып, оттай жанып.
    Ғашық болма сен маған, оқырман қыз,
    Сезіміңе мөп- мөлдір шық байланып.

    Тізгін бермей тірліктің жарлығына,
    Малып алып қаламын таң нұрына,
    Мағынасыз өмірді жұбататын,
    Ғашық болма ақынның тағдырына.

    Қадамыңнан жаңылып әр аттаған,
    Ғашық болма үздіге қарап маған.
    Шын сұлулар ақынға муза ғана,
    Шын серігі ақынның парақ қана.

    Қайрағанмен қара өлең қайратыңды,
    Ғашық қып жаратқан ғой айға күнді
    Құшағына бар әлем сыймаған соң,
    "Тұрақсыз"- деп жатады кейде ақынды.

    Келер күнің бір үміт жалғайды алдан,
    Сезіп жүрмін, ішіңде лаулайды арман.
    Ғашық болма қарындас ақындарға.
    Ақын деген бір құмар қанбай қалған.

    Қызыл шырай енген қыз реңіне,
    Шыдамассың ақынның түнегіне.
    Бір қазақтың табанына батқан тікен,
    Ақынның қадалады жүрегіне.

    ӨМІР ЖАЙЛЫ СҰРАМАШЫ...
    Азын көрiп, көбiн әлi көрмеген,
    Өмір жайлы сөз қозғағым келмеген.
    Жөн білетін жақсы інішек, өтінем,
    Өмір жайлы сұрамашы сен менен.
    Бақытты не бақытсыз боп көрмеп ем,
    Өмір жайлы жырға мен де шөлдегем.
    Тағдырыммен тірестірген осы бір,
    Өмір жайлы сұрамашы сен менен.

    Алмастырып бір арманды бір арман,
    Өмір бұлдыр сағымдардан құралған.
    Жалықпаймыз биіктерге өрмелеп,
    Сол биіктен қайта құзға құлаудан.

    Алшақтығы бір- ақ қарыс көрменен
    Өмір жайлы сұрамашы сен менен.
    Өмір жайлы бір ауыз сөз жақ ашпай,
    Өлім жайлы айтып берді өлмеген.

    Күдік тектес үміт құйған көңілге,
    Өмір жайлы білгім кеп жүр менің де.
    Өмір деген тым ұзақ боп көрінген,
    Қысқа сапар бастайтұғын өлімге.
    Өмір деген түс аралас өңменен,
    Өмір- шаттық араласқан шерменен
    (Солай шығар...
    ... Шынымды айтсам, білмеймін,)
    Өмір жайлы сұрамашы сен менен.

    ЕКЕУДІҢ СЫРЫ
    (түнгі диалог)
    - Құлазып жетті міне қуарған күз,
    Сарғайған жапырақтай жыларман- біз...
    Жол айрыққа кезіккен бір тағдырмыз,
    Екіге қақ бөлінген бір арманбыз.

    Көптен бері мұңлы ойдан тазармадым,
    Сен кеткелі мінсіз жыр жаза алмадым.
    Кетіп барам жат мекен, жат қалаға,
    Құрбан болып тағы да әз арманым.

    - Құлағымда жаңғырған көмескі үнің,
    Кешегі бақытты шақ- елес бүгін.
    Алайда сен ұқтырдың, бұл өмірдің,
    Мен ойлаған тәтті ертегі еместігін.

    Көңіл бақта сайралмас бұлбұл әні,
    Әлдеғашан құрғады жыр бұлағы.
    Қураған сабағын- ай сезімімнің,
    Бір...
    Бітік дән шығармай қынжылады.

    - Жарқ етті де найзағай, тілінді көк,
    Жаныма кім келер дейсің мұңымды елеп.
    Еске оралып мөп- мөлдір қос моншағым,
    Тебініп қалды тағы құлын жүрек.

    Мен сенің сыя алмадым әлеміңе,
    Шықпадық асу арман белеңіне.
    Сен енді мүлде бөтен бір адамсың,
    Айналған өмірімнен өлеңіме.

    - Кеше тағы беймезгіл түсіме ендің.
    Сені мендей, мені сендей түсінер кім?...
    Жасқанып, қорған таппай тек тістендім,
    Қаңқу сөз, өсегінен кісілердің.

    Жанымның жел үндесіп жарасымен,
    Мен болып күз мұңайды. Дала күрең...
    Қайтқан құс та сен болып аспаныма,
    Өлең жазып барады қанатымен.

    - Жаныңдағы мөп- мөлдір мұңды үзіп ап,
    Түнмен неге сырластың үнсіз жылап?
    Күзгі аспанның сұп- суық көмейінен,
    Бара жатыр...
    Бара жатыр ып- ыстық жұлдыз құлап.

    Жастығыңды таңға дейін жасқа малып,
    Білем ғой, сан мәрте жылап алдың.
    Білем ғой, мен бармын ішінде әлі,
    Кешқұрым сен тілейтін дұғалардың.

    - Иә...
    Дұғадан басқа енді не ете алармын...
    Екеуміз тұрғынымыз екі аралдың.
    Тағдырлары бізге ұқсас болмасыншы,
    Жанары саған ұқсас екі адамның.

    Уақыт сырғып барады дамылдамай,
    Жазмыштың дәл осылай жазылғаны- ай!
    Өзіңсіз өмір тозақ деп жүруші ем,
    Жер басып жүр екенмін қазір қалай?...

    - Мені қойшы... Мен бәріне көндім, күнім,
    Өзің жайлы мен де түс көрдім бүгін.
    Тазалығын арыңның есіме алдым,
    Тау суының көргенде мөлдірлігін.

    Айта алмаймын тірлікте шалқыдым деп,
    Қалай бірақ өмірден жан түңілмек?!
    Шым- шытырық өткенді ойлап жатып,
    Атады әппақ ару таң сібірлеп.

    - Білем, енді қайталай алмайды ешкім,
    Қайырмасын сен салған қуатты әннің.
    Жүрегіме жалын боп ендің дағы,
    Жанарымнан тамшы боп құлап қалдың.
    Тамшы боп құлап қалдың....

    ТҮК ЕТПЕЙДІ...
    (элегия)

    Қайтара алмай жалынын шер- наланың,
    Сыймай жүрмін төсіне кең даланың.
    Өзім сүйген біреуге жексұрынмын,
    Өзге біреу аңсаған бекзадамын.

    Ақтарып ем аспанға жан мұңымды,
    Бұлт алдады көз жасын сыққан болып.
    Мағынасыз тербелді күзгі қайың,
    Басын изеп, хәлімді ұққан болып.
    Махаббаттың ойыны тәмәм болсын,
    Мен ұтылып, сен әйтеуір ұтқан болып.

    Күркіреп жөтеледі найзағайым,
    Қарт көкемдей өкпесін қырыл басқан.
    Ызылдақ жел тартқылап балағымнан,
    Жылауық болып алды бүгінгі аспан.

    Бүгін сенің көркіңдей күлмеді айым,
    Көрінбейді жұлдыздар жымыңдасқан.
    Қара зілдей мұң артып жүрдім бүгін,
    Сен жайлы ой арылмай жұмыр бастан.

    Сен қалайсың? Ой- мұңнан аманбысың?
    Тапқан шығар жүрегің қалаулысын,
    Менен де мейірімді, жұмсақ адам,
    Менен де жаны жайсаң, аяулысын.

    Сенсіз де орындалар сан арманым,
    Менсіз де әлі талай жанар бағың.
    Екі бағыт, тоғыспас екі жолды
    Тағдырдан арашалап қала алмадым.

    Аударыспақ өмірдің тартысына,
    Салқынқанды мұз көңіл дір етпейді.
    Таланып тағдырлардың талқысына,
    Қанжоса жаралансын жүрек мейлі...
    ... Уақыт емдеп береді. Түк етпейді...

    СӘБИ КӨРДІМ...
    Анасының ақ мамасын ембеген,
    Әкесінен үшкіл хат та келмеген.
    Сәби көрдім жетімдер үйінде мен,
    Шын махаббат, мейірімге шөлдеген.

    Көздің жасын жастығымен құрғатқан,
    Қабағынан мұңын көрдім зіл-батпан.
    Көріп пе едің жүзі нұрсыз сәбиді?
    Тағдырына балалығын ұрлатқан.

    Ағасымен асық атып көрмеген,
    "Ата, маған кәмпит әпер"- демеген.
    Тәтті ертегін тыңдап жатып әженің,
    Көзін іліп, тәтті ұйқыға енбеген.

    Өзі жалтақ, бойын үрей билеген,
    Анасының ыстық ерні сүймеген.
    Ағасының кимей қойған былтырғы,
    Жейделерін сәл қысқартып кимеген.

    Ойыншықпен ойнамаған сан алуан,
    Күтпейді оны жадыраған таң алдан.
    Зар болумен "күнім" деген бір сөзге,
    Жанарында тұншығады сан арман.

    Сәби көрдім ызғарлы мұңыменен,
    О тағдыр- ай, қатал ең шыныменен!
    Сағынады, аңсайды бір адамды,
    Бесік жырын айтпаған түніменен.

    Келіспейді ол біздің көкек қоғаммен,
    Үміті зор "кезігем"- деп анаммен,
    Маңдайынан жылы сипап, құшақтап,
    Өлең оқып бергім келді оған мен.

    Інісі жоқ бөлісетін көп сырын,
    Тағдыр тажал, өмір оған жексұрын.
    Саған берсе қайтер едің ей, достым,
    Сол өмірдің бір-ақ күндік өксігін?

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”
  • 100 жасаған аналар бар
  • 55 жыл отасқан ерлі-зайыпты бақытты өмір сүрудің сырын ашты
  • Қоштаспайықшы екеуміз...
  • Есек кешкен
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

“Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін”


“Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін”

Есенбек Жұмағалиев – Ақтөбенің Байғанин топырағынан шыққан ақын. Қазір Алматыда жүр. Туған қаласынан жырақта жүрсе де, Ақтөбені ешуақытта ұмытқан емес. Тіпті Алатау баурайынан Ақтөбеге жалынды жырларын жолдап, шығармашыл жастардың облыстық “Шұғыла” клубына белсенді мүше ретінде тіркелді. Бүгін Алматы баурайында жүрген жерлесіміздің бір топ өлеңін жарияламақпыз. Сіз де оқыңыз, құрметті оқырман! Күзде көңіліңіз түспесін!

АНАМА ХАТ
Анооугүнгі оқыдым хатыңды, анам,
Айналдым мейіріміңнен жарқылдаған.
Таңға таяу жүрегін жалынға орап,
Ой үстінде ұйқысыз отыр балаң.

Кейде осылай, ұласып таңға түнім,
Айлы аспаннан іздеймін жанға тыным.
Әжіміңнің арқасы - жүргендігім,
Алшаң басып көшесін Алматының.

Ұмыт боп дүниенің дүрбелеңі,
Жұлдызды аспан орайды гүлге мені.
Тыныштыққа бүтіндей жұтыламын,
Өйткені түнді сүйем, түн де мені...

Білем, сендік көңіл де шерленеді,
Санаңда кеп сан уайым сенделеді.
Табаныңның астынан жұмақ кілтін,
Іздемесем, кешірші сен де мені.

Сап- сары сағынышын күздің келіп,
Сәтін ұрлап жапыраққа төгердегі,
Көшіріп ап отырмын ақ қағазға.
Мен өлеңді сүйемін, өлең мені...

Сен сияқты мен- дағы мойымадым,
Тағдырдың тым қаталдау ойынынан.
Түн қата құлын жырды құндақтаймын,
Қамсыздықтың суырылып қойынынан.

Мықтысы кеп осалын олжалаған,
Сын керуеннен қалмайды жолда балаң.
Өмірдің сүрінбеймін өткелінен,
Мен өмірге ғашықпын, ол да маған...

Өзім тоқ, көңіл құсым аш қалады,
Қайтейін, тірлігі осы тас қаланың.
Мен бір күні жарқ етем, сонда анашым,
Қалмайды қуанғаннан басқа амалың!

"Үміттенем" деуші едің - саған балам,
Қалаймын үмітіңнің сөнбегенін.
Ел ішінде жүрмін ғой, алаңдама,
Мен елімді сүйемін, ел де мені...

АҚЫНҒА ҒАШЫҚ БОЛМА
Жүрісіңнен жаңылып, тоқтай қалып,
Екі бетің қызарып, оттай жанып.
Ғашық болма сен маған, оқырман қыз,
Сезіміңе мөп- мөлдір шық байланып.

Тізгін бермей тірліктің жарлығына,
Малып алып қаламын таң нұрына,
Мағынасыз өмірді жұбататын,
Ғашық болма ақынның тағдырына.

Қадамыңнан жаңылып әр аттаған,
Ғашық болма үздіге қарап маған.
Шын сұлулар ақынға муза ғана,
Шын серігі ақынның парақ қана.

Қайрағанмен қара өлең қайратыңды,
Ғашық қып жаратқан ғой айға күнді
Құшағына бар әлем сыймаған соң,
"Тұрақсыз"- деп жатады кейде ақынды.

Келер күнің бір үміт жалғайды алдан,
Сезіп жүрмін, ішіңде лаулайды арман.
Ғашық болма қарындас ақындарға.
Ақын деген бір құмар қанбай қалған.

Қызыл шырай енген қыз реңіне,
Шыдамассың ақынның түнегіне.
Бір қазақтың табанына батқан тікен,
Ақынның қадалады жүрегіне.

ӨМІР ЖАЙЛЫ СҰРАМАШЫ...
Азын көрiп, көбiн әлi көрмеген,
Өмір жайлы сөз қозғағым келмеген.
Жөн білетін жақсы інішек, өтінем,
Өмір жайлы сұрамашы сен менен.
Бақытты не бақытсыз боп көрмеп ем,
Өмір жайлы жырға мен де шөлдегем.
Тағдырыммен тірестірген осы бір,
Өмір жайлы сұрамашы сен менен.

Алмастырып бір арманды бір арман,
Өмір бұлдыр сағымдардан құралған.
Жалықпаймыз биіктерге өрмелеп,
Сол биіктен қайта құзға құлаудан.

Алшақтығы бір- ақ қарыс көрменен
Өмір жайлы сұрамашы сен менен.
Өмір жайлы бір ауыз сөз жақ ашпай,
Өлім жайлы айтып берді өлмеген.

Күдік тектес үміт құйған көңілге,
Өмір жайлы білгім кеп жүр менің де.
Өмір деген тым ұзақ боп көрінген,
Қысқа сапар бастайтұғын өлімге.
Өмір деген түс аралас өңменен,
Өмір- шаттық араласқан шерменен
(Солай шығар...
... Шынымды айтсам, білмеймін,)
Өмір жайлы сұрамашы сен менен.

ЕКЕУДІҢ СЫРЫ
(түнгі диалог)
- Құлазып жетті міне қуарған күз,
Сарғайған жапырақтай жыларман- біз...
Жол айрыққа кезіккен бір тағдырмыз,
Екіге қақ бөлінген бір арманбыз.

Көптен бері мұңлы ойдан тазармадым,
Сен кеткелі мінсіз жыр жаза алмадым.
Кетіп барам жат мекен, жат қалаға,
Құрбан болып тағы да әз арманым.

- Құлағымда жаңғырған көмескі үнің,
Кешегі бақытты шақ- елес бүгін.
Алайда сен ұқтырдың, бұл өмірдің,
Мен ойлаған тәтті ертегі еместігін.

Көңіл бақта сайралмас бұлбұл әні,
Әлдеғашан құрғады жыр бұлағы.
Қураған сабағын- ай сезімімнің,
Бір...
Бітік дән шығармай қынжылады.

- Жарқ етті де найзағай, тілінді көк,
Жаныма кім келер дейсің мұңымды елеп.
Еске оралып мөп- мөлдір қос моншағым,
Тебініп қалды тағы құлын жүрек.

Мен сенің сыя алмадым әлеміңе,
Шықпадық асу арман белеңіне.
Сен енді мүлде бөтен бір адамсың,
Айналған өмірімнен өлеңіме.

- Кеше тағы беймезгіл түсіме ендің.
Сені мендей, мені сендей түсінер кім?...
Жасқанып, қорған таппай тек тістендім,
Қаңқу сөз, өсегінен кісілердің.

Жанымның жел үндесіп жарасымен,
Мен болып күз мұңайды. Дала күрең...
Қайтқан құс та сен болып аспаныма,
Өлең жазып барады қанатымен.

- Жаныңдағы мөп- мөлдір мұңды үзіп ап,
Түнмен неге сырластың үнсіз жылап?
Күзгі аспанның сұп- суық көмейінен,
Бара жатыр...
Бара жатыр ып- ыстық жұлдыз құлап.

Жастығыңды таңға дейін жасқа малып,
Білем ғой, сан мәрте жылап алдың.
Білем ғой, мен бармын ішінде әлі,
Кешқұрым сен тілейтін дұғалардың.

- Иә...
Дұғадан басқа енді не ете алармын...
Екеуміз тұрғынымыз екі аралдың.
Тағдырлары бізге ұқсас болмасыншы,
Жанары саған ұқсас екі адамның.

Уақыт сырғып барады дамылдамай,
Жазмыштың дәл осылай жазылғаны- ай!
Өзіңсіз өмір тозақ деп жүруші ем,
Жер басып жүр екенмін қазір қалай?...

- Мені қойшы... Мен бәріне көндім, күнім,
Өзің жайлы мен де түс көрдім бүгін.
Тазалығын арыңның есіме алдым,
Тау суының көргенде мөлдірлігін.

Айта алмаймын тірлікте шалқыдым деп,
Қалай бірақ өмірден жан түңілмек?!
Шым- шытырық өткенді ойлап жатып,
Атады әппақ ару таң сібірлеп.

- Білем, енді қайталай алмайды ешкім,
Қайырмасын сен салған қуатты әннің.
Жүрегіме жалын боп ендің дағы,
Жанарымнан тамшы боп құлап қалдың.
Тамшы боп құлап қалдың....

ТҮК ЕТПЕЙДІ...
(элегия)

Қайтара алмай жалынын шер- наланың,
Сыймай жүрмін төсіне кең даланың.
Өзім сүйген біреуге жексұрынмын,
Өзге біреу аңсаған бекзадамын.

Ақтарып ем аспанға жан мұңымды,
Бұлт алдады көз жасын сыққан болып.
Мағынасыз тербелді күзгі қайың,
Басын изеп, хәлімді ұққан болып.
Махаббаттың ойыны тәмәм болсын,
Мен ұтылып, сен әйтеуір ұтқан болып.

Күркіреп жөтеледі найзағайым,
Қарт көкемдей өкпесін қырыл басқан.
Ызылдақ жел тартқылап балағымнан,
Жылауық болып алды бүгінгі аспан.

Бүгін сенің көркіңдей күлмеді айым,
Көрінбейді жұлдыздар жымыңдасқан.
Қара зілдей мұң артып жүрдім бүгін,
Сен жайлы ой арылмай жұмыр бастан.

Сен қалайсың? Ой- мұңнан аманбысың?
Тапқан шығар жүрегің қалаулысын,
Менен де мейірімді, жұмсақ адам,
Менен де жаны жайсаң, аяулысын.

Сенсіз де орындалар сан арманым,
Менсіз де әлі талай жанар бағың.
Екі бағыт, тоғыспас екі жолды
Тағдырдан арашалап қала алмадым.

Аударыспақ өмірдің тартысына,
Салқынқанды мұз көңіл дір етпейді.
Таланып тағдырлардың талқысына,
Қанжоса жаралансын жүрек мейлі...
... Уақыт емдеп береді. Түк етпейді...

СӘБИ КӨРДІМ...
Анасының ақ мамасын ембеген,
Әкесінен үшкіл хат та келмеген.
Сәби көрдім жетімдер үйінде мен,
Шын махаббат, мейірімге шөлдеген.

Көздің жасын жастығымен құрғатқан,
Қабағынан мұңын көрдім зіл-батпан.
Көріп пе едің жүзі нұрсыз сәбиді?
Тағдырына балалығын ұрлатқан.

Ағасымен асық атып көрмеген,
"Ата, маған кәмпит әпер"- демеген.
Тәтті ертегін тыңдап жатып әженің,
Көзін іліп, тәтті ұйқыға енбеген.

Өзі жалтақ, бойын үрей билеген,
Анасының ыстық ерні сүймеген.
Ағасының кимей қойған былтырғы,
Жейделерін сәл қысқартып кимеген.

Ойыншықпен ойнамаған сан алуан,
Күтпейді оны жадыраған таң алдан.
Зар болумен "күнім" деген бір сөзге,
Жанарында тұншығады сан арман.

Сәби көрдім ызғарлы мұңыменен,
О тағдыр- ай, қатал ең шыныменен!
Сағынады, аңсайды бір адамды,
Бесік жырын айтпаған түніменен.

Келіспейді ол біздің көкек қоғаммен,
Үміті зор "кезігем"- деп анаммен,
Маңдайынан жылы сипап, құшақтап,
Өлең оқып бергім келді оған мен.

Інісі жоқ бөлісетін көп сырын,
Тағдыр тажал, өмір оған жексұрын.
Саған берсе қайтер едің ей, достым,
Сол өмірдің бір-ақ күндік өксігін?

Ұқсас жаңалықтар
  • “Жағасында Ойылдың шағын ел тұр...”
  • 100 жасаған аналар бар
  • 55 жыл отасқан ерлі-зайыпты бақытты өмір сүрудің сырын ашты
  • Қоштаспайықшы екеуміз...
  • Есек кешкен
  • Пікір
    ^ Үстіге