Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек

    “Керек.info” газеті жас та болса өз шаңырағының түтінін өшірмей, қиындықты сабырмен жеңіп отырған отбасылар туралы жазуын жалғастырады. Бүгінгі кейіпкеріміздің жасы 27-де. Тағдырдың жазуы шығар, алғашқы сәбиі ДЦП дертімен туылады. Өмір бойы қол ұстасып өтеміз деп келіскен қос жүрек бұл жағдайда да бір-біріне демеу бола білді.

    - Жолдасыммен 1 курста оқып жүргенде, студент кезімде танысқанмын. 2006 жыл болатын, құрбы қызымның туған күн кешіне барғанмын. Сол кеште өмірлік сыңарымды кездестіремін деп еш ойламаппын. Сол кеште Әнуарбек есімді баламен танысып, әңгімеміз жарасып дос болып кеттік. Басында жақсы араласып, сөйлесіп жүрдік. Кейін достық сезім махаббатқа ұласты,-дейді Айдана.
    Осылай бойжеткен мен бозбала өз сезімдерін білдіріп, қол ұстасқан жұпқа айналады. Күннен күнге бір-біріне деген сезімдері артады. Арада біраз уақыт өткен соң, Айдананың ғашық болған жігіті әскерге кетіп қалады.
    - 2010 жылы Әнуарбектің әскерге кетемін дегенін естіп көңіл түсіп кетті. “Әскерден қалмай барамын, ол менің болашағым. Әскери билет болашақ жұмысыма керек болады” деді Әнуарбек. Ал, менің оның әскерге барғанын қаламадым. Алайда, оған бұл сезімімді білдірмедім. Отан алдындағы борышын өтеп келуге кедергі келтіргім келмеді. Бір жағынан ішім өрт болып, қорқыныш сезімі болды. Әнуарбектен айырылып қалғым келмеді. Бір жыл уақыт зу етіп өте шықты. 2011 жылы аман-сау Әнуарбегім әскерден оралды. Бір жыл бойы ғашығыңды күтіп, сағынышпен қауышқан сезім өте керемет екен,- деп еске алады Айдана.

    Айдана мен Әнуарбек 2013 жылы шаңырақ көтереді. 2014 жылы тұңғыш сәбилері дүниеге келеді. Сол уақыттан бері отбасылық өмірдің қатты да тәтті кезеңдері басталады.
    - Алғаш рет ана атандым. Амина атты тәтті қызымды өмірге әкелдім. Қызымды ауыр босандым. Дәрігерлер қызымды адам болмайды деп, 10 күн перзентханада жаттық. Аминама бес ай толғанда, дәрігерлер ДЦП деген диагноз қойды. Сол уақыттан бері апармаған жеріміз жоқ. Барлық емдік процедураларды алып жатырмыз. Бірақ, нәтиже берер емес,- деген Айдана өзінің жан-жары Әнуарбектің көмегі көп екенін айтады.
    Жас отбасы отағасының қызметі бойынша Ақтау қаласында екі жыл тұрады. Алайда, Аминаға Ақтаудың ауасы жақпай ата-анасы Ақтөбеге жұмысын ауыстырып қайтып келеді. Өздерінің баспаналары болмай, пәтер жағалап біраз уақыт жүреді.
    - Басымызда баспанамыз болмай біраз қиналдық. Бір жағынан қызымды үздіксіз емдету керек. Оған қарап күтім жасау қажет. Жолдасымның жұмысы мезгілсіз, таңертең кетіп, кешке бір келеді. Кейде жұмысы кешкілік шақыртып алады. Қызымның ауырғанын көріп, кейде қатты қиналып кетемін. Әнуарбек екеуміздің арамызда түсініспеушілік болып, ұрысып қалатын кездер де болады. Солай барлығы ішімде жиналып қалғанда, қолымды сілтеп кетіп қалғым келетін кездерде болды. Сол уақытта жолдасым басу айтатын. “Болған жағдайға өзіңді кінәлама, Алланың сынағы болар” деп әрқашан қолдау көрсетіп отырады. “Ешқашан ажырасып кетемін дегенді ойына алма. Мен баламның жетім болғанын қаламаймын” деп мені сабырға шақырады. Уақыт өте өзім де шындала бастадым. Отбасымның амандығын тілеп, тек жақсы ойлар ойлайтын болдым,- дейді келіншек.
    Айдана алғашында кішкентай қызын әжесінен қызғанатынын айтты. Енесінің өте жақсы адам екенін, келін деп қарамай, үнемі жанашырлық танытатынын алға тартты.
    - Енем бізбен бірге тұрды. Енем жақсы адам. Бірақ, мен қызымды енемнен қызғанатынмын. Ол кісіге бергім келмейді. Қызымды біреулер “енеңе ұқсайды” десе ашуланып шығатын едім. Тіпті, енеме қызымды бағуға бергім келмей, қызғанып үйде отырып өзім бақтым. Қазір соларды ойлап күліп аламын. Қиналып жүрген уақытымыз. Мен үйде қызымды бағып
    отырмын. Енем де үйде болды. Тек жолдасымның айлығына күн көріп жүреміз. Айлық алса, ешнәрсеге жетпей қалады. Содан үйде ұрыс шығатын. Енем екеуміздің түсініспеушілігіміз көбіне осыдан болатын. Сол уақытта жолдасым сыртқа шығып кететін. “Мен екеуіңе де жақтаспаймын. Өздерің шешіңдер” дейтін. Уақыт өте бәрі өз орнына келе жатыр. Жақында екінші балам дүниеге келді. Амир деген ұлым бар. Екінші балам дүниеге келгелі үйде бір жылулық пайда болғандай. Бәріміз тынышталып, қиын кезеңдер артта қалғандай. Ұлымның денсаулығы жақсы, шүкір деймін,- дейді Айдана.

    Уақыттың тезі мен тағдырдың сынына төзіп, шаңырағын шайқалтпай сабырлықпен өмір кешіп келе жатқан Әнуарбек пен Айдана көптен күткен қуаныштарына да қол жеткізді. Жақында баспаналы болыпты.
    - Жаңа баспана алғанымызға бір ай болды. Пәтерді қызымның мүгедектігі бойынша, құжат жинап конкурс арқылы алдық. Қоныс тойын тойладық. Қазір енді Аминамды енем бағып отыр. Бұрынғыдай қызғаныш сезімі жоқ. Қазір тіпті өзім “Амина әжесінің қызы” дейтін жағдайға жеттім. Өмір деген қызық екен ғой. Тіпті адамның басынан небір жағдайлар өтеді. Қиындық келсе, қол сілтеп қашуға болмайды екен. Қазіргі жас отбасыларға айтарым, қандай қиындық болмасын сабырмен жеңу керек. Адам баласы ешқашан жамандық ойламай, жақсыға ұмтылу керек,- дейді жас келіншек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Балабақшада кішкентай қызды балалар талап тастаған
  • Әйелдің бағын ер ашады
  • Алмагүл Ізбасарова: “Осы дәрежеге жеткенім отбасымның арқасы”
  • Қарттар үйінен қосағын тапқандар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге