Қандай жағдайда да сабыр сақта

    Қандай жағдайда да сабыр сақта

    Жеті жыл ішінде отбасылық өмірдің ащысымен тұщысын бірге өткізген Айбек пен Гүлдана бүгінде екі ұлдың ата-анасы атанды. Шалқарлық жастар отбасылық өмірде екі адамның да жауапкершілігі мол болғаны дұрыс деп есептейді. Олардың айтуынша, қандай жағдай болса да сабыр сақтап, ақылға салған дұрыс екен.

    Өздері жас болса да, жеті жыл отбасылық өмірді бірге өткізген жас отбасы жайында айтпақпыз. Шалқар ауданы, Мөңке би ауылының тұрғындары Айбек пен Гүлдана бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Басында шағын баспаналары бар.
    - 2010 жылы Аслан деген жолдас баламның үйлену тойы болды. Сол тойда өмірлік серігіммен таныс-тым. Дастарханда отырғанбыз. Қарама-қарсы мен танымайтын ұзын бойлы, денелі бір жігіт
    отырды. Бірер уақыттан соң, жаңағы жігіт менің қасыма келіп отырды. Солай жөн сұрасып, таныса бастадық. Есімі Айбек екен. Айбек менің телефон нөмерімді сұрады. Мен бере қоймадым. Ол кезде агент деген бар ғой. Логинімді сұрады, мен тағы айтпадым. Сол тойдан кейін Айбек мен туралы менің достарымнан сұрастырған. Нөмерімді, логинімді тауып алыпты. Телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Кейін жақын дос бола бастадық. Соңы махаббатқа ұласты десем де болады. Айбек уақыт созып жүргісі келмей, маған үйленгісі келетінін айтты. Мен басында оның шын айтып тұрғанына сене қоймадым.

    Күз айында Айбек анасының туған күніне тосын сый жасап, Гүлдананы алып қашады.
    - Күз айында мамасының туған күні екен. Сол себеппен мені, үй ішімен таныстырғысы келді. Сөйтіп ауылына пойызбен бардық. Бірінші үлкен әжесінің үйіне апарып таныстырды. Сол үйде болашақ абысыным бар екен. Сол кісі маған қалуымды өтінді. Бір жағынан Айбек те маған “қалшы” деп қоймады. Өзім түсінбей қалдым. “Сен мені алып қалу үшін емес, отбасыңмен таныстырамын” деп едің ғой дедім. Ал, ол мені алдаған сияқты. Мені жақсы көретінін айтып, ақыры қалуға көндірді. Келесі күні анасының туған күні болды. Өз үйіне барып таныстырды. Мен үйдегілерден қорқып, телефонымды 3 күн бойы сөндіріп тастадым. Үйдегілермен сөйлесуге қорықтым.

    Гүлдананы үйіндегілер жоғалып кетті деп полицияға арыз жазған. Аяқ астынан ұшты-күйлі кеткен қыздарын ата-анасы іздеп, аяқтарынан сабылыпты.
    - Үш күннен кейін сіңліме звондап, мән-жайды айттым. Сіңлім жылап, маған неге кетіп қаласың деп ренжіді. Мені үйдегілер іздеген. Полицияға арыз жазған. Жоғалып кетті деп ойлаған. Үйдегілерді солай қатты уайымға салып қойғаным бар,-дейді Гүлдана.
    Екі жас осылайша өмірдің жаңа белесіне бірге қадам басады. Тойды кешіктірмей жасайды. 2012 жылы Мейірбек есімді ұл бала дүниеге келеді.

    - Баламның салмағы небәрі 1,800 грамм болды. Он күн бойы балам вакуумде жатты. Салмағы өте аз болғандықтан, әлсіз болды. Көп ауыратын. Туған қайным әскерде болса да, бізге хабарласып інісінің есімін Мейірбек деп қойды. Мейірбек алты айлығында температура болып, денесі құрысып ауырды. Емханада емделдік. Одан қазақы емге де апардық. Тіпті түнде ұйқысы бұзылып, көп жылайтын болды. Сол үшін Айбек екеуміз ұрысып қалатын едік. Бала мазасыз болған соң, қолдан түспейді. Кешке тағы ұйықтамайды өзім шаршап кетемін. Жолдасым болса күндіз жұмыста, кешке келіп дайын тамағын ішіп алып ұйықтап қалатын. Бірде түннің ішінде оятып алдым. “Жалғыз менің балам емес шығар, сенде бақ балаңды. Шаршадым” дедім. Солай екеулетіп түнімен балаға қарап шығатын едік.

    Абысын тату болса...
    - Бірде қайын сіңілім мектепке сабаққа баратын болды. Мектепке киетін формасын асығып үтіктеп жатып, күйдіріп алғаным бар. Содан қорқып кеттім. Қайын сіңілім ренжитін болды - ау деп уайымдадым. Ал, абысыным мен жасаған нәрсені өзім істедім деп айтқаны бар. Сөйтіп бір ұрыстан аман қалдым.
    4 жыл ата-енесімен бірге тұрып Айбек пен Гүлдана өз еншілерін алып, бөлек шығады.
    - Жолдасым несие алып, бас-паналы болдық. Жолдасымның жұмысына байланысты ауылдың қасындағы Қауылжыр ауылына көшіп бардық. Ол жерде газ жоқ екен. Мен от жаға алмай біраз қиналдым. Қыстың күндері жолдасым жұмыста, мен үйге от жағып түтіндетіп қоятын едім. Өзімнің екінші балаға аяғым ауыр. От жанбайтын. Балам екеуміз кешке дейін оранып жолдасымды күтіп отыратын едік. Айбек келіп, от жағып үйді жылытатын. Жолдасым өте сабырлы адам. Қандай жағдай болмасын, істің мән-жайына жетпей дауыс көтеріп ешуақытта айқаламайтын. Оның қасында мен шыдамсыз, ашуланшақпын. Ұрысты өзім шығарамын. Жолдасым көбіне өзінің жағдайын емес, жұрттың жағдайын бірінші ойлап тұрады. Тек сырттағы адамдардың шаруасын істеуге асығып тұратын. Жұмыстан шаршап келсе де, біреу шақырса көңілін қимай тамақ-шайға қарамай кетіп қалады. Соған мен ашуланып сөйлейтінмін. Дегенмен осы мінезімен жаман болып жүрген жоқ,- дейді келіншек.
    2014 жылы екінші сәбилерін өмірге әкелген жұп отбасылық өмірде бір-бірін түсіне білу керек дейді.

    - Маған екінші балам ешқандай қиындық тудырмады. Ол өзі пысықтау болды. Өзім де бірінші баладан кейін шамалы тәжірибе алғандаймын. Қазір Аллаға шүкір, ұлдарым өсіп келеді. Балабақшаға барып жүр. Осы жылдар аралығында талай қиындық та, қызықты сәттер де болды. Қиындықсыз өмір сүріп жатқан ешкім жоқ деп ойлаймын. Дегенмен қиындықты жеңе білу керек. Отбасына ең керегі сабырлылық, сыйластық,- дейді Гүлдана.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Ақтөбелік әйел жоғалып кеткен баласын базардан іздеп жүр
  • Балабақшада кішкентай қызды балалар талап тастаған
  • Әйелдің бағын ер ашады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге