Отбасының ажары - әйел

    Отбасының ажары - әйел

    Тұңғыш слетке облысымыздың барлық аудандары мен ауылдарынан жеке кәсіпкерлік ашып, өзіндік бизнестерін жүргізіп отырған әйелдер шақырылыпты. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша Қазақстанның Іскер әйелдері ассоциациясы жеке кәсіп ашқысы келген әрбір азаматшаға кеңестерін беруге әзір.

    Ербол Нұрғалиев белгілі себептерімен келе алмаған облыс әкімінің сәлемдемесін жеткізді. Мұндай басқосудың өте маңызды екендігін айтқан ол тұтас аудан және түрлі мекемелерді басқарып отырған ер мінезді әйелдер қауымына ризалығын білдіріп, олардың қоғамға сіңіріп отырған еңбектерінің зор екендігін айтып өтті.
    – Мұндай жиында тек мақтау-мадақтау емес, ерте жүкті болу, ажырасу секілді кемшіліктерді де айту қажет. 9 ай ішінде 4248 заңды неке тіркелсе, оның 1760-сы ажырасып үлгерген. Бұл 41% деген сөз. Отбасылық құндылықтарды тәрбиелеуде әйелдердің зор роль атқаратыны белгілі. Әйел – ең бірінші шаңырақтың берекесі. Шаңырақта барлығы жақсы болса, қоғам жақсы болады. Қоғам жақсы болса, елдің берекесі, - деді әкім орынбасары.

    Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзенбаева өз өңіріндегі іскер әйелдерді атап өтіп, олардың кәсібімен таныстырды. Сонымен қатар елін жаудан қорғап, келімсектермен ел тәуелсіздігі үшін күрескен Ботагөз батырды, қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалованы да атап өтті. Осындай апалары бар ауданның 49,3 пайызын әйелдер құрайды екен. Депутаттардың 18 пайызы да – әйел. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің 25 пайызын әйелдер басқарып отыр екен. Жұмыспен қамтудың шешуші факторы – шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру қолға алынғаннан бері ауыл әйелдері ішінен жеке кәсіпкерлікпен айналысуға деген қарқын күшейген.Облыстық ұйымдармен тығыз байланыс жасалады. Шаштараз, қоғамдық монша, тігін шеберханасы, мейрамхана, кондитер өнімдерін шығаратын орындар ашылған. Кәсіпкерлік туралы семинар өткізілген. Ақтөбедегі "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы мамыр айында облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы және Саясаткер әйелдер клубы бірлесіп, кеңесі мүшелері, Ақтөбедегі кәсіпкер әйелдер, банк өкілдері, тағы басқа да мамандар ауыл әйелдеріне тегін семинар, шебер-кластар өткізіп, жеке кәсіпкерлік ашудың, бизнестің қыр-сырын үйреткен. Мұндай шаралар нәтижесін беріп, бұған қатысқан ауыл әйелдерінен қозғалыс байқалыпты. Келесі жылда мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, ол тараптан қолдау табуы үшін тиісті шаралар жасалып жатыр екен. Қазан айында Ойыл ауданынан 40 шақты әйел Ақтөбеге келіп, қалалық кәсіпкер әйелдерден шебер-кластар алған.
    - Жоғарыда аталған қоғамдық ұйымдар болмаса, кез келген ауыл әйелдеріне ондай маңызды тегін шаралар өткізілмес еді. Байланыс-ты жалғастыру керек, өйткені қала мен дала әйелдерінің бір-бірінен үйренері көп деп ойлаймын, - дейді аудан әкімі.
    "Орынша" шаруа қожалағының бастығы Ажар Сапарова деген азаматша ер адамдармен иық тіресіп, шаруашылық саласы бойынша мал басын көбейтіп, шөп шауып, ауыл мен аудан тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз етіп отыр. Гауһар Сатыбалдина деген "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша биыл мемлекеттік грантты ұтып алып, қойдың жүнін өңдеу жұмысын қолға алып, кәсіпкерлігін бас-тап жатыр екен. Алдағы уақытта өнімдерін көреміз деп күтілуде. "Есбол" шаруа қожалығының иесі Гүлзейнеп Оралбаева жылқы басын көбейтуді мақсат еткен. Аудан мен облыс халқын сапалы қымызбен қамтамасыз етіп отыр екен. Аталған өнімді өндірумен қатар жеткізу жұмысы да тұрады. Бұл жұмысты орындау үшін мейрамханалар мен қонақүйлер бизнесі қауымдастығының төрайымы Балнұр Тілегенова мен аудандағы бірқатар шаруа қожалықтары арасында меморандумға қол қойыпты. Сол меморандумдар негізінде аудандағы кәсіпкерлер қаладағы мейрамханаларды ет, тары-талқанмен қамтамасыз етіп отыр екен.

    Отбасы тәрбиесіне қатысты, ажырасу, жетімдер саны көбейтпеу үшін біраз жұмыстар жасалып жатыр екен. Ауданда Гүлжан Болаева басқаратын "Зейнеткерлер клубы" жұмыс жасайды. Клуб жанынан "Аналар кеңесі" және "Әйел бақыты" деп аталатын келіндер клубы ашылған. Жаңадан құрылған жас отбасыларға тәлім-тәрбие, бағыт-бағдар береді. Олар кикілжің туындаған отбасылармен байланысып, екі жақты шақырып, түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді екен. Осындай жұмыс нәтижесінде ажырасу райынан қайтқандар да болыпты. Клубтың жұмысын тек аудан орталығы емес, барлық елді мекендерге таратып, филиалдар ашу көзделуде.

    Хромтау қаласынан келген кәсіпкер мұндай шаралар маңызының өте зор екенін айтады.
    - Мұнда жас қыздар да, әжелер де бар. Пікір алмасылады, ой туындайды. Жиынның жастарға көмегі көп. Әрбір жаңа бастаушыға бағыт-бағдар береді. Банк қызметкерлері қандай бағдарлама бойынша қандай несиенің тиімді екенін түсіндіреді. Кәсіпке ұмтылғанның қолын ешкім байламайды. Бұл басқосу, әсіресе, ауылдық әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған. Талап болса, шағын кәсіпті үлкейтуге мүмкіндік мол. Тек еңбек ету керек. Біз дән егіп, күтіп баптаймыз. Уақыт өте одан көп өнім аламыз. Жеке кәсіп те сол сияқты. Сонымен бірге отбасы мәселелері де көтеріледі. Себебі әйел – ең бірінші, жанұя ұйытқысы, - дейді Ханбибі Жанғожина. Оның цехында жұмысшыларға арналған қолғаптар шығарылады екен. Хромтаулық кәсіпкер әйел мемлекеттік "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының халық үшін жақсы мүмкіндік екенін айтады. Ол ерінбей еңбектену арқасында Бағдарламаның кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету бағыты бойынша мемлекеттік грантты ұтып алған.

    - Слеттің өте көп пайдасы бар. Қаншама жақсы шебер кластар өткізіліп, бәрін түсіндіріп жатыр. Өте жақсы бастама. 94-жылы зейнетке шығып, 95-жылы саудаға кеттім. Жасым 70-ке жақындап қалды. Қобда ауданынан, Қобыланды батырдың жерінен келдім. Кезінде бұрынғы универмагты әкімнен алып, Қобыланды батырға арналған тойда сол жерге қонақ қабылдадық. Баламның "Нұр және К" атты шаруа қожалығы, өзімнің "Нұрай" деген дүкенім бар. Мұндай тәжірибе алмасып, кеңес беретін шаралар көптеп ұйымдастырылуы керек, - дейді Шәмшия Айжарықова.

    - Мен Қарғалы округінен келдім. Бұған дейін де түрлі басқосулар мен шараларға қатыстым. Түрлі идеялар, тағы да басқа көп нәрсе аламыз. Алға талпынуға жаңа қарқын, күш-қуат береді. Осы слетке қатысқаныма қуаныштымын. Жақсы кеңестер беріледі. Жеке кәсіпкерлігім саудамен байланыс-ты. Шағын маркет, кафе, жеке шаруашылығымыз бар. Жеке кәсіпкерлігім "Алжанова ЖК" деп аталады, - дейді Айгүл Әлжанова.
    Облыс әкімінің қолдауымен Іскер әйелдер кеңесінің белсенді мүшелері шетелдерге шығып қайтқан. Олар ол жақтағы бизнесмен әйелдердің тәжірибелері жөнінде қомақты мәлімет пен пайдалы кеңестер алып қайтыпты. Туындаған ойлар мен идеяларды жүзеге асыру мақсатында "Бір ұстаз – мың ұстаз" жобасы қолға алынған екен. Бұл жоба бойынша облыс, аудан орталығындағы кәсіпкер әйелдер ауылдық жерлерге барады және өздеріне шақырады.

    "Мәртөктік бизнес инкубатор" қоғамдық қорының бастығы Екатерина Лещенко аудандағы кәсіпкер әйелдер туралы айтып өтті. Ол басқарып отырған қоғамдық қор 2003 жылдан бастап жұмыс жасап келеді екен. 2000-жылдары жеке кәсіпкерлік құру туралы ақпарат өте аз уақытта түсіндіру, таныстыру сияқты жұмыстар өте қажет болған. Қажет тәжірибе жинаған бұл қор жеке бизнесін жоспарлаған кез келген әйелге тегін кеңес береді.
    Слетке аудан-ауылдардан 400-ге жуық әйелдер келген. 300-дей тренинг өткізілген. Аудандардан келген келіншектер қаламыздағы жаңа нысандарды аралап, драма театрдағы қойылымға шақырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әкімі әйел болған соң...
  • Алғада бір күнде 3 мың тауық сойылады
  • Ауыл жастары бизнестің қыр-сырын үйренеді
  • Қала әкімі кәсіпкер әйелдермен кездесті
  • Мейрамхана бизнесіне арналған семинар өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге