Шұбаршиден шу шықты

    Шұбаршиден шу шықты

    Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши – Темір ауданының ең шалғай жатқан ауылдары. Осы қатар орналасқан үш ауылда да орта мектеп бар. Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Нұртазина осы үш мектепке “ерекше көңіл бөліп”, соңғы кездері жиі келетін болып жүр. Ауданның бас мұғалімі келген сайын, Кеңқияқ, Саркөл мен Шұбарши орта мектептерінде оқитын балалар мен олардың ата-аналары үрпиіп-дүрлігіп, наразы болады да жатады. Неге?

    Жақында Саркөл, Шұбарши, Кеңқияқ ауылдарының тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтары жиі бұзылатынын айтып, заң кеңесін алу үшін үшін “Нұрсан” заң агенттігінің директоры Ағысбек Төлегеновті әдейі шақыртыпты. Ол маған осы үш елді мекенге бірге баруым-ды өтініп, қасиетті жұма күні жолға шықтық. Не себепті екенін білмейміз, Саркөл ауылының тұрғындары бізбен кездесуге келе алмады. Сондықтан әуелі Шұбарши ауылының бір топ тұрғындарымен кездесіп, олардың өкпе-наздарын тыңдадық.

    “Орамал тақсаңдар, мектепке келмеңдер”
    Ауыл тұрғындарының айтуынша, мектеп мұғалімдеріне сабаққа келуге тыйым салыныпты. Оған себеп, бастарына таққан орамалдары екен.
    Ержан Мұхамбетқалиев:
    – Мен Ислам діні жолында Ханафи мазһабы бойынша намаз оқып жүрген мұсылманмын. Жұбайым Гүлдәурен Мұхамбетқалиева де намаз оқиды. Ол Шұбарши орта мектебінде ағылшын тілі пәнін оқытушы мұғалім болып жұмыс істейді. Он шақты күн бұрын Шұбарши орта мектебінің директоры Әлия Нұржанова мектеп жарғысына өзгерістер енгізіп, мектептегі кәдімгі ұлттық орамал (хиджаб емес!) тартатын бес мұғалімге: “Орамалдарыңды шешіңдер. Орамалдарыңды шешпесеңдер – өз еріктеріңмен жұмыстан шығыңдар!” деп, өзінше билік айтып, сес көрсетіпті. Мектеп директоры өзінің ауызша бұйрығын орындамаған осы бес мұғалімді ерекше бақылауға алып, олардың жұмыстары мен әрбір басқан қадамдарын тексеріп, “тырнақ астынан кір іздей бастады”,- дейді.
    Жақында Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Нұртазина да әдейі осы мектепке келіп, тек орамал тартатын бес мұғалімді мұқият тексеріп кетіпті. Ауданның бас мұғалімі мектеп директоры екеуі ауызша бұйрықты орындамайтын бес мұғалімнен кішкентай болса да кемшілік табуға тырысып жатқан көрінеді.
    - Біздің заң саласынан сауатымыз жоқ болғандықтан, нақты заң кеңесін алайық деп, сіздерді әдейі шақыртқан болатынбыз. Бұл мәселеге заң тұрғысынан не айтасыз?- дейді ауыл тұрғыны.
    Ауылдасының сөзін құптаған Азамат Иманбеков те өз ойын білдірді.
    – Біздің бәріміздің де білгіміз келетініміз – жаңа Ерлан айтқан бір мәселе. Неге біздің жұбайларымыз орамал тартқандары үшін басшылардан қысым көріп, неге олардың заңды, қонституциялық құқықтары бұзылып жатыр? Менің де жұбайым Балауса Иманбекова осы мектепте ағылшын пәнінен сабақ береді. Мен сияқты Ханафи мазһабы бойынша намаз оқиды. Біздің жұбайларымыздың мектепке орамал тағып барғандары қай заңға қарсы? Орамал – заңбұзарлыққа жататын аса қауіпті зат па?-дейді ол.

    Ғабит Мұқашев:
    - Менің қызым және тағы да бірнеше қыз бала мектеп формасымен бірге ақ орамал тағып барып жүр. Ол – оқу озаты, сабақтарын кілең “беске” оқиды. Тәртібі үлгілі. Мұғалімдері мақтайды. Жақында Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Нұртазина мектепке келіп, жиналыс ашты. Оған әйелдеріміз қатысты. Сонда ол орамал тағатын қыздардың аналарына: “Қыздарыңыз орамалдарын шешсін! Мектепке орамалмен келуге болмайды!” деп бұйырыпты. Әйелдеріміз қарсылық білдірген кезде, Гүлнар Нұртазина: “Орамал мәселесін жергілікті жер, яғни мектеп ұжымы ішкі келісіммен шешеді” депті. Бұл мектепке орамалмен тек бес ұстаз бен бірнеше қыз бала ғана барады. Әрине, мектеп ұстаздары мен қыз балалары бар аналардың басым көпшілігі орамал тақпайтындар болғандықтан, жиналыста орамалға қарсы болады ғой! Сонда орамалға рұқсат етілген заң жоқ па?-дейді тұрғын.

    “Орамал таққаны үшін жұмыстан шығаруға ешкімнің құқығы жоқ”
    Темір ауданына барған заңгер Ағысбек Төлегенов осылай дейді.
    – Орамал таққаны үшін ешкім де сіздердің жұбайларыңызды жұмыстан шығаруға құқы жоқ. Бұл – заңсыз әрекет, қысымшылық жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-інші бабының
    жиырма бес тармағында көрсетілген негіздерден басқа, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұбайларыңызды тек орамал таққаны үшін жұмыстан шығара алмайды. Қазақстанның қолданыстағы заңдары аясында, халықаралық стандартқа сәйкес, әйелдерге хижаб киіп төлқұжатқа, жеке куәлікке суретке түсулеріне рұқсат етілген. Яғни, елімізде әйелдерге хижаб, орамал киіп жүруге ресми рұқсат берілген. Ниқап пен паранжаға тыйым салынған. Қазір көптеген мемлекеттік органдарда, Президент аппаратында, Әділет министрлігінде және басқа да министрліктер мен құзырлы мекемелерде хижаб киген қыз-келіншектер жұмыс істеп жүр. Заң бәрімізге бірдей ортақ. Оны әркім өзінше бұрмалауға болмайды. Егер мектеп директоры жұбайларыңызды мектепке орамал тағып келгендері үшін бұйрықпен жұмыстан шығарамын десе, шығарсын. Бірақ ешкім “өз еркіммен жұмыстан шығамын” деп арыз жазбасын. Жұбайларыңыз сол бұйрықтың ксерокөшірмесін қоса тіркеп, сотқа мектеп директорының заңсыз жұмыстан шығарғаны туралы шағымданса – сот міндетті түрде жұмыс берушінің заңсыз әрекетін көріп, жұбайларыңызды жұмысқа қайта орналастыру жөнінде шешім шығарады. Мектеп басшылары мектепке орамал тағып келгендері үшін қыз балаларды да кемсітіп, оқушылардың көздерінше ұялтып, орамалдарын мәжбүрлеп шештіртіп, діни сенімдері мен ар-абыройларына нұқсан келтіретін болса – заң алдында жауап береді,- деді заңгер.

    “Төлеби Оспан рұқсат етпейді”
    Орамал мәселесі осы үш ауылда жиі-жиі көтерілетін болғандықтан, біз “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы” республикалық діни бірлестігінің филиалы – Шұбарши кентіндегі мешіттің имамы Нұрлан Адаевқа жолықтық.

    – Ислам дінінде орамалдың қыз-келіншектерді тәрбиелілікке, имандылыққа, тақуалыққа, инабаттылыққа тәрбиелеудегі алатын орны туралы мектеп басшыларымен сөйлесіп көрдіңіз бе? – деп сұрағанымызда, ол:
    – Өткен жұмада жамағатқа хижаб, орамал туралы уағыз айттым. Бірақ, мектеп директорларымен бұл мәселе жөнінде сөйлескенім жоқ. Сізге де бұл жөнінде ақпарат беруден бас тартамын. Өйткені бізге, имамдарға өкіл имам Төлеби Оспан рұқсат етпейді. Керек діни ақпаратты өкіл имамның өзінен алыңыз,- деді ауыл имамы. Міне, мектеп басшыларының орамал туралы түсінігінің басқаша болу себебі осы. Олар орамал мен сақалды – терроризмге жақын діни ағымдардың атрибуты деп түсінеді. Дұрыс ақпараттың жоқтығынан, дін саласы мамандарының Ислам дінінің аса маңызды тәлімдік-тәрбиелік құндылықтарын дұрыс түсіндірмеуінен осындай жағдай болып жатыр. “Ет сасыса – тұз себеді. Ал тұз сасыса не себеді?” демекші, адамдардың құқықтары бұзылса – қолданыстағы заңдарды қолданады. Ал қолданыстағы заңдарды басшылар мойындамай, өршелене өрескел бұзып жатса – оларға не қолданылады? “Екі түйе сүйкенсе – ортасында шыбын өледі” демекші, білім саласының басшылары мен ата-аналар арасында өзара түсіністік пен келісім болмаған соң, екі ортада білім алуға ұмтылған шәкірттер қиналып, түймедей мәселе түйедей болып бара жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Білім саласының басшыларына Ашық хат
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Астаналық мұғалім орамал тағатын оқушылардың көптігіне таң қалды
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге