Күйеуіңнің жағдайы – сенің айнаң

    Күйеуіңнің жағдайы – сенің айнаң

    Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемдегі он елдің қатарына енеді екен. Бұған кейінгі жылдардағы шаңырақ көтерудің азайып, керісінше ажырасудың көбейіп бара жатқаны себеп болған. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде әрбір үшінші жұп некесін бұзады екен. Оның ішінде отау құрғандарына небәрі бес жыл болған ерлі-зайыптылар “мінезіміз жараспады” деген себептен бастап, өмір сүрудің қиындығын, енемен қақтығысын, бала сүйе алмау, баспана жоғын алға тартады екен.

    Осы кезекте “Жар-жар” жобасы сүйіктілерін таба алмай жүрген қыз-жігіттерге септігі тиіп, газетіміздің әр санында жарық көретін жас отбасылардың қиындық пен қызыққа толы өмірі үлгі болса екен дейміз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Әйгерім Әбілберікова. Әйгерім небәрі 19 жасында Шалқарға, бір үйдің жалғыз ұлына келін боп түсіпті. Аузынан ана сүті кеппеген бала, өзі ата-әжесінің бетіне жел тигізбей, әлпештеп өсірген қызы алғашында келіндік тәртіпке көндіге алмай, қиналып жүреді. Айтпақшы, Арман екеуінің танысуы, серт байласуы аз уақыттың ішінде шешіліпті. “Тіпті күтпеген жерден болды” дейді Әйгерім күліп.
    - Осыдан он жыл бұрын Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің 1-ші курсына оқуға түсіп, 1-қыркүйек күнгі жиында Арманға көзім түсті. Әлі есімде, үстінде көк футболка. Ол да маған күннің сәулесінен көзін сығырайта жымиып, қарап тұр екен. Неге екенін білмедім, бірақ сол сәтте Арман менің бұрыннан танитын адамымдай көрінді. Алла тағала жұп болатын адамдарға солай сездіреді дегенді естуші едім. Біртүрлі қобалжып кеттім. Содан ол менің жолымды торуылдап, әңгімеге тартатын болды. 25 қыркүйек - оқудың енді қызып келе жатқан уақыты. Ол менен лекция көшіремін деп дәптерімді сұрады. Сол күні қыз-жігіт боп, қол ұстасып жүруге ұсыныс білдірді. Өзіне тым сенімді. Мен тосыннан айтқан ұсынысқа таң қалған күйі тұрып қалыппын. Жолымды бөгеп, жауабын асыға күтіп тұрды. “Ертең айтамын” деп назданып, сабаққа кіріп кеттім. Негізі өзім де ұнатып тұрмын ғой. Ертеңінде келісімімді бердім. Қуаныштан бал-бұл жайнаған жігітім мені сол жерде көтеріп алып, шыр айналдырды. Жүрегіміз қатты соғып кетті. Ол сәтті ұмыту мүмкін емес,-дейді күлімдеп. Тіпті сол күні үйленуге де ұсыныс жасапты. Бірақ Әйгерім онысына келісе қоймайды. Арман дегенінен қайтпай 1,5 айдан кейін болашақ жарын анасымен таныс-тырады. Сөйтіп жүріп болашақ қайын жұртымен де таныс болады. Арада 3 жыл өткен соң, екеуі шаңырақ көтереді. Бір жылдан соң, тұңғыш қыздары Әмина дүниеге келеді. Әминаның 8 айында Арман мен Әйгерім Қарағандыға магистратураға оқуға түсіп, баланы әжесінде қалдырады.
    - Кеше ғана босанған қызым сияқты. Қылықтары шығып, жүруге талпынып жүргенде Шалқарға тастап, күйеуіммен Қарағандыға оқуға кеттім. Басында қиын болды. Бірақ әжесі Әминаны әп-әдемі қыз етіп өсірді. Тіпті біз ондай тәрбие бере алмас па едік деп ойлаймын. Себебі өзіміз баламыз,-дейді күліп.
    Қарағандыға үш жыл тұрған уақытта бірге аштықты да, тоқтықты да көріп, оқуларын сәтті аяқтап, оған қоса екеуі ұлды болып, елдеріне қайтады.
    - Бір жағынан диссертация, бір жағынан ішімдегі балам, өзімнің қызымды босанарда дәрігердің қателігінен болған бел жарақаты қосылып, қиын болды. Тіпті екі аяғым жансызданып жүре алмай қалған кездерім болатын. Іштегі баланың салмағы беліме ауырлық түсіріп, тұра алмай жатқанымда Арман мені көтеріп, дәретханаға да апарып, жуындырып көмектесіп жүрді,-дейді көзіне жас алып.
    Бізді жастай шаңырақ көтеріп, балалы болып, оқу кезген жастардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, сүйіспеншілігі қатты таң қалдырды. Арманның мінезді екенін Әйгерім мойындайды. Енесі де алғашында келінінің пысық болуына көп еңбек сіңіріпті.
    - Әлі күнге енемнің қас-қабағын бағамын. Ол кісі жекіріп ұрыспайды. Бір ауыз сөзімен жігеріңді жасытып жібере алады. Соның пайдасын қазір көріп келемін. Арман жалғыз ұл болған соң, талаптанып ауылдағы әке-шешесін қаладан үй алып, көшіріп алды. Қазір ата-енемнің, күйеуімнің жағдайларын жасап, екі баланың үсті-басына қарап, үйімді тап-тұйнақтай етіп әрі университеттегі жұмысыма үлгеріп жүргенім сол енемнің тәрбиесінің арқасы,-дейді Әйгерім.
    Оның айтуынша, мұны көп жас қыздар “шаруама араласты” деп түсінбейтін көрінеді. Өліп-өшіп қосылған сүйген жарынан бір жыл өтпей жерініп жататын жастарға айтары көп.
    - Бәрі әйел адамның қолында. Күйеуіне қалай қараса, одан да сондай жауап аласың. Ер адамның сыртқы бейнесінен, киген киімінен, жүріс-тұрысынан әйелінің қандай екенін көруге болады. Сен күйеуіңе қандай қарым-қатынаста боласың, күйеуің де саған солай қарайды. Атмосфераны туғызатын әйел. Ер-азаматың болған жақсы ғой. Тіпті бірге қол ұстасып, балаларды жетектеп қыдыру бақыт емес пе?! Бастысы арадағы сезім шынайы болу керек, сол кезде ғана кешірімді боласың,-дейді сөзін түйіндеп.
    2007 жылдың күзінен бастап Арман мен Әйгерімнің жұбы жазылған емес. Биыл екеуінің шаңырақ көтергендеріне 7 жыл болыпты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • Шаңырағың шайқалмасын десең әйеліңді құрметте!
  • Света Айтбаева: “Мен әжемнің тұңғыш немересімін”
  • Арнұр Мәденов: “Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге