«Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»

    «Еркек – бас, әйел – мойын дейміз, Бас бұрылғысы келгенде, мойын сіресіп қалса қайтеміз?!» депті ғой дүлей ақын Қадыр Мырза Әли. Бірақ «Жар-жардың» кезекті кейіпкерлері «бас» бола тұра қатайып, «мойын» бола тұра сіресіп көрмепті.

    «Жаратқан табыстырса, демек тегіннен емес. Өз өмірімізді өзімізді қиындатпай, бір-бірімізге міндет артпай, бір-бірімізге бұлданбай жап-жақсы өмір сүріп келеміз»-дейді жас жұбайлар. Жас жұбайлар деуге келе ме екен, екеуінің отасқандарына жақында 9 жыл болыпты. «Арамызда пайда болған сезім әлі сол қалпында»,-деп жымиды Айнұр Сағынаева. Айнұр болашақ күйеуін 17 жасында жолықтырыпты. «2008 жылы құрбым Ақтөбенің жігітіне тұрмысқа шығып, екі қыз болып, Аралдан тойға келдік»,-деп бас-тады әңгімесін. «Маңдайыма жазылғаны сол болды ма, той үстінде қара торы келген, сыпайы жігіттің көзі маған түсе берді. Екеуміз дастархан үстінде танысып, сөз байласып, 1 айдаң соң үйлендік»,-дейді. Ол кезде Айнұр 18-ге де толмапты. Бірақ Жанболат сүйген қызын келісімімен Аралдан Ақтөбеге алып қашады. Әке жүрегі қызының мұратын түсінгенімен, жассынып, қимай, қарсы болады. Айнұр дегенінен қайтпайды. Ата-анасына мән-жайды өзі түсіндіреді. Той қаражат мәселесіне байланыс-ты сәл кешіктіріліп, қараша айында дүркіреп өтеді. Осылайша бар болғаны 4 айдың ішінде Айнұрдың өмірі күрт өзгереді. Кеше ғана бұлғақтаған ерке қыз бір күнде басына ақ орамал тағып, үлкен әулеттің келіні атанады. «Сіз жас-тай күйеуге шыққанда қорқыныш болды ма деп сұрағыңыз келетін шығар? Жоқ. Ешқандай қорқыныш болмады. Жұбайлық өмірге дайын болдым. Мойныма қандай жүк артылатынын жақсы түсіндім. Бөтенсу, жатырқау, жылау деген сезімдерді басымнан кешпедім»,-дейді Айнұр жымиып. Сөйтіп жас келін үйінің бар шаруасын өз мойнына алады. Жас та болса пысық, шаруаға мығым келіншек «білмеймін» деп қол қусырмай, «үйреніп аламын» деп алға тырмыса береді. Мектеп бітіре салып, тұрмыс құрғаннан кейін Айнұр Қызылордадағы оқуын тастап кетеді. Кейін Хромтауда басқа оқуды игеріп алады. Бір жылдай бала көтере алмай жүргенде енесі оған басы артық сұрақ қойып, мазасын алмайды. Керісінше «ештеңе етпейді, көтересің ғой» деп үміт сыйлаумен жүреді. Сөйтіп тура 1 жылдан кейін 2010 жылы Айнұр мен Жанболаттың тұңғыштары - Жәнел өмірге келеді. Араға 1 жыл салып, Даниель есімді ұлдары туылады. Жұбайлық өмірдің тек жақсы жақтарын көріп келе жатқан Айнұр мен Жанболаттың 2014 жылы дүниеге келген үшінші балалары - Әнелдің кенеттен сырқаттануы төбелерінен жай түсіреді. «Сап-сау дүниеге келген қызым 1 айында талмасы ұстап, қатты ауырды. Содан кейінгі жағдайы қорқынышты түстей өтіп жатты. Бірақ бас салып, бір-бірімізді кінәлап, күйе жағу болмады»,-дейді күрсініп. «Біздің үйде «ене мен келін» деген ұғым жоқ. Анасы мен қызы бар. Мен ол кісіні анамдай, ол мені қызындай көреді. Әлі күнге солай. Мүгедек бала бағып отырған кез-келген анаға оңай емес. Ол кісі менің жағдайымды жақсы түсінеді»,-дейді Айнұр. Қазір Әнел 3 жаста. Әке-шешесі қолдарынан келгенін жасап, жан-жаққа емге апарып жүр. Өздері жер үйде тұрады. Күйеуі мен үш баласынан бөлек, енесі, қайын ағасы мен қайын сіңлісі бар. Келіншегінің айтуынша, Жанболат қақ-соқпен ісі жоқ, ойындағысын бетке айтатын адам. Сабырлы, салмақты. «Сенесіз бе, біздің арамызда 9 жыл ішінде қатты ренжісу не бір қатты ұрысу болмапты. Ажырасамын деп мүлдем ойлаған емеспін. Әнелді ауыратын бала деп қарамаймыз. Сау баламыз сияқты қабылдап кеттік. Енді арасында ұсақ-түйек келіспеушіліктер болады. Дегенмен, кектену, қырсығу жоқ. Күйеуіме көңілім толмайтын кездер болады. Бірақ соны қазбалап, тұтатып, өртке айналдыратын әйелдер өзіміз ғой. Менің олай жасауға ниетім де, уақытым да жоқ. Үйдегі алты адамның тамағы, кір-қоңы, үйдің тазалығы – барлығы мойнымда. Көп жағдайда сабырлық танытамын. Енем мен жоқта өзі-ақ бәрін істей береді. Арамызда түйін жоқ. Не де болса ашық сөйлесеміз»,-дейді Айнұр күлімдеп. 10 жылға таяу уақытта бір-біріне ауыр сөз айтпаған, ажырасу туралы әңгіме қозғамаған жас отбасылар да бар екен-ау деп таң қалдық. Тіл-көзіміз тасқа, әрине. Кісі қызығарлық жұп. «Бізде бәрі жақсы. Мен бақыттымын. Тек Әнелдің болашағы үшін қатты уайымдаймыз. Сонда да өзімді жаман ойға жеңдірмей, өмір сүріп келемін»,-деді Айнұр сөзін түйіндеп. 3 бала тәрбиелеп, оның ішінде мүгедек баланың сырқатымен күресіп келе жатқан Айнұр мен Жанболаттың бақыттары еселене түссін дейміз. Қолда барды осылайша бағалай білейік.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • Балағатқа шыдамаған әйел еркектің кеудесіне пышақ сұқты
  • АЙНҰР БОЛГАРИЯДАН БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • Ақтөбеде алғаш рет әйел адам “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • Ақтөбелік әйел «терроризмді насихаттады» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге