“Түркістан – ер түркінің бесігі ғой...”

    “Түркістан – ер түркінің бесігі ғой...”

    Ақтөбе- Баку-Ақтөбе
    Ел мен жер көріп, рухани жадыңды жаңартып тұрғанға не жетсін?! Әсіресе, шығармашылық адамы болсаң, мұндай сапарлар мықты стимул сыйлайды екен. Әдетте, жолсапарларды тек жеке күнделікке түртіп алғаным болмаса, баспа бетіне жариялай бермейтін едім. Бірақ, бұл жолғы сапардың мақсаты мен мүддесі басқарақ болған соң, қолға қалам алуға тура келді. Расымен де, бұл сапар – бұрынғылардан өзгерек еді...

    Жақыныңды жаттай сыйла...
    Ақтөбенің тура да ауыспалы мағынасындағы суық атмосферасынан шаршап шығып, түнгі Ақтөбе-Маңғышлақ пойызына отырдым. Меже – Ақтау қаласына жету. Сол жақтан Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 20 ақын Әзірбайжанға ұшпақпыз. Түбі бір түркі бауырларымыз біздің өлеңдерімізді өз тілдеріне аударып, шетел ақындары антологиясының тұсауын кеспекші екен. “Абылайдың асында шаппағанда, атамның басында шабамын ба?”. Қазақ өлеңінің шашбауын көтеріп, “Баку қайдасың?!” деп жолға шықтым. Қарт Каспийдің арғы жағындағы түркі тектес бауырларымыздың еліне түнделетіп жеттік. Қазақстандық әуе компаниясы рейсті бірнеше рет өзгерткені бар, одан қалды Ақтауда теңіздің жағасынан кетпей, аздап ауырыңқырап қалғаным бар, Бакуге басым мең-зең болып түстім. Бірақ, Гейдар Әлиев атындағы әуежайда біздің сағаттап кешіккенімізге қарамай, тапжылмай күтіп тұрған бауырларды көргенде көңілім шайдай ашылды. Әзірбайжандағы “Түркі әлемі жазушылар Одағының” төрағасы Әкбер Қошалы бастаған бір топ ақын дәм-тұзбен қарсы алып, “қандасым” деп бетімізден сүйіп, бауырына басты. Мұндай жылылықты көргенде, геніміздегі түркі қаны еріксіз бұрқ-сарқ етті... Тіпті көзге жас келді.

    “Түбіміз бір түркіміз!”
    Әзірбайжан халқы өздерін “әзерилерміз” деп атайды екен. Әзерилердің қазаққа деген ықыласы мықты. Қарапайым халқы көшеден көрсе “кәрдәшім” (бауырым- ред) деп құшақ жая ұмтылады. Қолындағы барын алдыңа тосады, адассаң - қасыңа еріп жүріп жөн сілтейді. Және әзірбайжан жастарының бір ауыз орысша білмеуі ерекше әсер етті. Дәріханасына, кафесіне, дүкені мен кітапханасына кірсең де алдыңнан күлімдеген әзери жастарын кезіктіресің. Бәрі ағылшынша, түрікше және өз ана тілдерінде сайрап тұр. Бірақ, орысшаға жоқ... Еріксіз өзіміздің елді еске алдым. Қазақша сұрағыңа орысша жауап беретіндердің көптігін көріп жүрміз ғой. Шынын айту керек, өзіміздің намыссыздығымызға ұялдым... “Дала барысы - ер түркінің ұрпағы едік, мұншама неге жасық болдық?” деген ой келді. Жалпы Бакуде болған бес күн ішінде әзерилерден үйренеріміз көп екен деген тоқтамға келдім. Әзірбайжан ұлтының басым бөлігі Бакуде тұрады. Жанындағы армян халқымен ғасырларға созылған қақтығыстарға қарамай, ұлттық идеологияларын мықты ұстанған ел екен. Қыздары өзге ұлттың жігітімен бас қоспайды. Біздің жанымызда басынан аяғына дейін еріп жүрген журналист, блоггер Эйшенің айтуынша, басқа ұлтқа күйеуге тиген қыздарын туыстары көрмей кетеді екен.
    - Бізді кішкентайымыздан солай тәрбиелейді. Басқа ұлтқа тұрмысқа шықсақ, түбімізден, туыстарымыздан айрыламыз. Ал қай қыз төркінін ұмытып, одан ажырап қалғысы келеді? Қай қыз ата-анасының ақ батасын алмай, некелі болғысы келеді? Сол себепті тек өз ұлтымызға ғана жар боламыз. Ал жігіттерімізге ондай шектеу жоқ,- деп жымияды Эйше.
    Мұстафа Шоқай аңсаған Түркістанның тұрғындары, яки оккупанттар еріксіз бірнеше мемлекетке бөліп жіберген түбі бір түркі тілдес қазақ, түрік, қырғыз, өзбек, әзірбайжан, саха, татар тағы да басқа ұлы даланың көшпенділері Бакуге жиналып, түркі әлемінің бірігуі мен әдеби-мәдени байланысы туралы сыр шертістік. Ғасырлар бойы бір-бірімізден ажырап қалсақ та, туыс халық екеніміздің айғағы ретінде бір-бірімізді аудармашысыз түсіндік.

    Кеңес кезіндегі қырғын. Ұлттық трагедия
    Жеті мемлекеттен жиналған ақын-жазушыларға әзірбайжанның ұлттық құндылықтары мен тарихын тәптіштеп айтып жүрген Исмет бей біраз сырдың шетін ашты. Бакудің қақ төрінде 1990 жылғы 20 қаңтарда қырылған халыққа арналған арнайы бақ бар екен. Оны әзерилердің өздері “Шәһиттер бағы” деп атайды. 1990 жылы тəуелсіздік сұрап алаңға шыққан 1500 адамды кеңес əскері бір мезетте танкпен тапап өлтіреді. Əзірбайжандар шаһид болғандардың біразын сол алаңға жерлеп, əрқайсысына жеке-жеке құлпытас-ескерткіш орнатып қойыпты. Қаралы құлпытастардың көшін жас жұбайлар бастап тұр. Күйеуін танк таптап кеткенін көрген жас келіншек өзі танктің астына түскен деседі... Той үстінде осылайша опат болған қос қыршын алаңда мəңгі мекен етіп жатыр енді.
    - Кеңес заманында түркі халықтарын арнайы осылай қырғаны тарихтан белгілі. Кеңес Одағының құрамында болған барлық республикаларда мұндай қырғын болған жоқ. Тек түркі халықтары ғана осындай зобалаңды бастан кешірді. Естеріңізде болса, 1986 жылы қазақтардың жастарын желтоқсанда бір қырды, содан кейін Бакуде алаңға жиналған халықты аяусыз өлтірді. Көмекке келген жедел жəрдем көліктерін де танкпен таптаған,- дейді Исмет бей.
    Шаһидтер аллеясындағы қаралы көштің негізгі басында жас жұбайлардың суреті тұр. Қара мәрмәр тастан мөлдіреген екі жастың суреті Бакудің ғана емес, күллі түркі жұртының қасіретін айтып тұрғандай. “Көк мұзда жалаңаш отырып, опат болған желтоқсаншылардың да əрқайсысына осындай белгі қоя алсақ қой” деген бір қыжыл кетті біздің көкейде. Әзери бауырлардың тағы бір қасиеттері – жасаған жақсылықты өмірі ұмытпай, атадан балаға аманат етіп қалдырады екен. Сондай бір естеліктердің бірі - ұлт зиялылары жатқан пантеон десек қате айтпаспыз. Кірсең шыққысыз, аурасы ерекше бұл бақтың ішінде Әзірбайжанның тұлғалары жерленіпті. Атақты әнші Мүслім Магомаев та өз аманаты бойынша осы жерге қойылған. Жасыл терегі көк тіреген, жаймашуақ ауасы, жанға жайлы аурасы бар бақтың ішін аралап жүріп түсінгеніміз – әзери бауырлар өз тарихына, өз тұлғаларына өте адал екен.
    - Қазақ зиялылары бір-бірімен айтысып, қит етсе Өзбекстаннан мысал айтып уақыт озғызып жүр. Латын қарпіне байланысты айтар тағы бір жайт бар. Біз балақтағы үтірді басқа шығарып, кезінде Ахмет Байтұрсынұлы қолданған “Ә” таңбасынан бас тартып “А” таңбасының төбесін түрттік. Ал әзірбайжандықтар оны 1992 жылы латын қарпінің қатарына қосып, әлі күнге дейін тиімді пайдаланып келеді. Осы мәселе қайта қаралса һәм “ә” таңбасы қаз-қалпында қалса әdemi болар еді. Кирилицада да “ә” қарпі болған емес. Өзіміз қосқанбыз. Яғни, бұл біздің төл қарпіміз,- дейді қарағандылық ақын Жанат Жаңқашұлы көшедегі жазуларға қарап.

    Ақшасының құны бар
    Әзірбайжанда 1 доллардың құны 1 манат, 70 тиын. Біз 1 долларды 333 теңгеге сатып алып едік Ақтаудан. Ақшасы құнды. Көшедегі қараша халық та көңілді көрінеді. Жөн сұрасаң жолға салып әбігер. Ғасырлар бойы Армениямен арадағы қақтығысты айтсаң, кез-келген әзери қолын сермеп, көрші халықтан көрген зорлық-зомбылықты тізбектей жөнеледі. “Түбінде түркі одағын құрып, күллі түркітілдес халықты бір ту астына жинау” керектігін айтады. Мұстафа Шоқайдың “Түркістан үшін жан беру керек” деген сөзін ұран етеді. Бакуден кері ұшарда Әкбер Қошалы бастап күтіп алған ақын-жазушылар қимай қоштасты. Тіпті қапсыра құшақтап көз жастарына ерік берді. Жақын бауырыңды тастап бара жатқандай, қимастық сезім бойды биледі. Көкке көтеріліп бара жатып “Түркіге Тәңір жар болсын!” деп күбірлеп келе жатқанымды байқадым...

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ардақ Жұбанова: “Атамды ұстап берген өзінің шәкірті, қазір белгілі ғалым”
  • Әлеуметтік желі – журналистің басты құралы
  • Шашыңды сарыға бояма, қалқам
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды
  • Тағдыр талайы немесе Түркиядағы ырғыздық скрипкашы туралы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге