Тілегім – отбасының бүтіндігі

    Тілегім – отбасының бүтіндігі

    Кейде басқаларға ой салу үшін міндетті түрде тарихта аты қалған тұлғаларды үлгі тұту керек емес сияқты. Күнде көріп, елеусіз ғана амандасатын адамның тіршіліктегі бейбіт майданның батыры екенін біле бермейміз. Жақын барып әңгімелесіп, қарапайым жанның қандай кейіпкерге айналғанын көріп таңданамыз.

    Ілияс Әбдірахмановтың тіпті дипломы жоқ. Бірақ аз уақыт ішінде көргені бірнеше университет бере алмайтын біліммен теңдес. Отбасылық өмірде біраз түйгені бар ғой деп әңгімеге тарттық.
    - Қалаға жақын жердегі ауылға 1 класс оқып жүргенде көшіп келдік. Қарапайым жанұяда дүниеге келдім. Мектепті ауылдан бітірдім. Оқуға түсуге мүмкіндік болмады. Әкем өте қатты ұстады, ешкімнің ала жібін аттамауға, адал еңбекпен несібе табуға тәрбиеледі. Бір нәрсені дұрыс істемегенімді білсе, оңдырмайтын еді. Ата-анамның берген тәрбиелеріне өте ризамын. Қазір екеуі де бақилық болып кетті, АЛЛА алдарынан жарылқасын. Адам баласы әр түрлі ғой: мінезі, өмірлік ұстанымы, өмірден түйгені дегендер неше түрлі. 40-қа келмей кісі болып қалдым демеймін, сұраған соң бөлісіп жатқаным ғой,- дейді отағасы.

    Оның айтуынша, өмірден әлі үйренері көп екен.
    - Өмірден үйренерім әлі алда. Оқитын мүмкіндігім болмаған соң, неше түрлі жұмыс істедім. Қалада баспанам да, арқа сүйер тірегім де болған жоқ. Дәнекерлеуді үйреніп, бұйырған жеке тапсырыс жұмыстарын орындадым. Жастау кезімде жұмыстарын істетіп алып, ақшамды бермей кеткен кездер де талай рет болды. Бірақ қуынып, соттасқан кезім болған емес. Іштей ренжіп, алайда болашақтан үміттеніп жүре беретін едім. Мүмкін оқырмандар сенбейтін шығар. Бір рет бір мекеме жұмысын істетіп алған соң, елсіз-сусыз айдалаға тастап та кеткен. Абырой болғанда, 1 машина кездесіп, сонымен аудан орталығына жеттім. Өте қатты суықта да, ыстықта да, көп адам төзіп, істей бермейтін еңбек жағдайында да мойныма алған жұмысымды орындап шығатын едім. Бірақ сол қиындықтар, өте зиянды да қауіпті жұмыс жағдайлары менің денсаулығыма біраз кері әсер етіп кетті. Ақтөбе облысының көп аудандарында газ, су жүргізу жұмыстарына қатыстым. Сол кезде қасымда болған жігіттерге ризамын. Менің түсінгенім: қиын жағдайды бірге көрген жігіттер ғана сенімен адал дос болады екен,- дейді Ілияс.

    Отбасының арқа сүйер тірегі болып отырған жігіт келіншегіне риза екенін айтады.
    - Келіншегім Нұргүлге алғысым шексіз. Сол кездері менің жағдайыма қарамай, маған тұрмысқа шықты. Мен қайда барсам, сол жаққа барып, неше түрлі баспаналарда балаларыммен көшіп-қонып жүрді. Қаражат болмай, жағдай қатты төмендеген біраз жыл бойы сабыр етті. Қиын жағдайларда көтерген тұңғыш сәбиімізге жарық дүниеге іңгәлап келу бұйырмапты. Нұргүл қиындықпен қолға келген аз нәрсесін тиімді жұмсай білді. Тұрған жерді таза ұстау, балалардың үсті-басына қарап, тамағын беру, одан қалды күйеуінің жағдайын жасау – әйелге оңай шаруа емес. Шынын айтсам, көп әйел бұларды теориялық білгенмен, іс жүзінде атқара алмайды. Оның қасымда болған әрбір сәтін өте жоғары бағалауым керектігін жақсы түсінемін,- дейді ол.
    Ілияс өмірде ғажайыптың болатынына қатты сенеді.
    -Мен өмірде ғажайып болады дегенге сенемін. Ол да – Құдайдың қалауымен болатын жағдай. Мысалы, істеп берген жұмысымның ақшасы берілмей, аяғы сиырқұйымшақтанып кеткенде, еңбекақымды алатынымнан күдер үзгенмін. Сондай бір күні менімен хабарласып, "ақшаңызды алып кетіңіз" деді. Қолыма түскен еңбекақымның ел қатарлы пәтер сатып алуға жететінін білгендегі қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Құдайға сансыз шүкір. Қазір 4 балам бар. Нұргүл кеше ғана перзентханадан шықты. Отбасы – адам үшін өмірдегі ең басты нәрсе. Менің бар тілегім – байлық емес, отбасымның, туыстарымның, достарымның, бүкіл адамзаттың амандығы. Ең бастысы жүректе Алла болуы керек. Онсыз жақсы нәрсе аз болады, - деді Ілияс.
    Еңбекқор жігіттің жары да күйеуінің сөзіне артық ештеңе қосқысы келмейтінін айтады.
    - Ілиястың алдына түсіп не айтайын, бәрін де айтып берді. Қиындыққа шыдай білсең, Алла сыйын аямайды екен. Соған көзім жетті, - дейді күліп.
    Біз Нұргүлдің бойынан жолдасын қатты сыйлайтынын аңғардық. Қазақы тәрбиенің қазіргі гендерлік саясатпен қайшы келетінін, алайда отбасын сақтауда төл тәрбиеміздің өте құнды екенін сезіндік.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік келіншек өзін жын иектеп жүргенін айтты
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • “Әйелдің күйеуінің тегіне өтуі - исламға қайшы”
  • Қонысбек Терекұлы: “Халықтың жақсылығын ешуақытта ұмытпаймын”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге