Ақтөбеде жалғыз сенбернар тұқымды ит бар

    Ит – жеті қазынаның бірі, - дейді қазақ халқы. "Керек Инфо" газетінің редакциясы "келе жатқан ит жылы қазыналы жыл болсын" деген тілекпен Ақтөбедегі сирек иттердің иелерімен сұхбаттасқан еді. Қаладағы жалғыз сенбернардың иесі Наталья өз иті туралы толық баяндап берді.

    - Амадей – 8 айлық күшік. Бұны бізге қызымыз сыйлады. Өзі студент болғаннан кейін біздің ішіміз пыспасын деген ғой. Оны қаншаға, қайдан алғанын айтпады. Ғаламтордан, хабарландырулардан қарағанымызда, ерекше тұқымды мұндай иттің күшіктері 100 мың теңгеден басталады екен. Санкт-Петербург қаласында сенбернардың 2-3 айлық күшіктері 1000 доллар тұрады. 8 айлық мына күшік 3 мың доллардан 5 мың долларға дейін деп бағаланады. Бізге келгенде 2 айлық болды. Қазір салмағы 70 кг-ға жуық. Өте жуас. Балаларды, басқа адамдарды жақсы көреді,- дейді ерекше тұқымды иттің иесі.

    Айтуынша, сенбернар ұйықтауға асықпайды екен. Басқа тұқымдастарына қарағанда, өте кеш ұйқыға жатады.
    - Ұйқыға кеш уақытта, сағат 23.00, 24.00-дерде жатады. Ертеңгісін түрлі уақыттарда оянады. Кейде 06.00-де тұрып алып, далаға шығатынын білдірсе, кей уақыттары 11.00, 12.00-ге дейін ұйықтайды. Тұрғаннан кейін далаға алып шығамыз, тамақ береміз. Содан кейін қайта ұйықтайды. Басқа иттерді білмеймін, әлі күшік болғасын ба, мына ит уақытының көп бөлігін ұйқымен өткізеді. Оның белсенділігі кешкі алтыларда басталады. Сосын түнгі 11-ге дейін жатпайды. Доппен ойнағанды жақсы көреді. Кішкентай кезінде шағын доппен ойнаса, қазір теннис добымен ойнайды,- дейді Наталья.
    Бұзаудай иттің қазіргі түрі үлкен иттерге пара-пар. Иесінің айтуынша, доппен ойнағанды ұнатады екен.
    - Қарды қатты ұнатады. Табиғи жаратылысы бойынша олар құтқарушы болып табылады ғой. Оларға генмен берілген сияқты. Қар түссе болды, тұмсығын қардың астына тығып жіберіп, бірдеме іздейді де жүреді. Қар қалың болса, басын да түгел тығып жібереді. Қарға жатып алып рахаттана аунайды,- дейді иесі.
    Сенбернардың қарды ерекше жақсы көретінінің бір себебі – шыққан тегінен болса керек. Сенбернар - Швейцариядан шыққан аристократтық тұқым. Шетелде төтенше жағдайларда құтқару қызметтері де иттің осы тұқымын жиі пайдаланады екен. Қар көшкіні, сел кезінде қар, үйінді астында қалған адамдарды іздеуде сенбернардың көмегі орасан зор.
    - Аулаға серуендеуге шыққанда басқа иттерді көрсе, кәдімгідей шаттанады. Басқа иттерге ырылдап, тісін ақситып айбат шегетін кейбір иттер болады ғой, бұл ондай емес. Бас салып ойнағысы келеді. Төбелесу ойында жоқ. Оның ротвейлер, алабай "достары" бар. Қандай тұқым болса да, асыр салып ойнауға құмар. Ауладағы барлық бала мұны жақсы көреді. Далаға шыққанын асыға күтіп жүреді. Жұмыстан келе жатсақ "Амадей" қашан шығады, қазір шығасыздар ма? – деп жабыла сұрайды. Біз кішкентай балаларға қатты жақындатпауға тырысамыз. Еркелеп, аяғын алдыңа салғанда ауыр-ақ,- дейді Наталья.
    Сенбернардың бір аяғының өзі 7 келідей болады екен. Ит иесінің айтуынша, Ақтөбеде ветеринарлық бөлімдер заман талабына сай емес. Үйлерінде хайуанаттары бар ақтөбеліктер үшін бұл азаптың азабы. Хайуандарға арналған рентген аппараттар да жоқ екен.
    - Шынын айтсақ, Ақтөбеде ветеринарлық бөлімдер басқа елдердегіден көп артта қалған. Кинологиялық филиал төрағасына алғысымыз шексіз. Ол итті күтіп-бағу бойынша кеңестерін аямайды. Надеждаға да рахмет айтамыз. Ерекше тұқымды ит иелерінің көбі олардың мәселелері бойынша Орынборға барады. Ол жақта иттері бойынша кеңестер алып, қажет болған жағдайда оларды емдейді. Ол жақта жануарларға арналған мамандандырылған үлкен клиника бар. Ақтөбеде жануарларға арналған рентген аппараты жоқ. Адамдарға арналған аппараттарға түсіруге мәжбүр боламыз. Онда да дәрігерлер келіссе ғана. Анализ тапсыратын да жерлер жоқ. Тағы да адамдарға арналған орындарға жүгінеміз. Ал адам мен жануар анализдерінің айырмашылығы жер мен көктей. Ақтөбеде бұдан басқа сенбернар көрмедім. Біздің клубта жоқ. Өтіп бара жатқан адамдар кілт тоқтап: "Мынау сенбернар ма? Қашаннан бері жүр?" – деп сұрайды. Жер бетінен жоғалып кеткендей әсермен қабылдайды. Соған қарағанда қаладан олар да көрмеген болу керек. Кейбіреулер машинадан басын шығарып: "Мынау Бетховен ғой" деп айқайлап жатады,- дейді Наталья.

    Негізі, бұл тұқым шоқтығының биіктігіне дейін метрге жақын болады. Салмағы 90 келіге дейін жетеді. Орташа сенбернарлар 80-90 см болады екен. - Амадей біртекті тамақ жемейді. Аралас-тырып отырамыз. Басында итке арналған құрғақ тамақтар беріп жүрдік. Ботқа, сорпа, сүйектер сатып аламыз. Күн сайын кешке 2 келі ет жейді. Шикілей де, асып та береміз. Құрамында тауық, сиыр еттері бар. Ол құрғақ тамаққа аса құмар емес, табиғи өнімдерді жақсы көреді. Кейбір тамақ түрін клуб арқылы арнайы тапсырыспен алдырамыз. Ол тек таза еттен жасалады. Дүкендерде жоқ. Бірақ таза өзін бермейміз. Ботқа асып, қасықпен араластырып береміз. 1 банкасы 10 шақты күнге жетеді, - дейді Наталья.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлемдегі ең ірі иттердің бірі Ақтөбеде тұрады
  • Жылқыны қойға айырбастаған шаруа
  • БАЛАБАҚШАДАҒЫ “ӘКІМДЕР” (әзіл-шыны аралас)
  • Ақтөбеде ерекше орман тәлімбағы ашылмақ
  • Ауыл тұрғыны: мемлекеттік қызметкер қызымның көзінше итті атып өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге