Әлемдегі ең ірі иттердің бірі Ақтөбеде тұрады

    Бұл итті иесі Новосібір қаласындағы "Эден Спейс" тәлімбағынан алдырып, атын "Викинг" деп қойыпты.

    2 жыл 1 ай бұрын туған, қазақы төбеттен де ірі, аюдай бұл ит әлі "күшік" жасында екен. Иесінің айтуынша, Тибет мастифі иттері 4 жылда толық жетілетін көрінеді.
    - Біз отбасымыз болып иттерді қатты жақсы көреміз. Мұны алғанға дейін тұқым туралы көп оқыдық. Іздестірдік. 2016 жылы қыркүйекте 11 айлығында көрмеге қатыстық, - орын алған жоқпыз. Бірақ біз орын алу үшін қатыспаймыз. Оны басқа иттермен "аралассын" дейміз. Өйткені жай күндері көшеге серуенге алып шықсақ, басқа иттер бұған алыстан үріп-үріп, қорқып қашып кетеді. Бұл "өзінше араласқысы" келеді, бірақ онысы үнемі мүмкін болмайды. Тағы бір байқағаным: егер бұны аналық иттер тістелей бастаса, мыңқ етпей тұра береді. Ал еркек иттерге олай шыдап тұрмайды. Көрме кезінде оны суретке өте көп түсірді. Содан шаршаса керек, суретке түсіргенді жақсы көрмейді,- дейді Евгений есімді ақтөбелік.
    Тибет мастифінің тұқым тазалығын сақтау үшін бұрын арнайы қамқорлыққа алынбаған екен. Сондықтан да оның табиғи жолмен тараған 20 шақты түрі бар. Соңғы уақыттары ғана мастифті тек мастифпен жұптастырып жатыр. Мастифтің "арыстан" деп аталатын түрі бар. Түсі сары, жалы үлкен болып келеді. Бірақ денесінің ірілігі мынадан кішілеу.
    - Ақтөбеде менен басқа Лапшин деген азаматта мастифтер бар. Ол тек "арыстандарды" асырайды. Жұрттың бәрі ірі болған соң тамақты көп жейді деп ойлайды. Бірақ мүлде олай емес. Ол 1,5 есе ірі болса да, овчаркадан да аз жейді. Күніне жалпы салмағы 1,5 кг тамақ жейді. Кей кездері, әсіресе жазда, 1-2 күн тамақ жемей де қояды. Мысалы, бүгін таңертең берген тамақты жеген жоқ. Басында бұған арнайы фирмалар дайындайтын құрғақ қоректер беріп жүрдік. Ерекше тұқымды иттер мәселесімен айналысатын Ирина есімді азаматша бірде ботқа да беріп тұрыңыздар деді. Ботқа беріп едік, содан кейін арнайы тамақтарды жемейтін болды. Шикі етті де, піскен етті де жейді. Бұршақтан жасалған ботқадан басқасының бәрін беруге болады. Піскен асқабақты сүйсініп жегенін көргенде таң қалдық. Бұл да адам сияқты: бір күні сүйсініп жеген тамағынан келесі күні бас тартуы ғажап емес. Қыркүйек айында өлшегенде, 67 келі болды. Викингтің әкесінің биіктігі 85 см болды. Біз "бұл тұқымның ойлай алатын қабілеті бар", "Тибет мастифтерін үйретпейді, тәрбиелейді" дегенді оқығанбыз. Осыған көз жеткізу үшін тәжірибе жасадым. Тәтті бір нәрсе алып, "Викинг, бері кел" дедім. Келді. Тәттісін бердім. Екінші рет те солай болды. Үшінші рет қайталағанымда, бетіме қарады да, "жә, қойшы" дегендей бұрылып кете берді. Ол шешімді өзі қабылдайды. Немерелерім мен қызым сөйлескен уақытта Викингті міндетті түрде сұрайды,- дейді сиырдай иттің иесі.
    Тибет мастифі далада жатады. Кейде есік алдына жатып алады екен. Иесінің айтуынша, далаға шығу үшін кейде итінен “рұқсат сұрайды” екен.
    - Таңертең тұрып есікті ашайын десең, итере алмайсың. Сондай кезде есікті тықылдатып, "Викинг, мен шығам" дейміз. Орнынан тұрып, қарсы алады. Жылына бір рет түлейді. Жүні өте көп түседі. Жай тарақпен 5 минуттай тарағанда, 1 пакет жүн түседі,- дейді ол.

    Тибет мастифі – қымбат тұқым. Өйткені бұған қызмет көрсету де қымбат тұрады. Ал Ресейде Қазақстанға қарағанда арзан екен.
    - Хабарландырудан көргенімде Алматыда бұл тұқымға 1 млн. сұраған екен. 350 мың сұрағандарды да көрдім. Бірақ арзандары көбіне таза тұқым болмайды, - дейді иесі Евгений Хохлов.
    Евгенийдің айтуынша, инсульт алуына байланысты кейбір көрмелерге қатыса алмай қалыпты. Бұйыртса, алдағы көктемде болатын көрмеге қатысу ойлары бар екенін жеткізді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жалғыз сенбернар тұқымды ит бар
  • Ақтөбелік тұрғынның үйіне жыртқыш құс ұшып келді
  • Ақтөбелік әйелдердің арасында жатыр жарасы көбейген
  • Ит асыраушылар бас қосты
  • Ауыл тұрғыны: мемлекеттік қызметкер қызымның көзінше итті атып өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге