“Енемді сағынып жүрмін”

    “Енемді сағынып жүрмін”

    Ауызекі тілде бұны дағдарыс кезеңі деп айтады. Сіз бұл туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Неліктен кейбір отбасындағы ерлі-зайыптылар өмір бойы жанжалдасып өтеді, ал басқаларын қашан көрсең де, көз тоймайтын жұп болып, қол ұстасып жүргені...

    Амандық пен Жанар Сейілхановтардың отау көтергендеріне жеті жылдан асыпты. Айтуларынша, қарым-қатынастың дағдарыс кезеңінен өтулеріне бақандай бес жылдары кетіпті. «Оңай болмады» дейді Жанар. Осы ретте аталарымыз «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп бекер айтпаған ғой. 2007 жылдың күз мезгілінде нөмірі бірінші автобуста кездейсоқ жүздескен Амандық пен Жанар үш жылдан соң бір-біріне өмірлік серік болатындарын білмеген еді. 2010 жылы ақ некелері қиылып, шаңырақ көтереді. Осы орайда Жанардың есіне бір жайт түсіп кетті ме, күліп жіберді. Себебін сұрадық.
    - Әлі күнге достарымыздың арасында біз туралы әңгіме жүреді. Имам Амандық екеуміздің некемізді қиып жатқан уақытта менен махрға не қалайтынымды сұрады. Тапжылмай «лексус» автокөлігі керек екендігін айттым. Достарым дүр ете қалды. Имам қайта сұрады. Амандық сол жерде маған көлік әперетініне үш рет уәде етті. Бірақ мен көлікті өзіме емес, Амандыққа мотивация болсын, «жақсы сөз-жарым ырыс» деген ниетпен сұрадым. Мұны көбісі түсінбей қалды,-дейді Жанар жымиып.
    Амандық үйдің кенжесі ретінде қара шаңырақтың иесі атанады. Ата-аналары жас келіннің қолынан шай ішіп, қуаныштары қойындарына сыймай жүреді. Көп ұзамай өмірге тұңғыштары Қамбар дүниеге келеді. Күндер тіршіліктің күйбеңімен өте береді. Отбасылық өмірдің дәмін татқан екі жас кешегі албырт кезеңнен арылып, ашуды - дос, ақылды – дұшпан етіп алады. Үйдің берекесі қашып, ұрыс-керіс көбейеді. Дәстүр бойынша ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне бара алмайды әрі «анаңмен сөйлесе берме» деген шектеулер жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. «Қиын несі бар» деген орынды сұрақ туындайды.
    - Үйдің еркесі, ханшайымы, әлдилеп өсірген гүлі болып өскен қызға келін болу қиын ғой. Маған «сен ертең бір үйдің келіні боласың» деп ата-анам тәрбие бермеді. Керісінше «оқуыңды жақсы оқы, жақсы жұмысқа тұрасың» деп үнемі құлағыма құятын,-дейді Жанар өткеніне көз тастап.
    Сөйтіп оқуда озат, түзде жат қылық көрсетпеген қыздың жұбайлық өмірден еш хабары болмай, қатты қынжылады. Қиындық тұрмыстық сипатта емес, көп жағдайда тұлғалық қасиеттерге байланысты болатын. Тұйық мінез, өз ойын, сезімін жеткізе алмау, ашық әңгімелесуден қорқу, балалықтан ересек адам психологиясына өте алмау, ер адамның әйел затына қарағанда бір саты биік тұратындығы - өмірдің қалтқысыз заңы екендігін білмеу өмірлерін қиындатып жібереді. Сөйтіп жас босанған Жанар мен жаңа ғана әке атанған Амандық үшін ауыр кезең басталады.
    - Сәби қырқынан шыққанша анасы мен баласы өмір мен өлім арасында болады деген рас екен. Жас босанған әйелдің психикасы үзілейін деп тұрған жіппен бірдей. Ағзада гормондар бір көбейіп, бір азайып, тұрақсыз болғандықтан, жас аналар түймедей нәрсені түйедей қып көреді. Сол қалт-құлт еткен кезеңде отбасылық өмір мен үшін қиын деген ойлар қайта-қайта келе берді. Қатты депрессияға ұшырадым. Енеммен тіл табысып, жағдайды қалпына келтірудің орнына кері кеттім. Мен үшін өмір аяқталғандай боп көрінетін,-дейді кейіпкеріміз көзіне жас алып.
    Психологияда ерлі-зайыптының үйленгеннен кейінгі қарым-қатынасы жеті кезеңнен тұрады десек, соның алғашқысы – тәтті кезең. Ер мен әйелдің арасындағы романтикаға және жан тебірентерлік сезімге толы кезеңі.
    - Алғашқыда бізде бәрі жақсы болды. Жұбайлық өмірдің басы қашанда қызықты болады ғой. Екінші кезеңі – жалығу кезеңі. Сүйікті адамыңыздың жағымды және жағымсыз жақтарын нақты бағалай бастайсыз. Бұны да басымыздан өткердік. Үшіншісі өте ауыр кезең – жиіркену, жек көру кезеңі. Жек көру кезеңінде бізде ұрыс-керіс көп болды. Бір-біріміздің теріс қылықтарымызды, кемшіліктерімізді ғана байқайтынбыз. Бұдан шығудың ең жеңіл және ең жаман жолы ол – айырылысу немесе ажырасу. Дәл осы кезеңде ажырасқымыз келді. Негізінде көбісі осы үш кезеңнен аса алмай, батпаққа батқан арбадай шыға алмай қалады. Бүкіл өмірлерін жанжалмен, жек көрумен өткізеді,-дейді Жанар.
    Біз Амандық пен Жанардың некелерін қалай сақтап қалғандары туралы сұрадық.
    - «Екі жастың ортасына есі кеткен ғана түседі» демекші, бұл мәселеде біз ата-ана, дос-құрбы, адвокат, сот жүйесін араластырмай, бетпе-бет отырып әңгімелестік. Адамның ақылы өзіне жетпейді екен. Біз сол уақытта елге үлгі боп, әдемі ғұмыр кешіп жүрген таныс отбасылармен сөйлестік, тәжірибелі психологтардың кеңесіне жүгіндік,-дейді екеуі.
    Олардың айтуынша, екі жастың ажырасқан, отбасын құрмаған, бақытсыз адамдардан ақыл-кеңес сұрауы дұрыс емес. Кері әсер етеді. Осыдан кейін Жанар бір сәт айналасына қарап, өмірдің тек жақсы жақтарын көруге ұмтылады. «Мен неге жақсы әйел, ибалы келін, мейірімді ана болуға ұмтылмаймын» деп жиі ойлана бастайды. Сол сәттен бастап олардың өмірлері күрт өзгереді. Бастарынан қара бұлт көшіп, күннің сәулесі жарқырай бастайды. Кірбиген қабақтары ашылып, үйдің іші күлкі мен қуанышқа толады.
    - Ең бастысы, енемнің жағдайына кіріп, жанына үңіліп, оның керемет жан екендігіне көзім жетті. Мені әрдайым қолдап, күйіп кеткен тамағымды «дәмдісін-ай» деп жеп алатын. Мамам жақында өмірден өтті, қатты сағынып жүрмін. Үйдің іші қаңырап қалғандай әрі-сәрі күй кештім,-дейді Жанар мұңайып.
    Келіншектің айтуынша, әйелдің ер адамнан бір саты төмен тұратындығын түсіну, ерін Құдайдай сыйлау шаңырақтың шайқалмауына сеп. Олар шыдамдылық, парыз бен сыйластық, достық сынды алты кезеңнен аман-есен өтіп, жетінші - махаббат кезеңіне аяқ басты.
    - Біреулер махаббат өтті-кетті деп түсінеді. Махаббаттың дәмі әр түрлі. тәтті және тұзды, ауыз қуыратын және тұтқыр, ащы, тіпті қышқыл. Шын берілу мен шыдамдылық – бұл махаббатың басты қасиеттері. Егер сіз жұбайлық өмірде «махаббат бітті» деп ойласаңыз, онда оның тіпті басталмағаны,-дейді кейіпкерлеріміз сөздерін түйіндеп.
    Ал, сіздер қай кезеңдесіздер?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік әйелдер арзан жанар-жағар май алып беруге уәде еткен
  • «Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»
  • Күйеуіңнің жағдайы – сенің айнаң
  • Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.
  • Абдолла-Әлилә Нұсқабаевтар: Ажырасу дегенді білген жоқпыз
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге