“Аналар үйін” паналаған ақтөбелік келіншектердің жартысы күйеуге шыққан

    “Аналар үйінің” үйлестірушісі Таңсұлу Лакова 3 жылдан бері барар жері, басар тауы жоқ көптеген қыз-келіншектердің екінші “анасына” айналған. Жоба іске асқалы бері Ақтөбеде 113 келіншек “Аналар үйін” паналап, олардың кейбіреуі өздерінің сүйгендеріне қосылып, кейбіреуі көңілін білдірген азаматтың етегінен ұстаған. Қалғаны балаларын балабақшаға орналастырып, жұмысқа тұрып, жап-жақсы еңбек етіп жүрген көрінеді. Қашан көрсең, дамыл таппай шапқылап жүретін Таңсұлу ханыммен көптен бері әңгімелескіміз кеп жүретін. Хабарластық. Келіскен уақытта Тұрғынүйқалашығы ауданында орналасқан коттеджге бардық. Үйдің айналасы тап-тұйнақтай, көрер көзге жылы ұшырасты. Іші де жып-жылы. Ауызғы бөлмеде ас үй орналасқан. Әйелдер әрлі-берлі шаруаларымен жүр. Тамақтың иісі, балалардың күлкісі кәдімгі өз үйіңде жүргендей сезіндіреді. Таңсұлу ханым кабинетіне алып жүрді.

    - 2014 жылы ашылған “Аналар үйінде” 113 келіншекке қолымыздан келгенше көмектесе алдық. Олардың 50%-ы тұрмыс құрды. Бұл дегеніңіз үлкен жетістік біз үшін. Женя деген жетімдер үйінде тәрбиеленген қызымызды осы жерден ұзаттық. Оны барлығы біледі. Тағы бір қолынан іс келетін, тамақты да жақсы пісіретін қызымыз болды. Оның тағдыры енді шым-шытырық. Аяқ асты жүкті болып қалады. Баладан құтыламын деп жүргенде анасы маған жолығып, мән-жайды айтады. Сол жерде райынан қайтарып, кейін қызды жеңгесі алып келді. “Сабақты ине сәтімен” демекші, осында өзіне жақсы келіншек іздеп келген азаматпен таныстырып, екеуі жарасып кетті. Қазіргі таңда ортақ бөпелері бар. Қалаға жақын аудандардың бірінде тұрып жатыр. Көбісі мұндай оқиғаларымен ашық бөлісуге қысылады. Өткенін білмей-ақ қойсын дей ме, көз тиеді деп имене ме, ол жағы белгісіз,- дейді ол.
    “Аналар үйінде” тұру уақыты бұрын 1-1,5 жыл болатын. Қазір тек жетімдер үйінде тәрбиеленген қыздар ғана 1,5 жыл тұра алады. Қалғандары 6 айдың ішінде құжаттарын реттеп, тұратын баспана іздеп немесе туған-туыстарымен табысып, депрессиядан шығып, баланың әкесімен келісімге келіп, болмаса алимент өндіріп үлгеруі керек. Келіншектердің жатыпішер жалқауға, дайын асқа тік қасық болуына жол бермеу себепті басшылық осындай қадамға барған.
    - Үмітіміз жүз пайыз ақталып келеді деп айта алмаймын. Шыны керек. Бұл қыздар біздің ішімізден шыққан балалар емес қой. Тіпті бір үйдің екі баласы да тіл табыса алмай жатады. Алты айдың ішінде біз қандай тәрбие беріп үлгереміз?! Айтқан сөзіңді тыңдайтындар да бар, тыңдамайтын, тәрбие көрмеген қыздар да бар. Бірақ мына бір фактіні айта кеткен жөн: осыған дейін “Аналар үйінде” болған келіншектердің ешқайсысы баласын жетімдер үйіне тапсырған жоқ. Барлығы да әупірімдеп, балаларын асырап отыр. Біз олардың әрқайсысымен хабарласып, қал-жағдайларын біліп, керек-жарақтарын беріп отырамыз,-дейді үйлестіруші.

    “Сенген жігітім тастап кетті”
    Біз сол келіншектердің көбісіне хабарласып көрдік. Басым бөлігі басынан өткен оқиғасы туралы тіс жарғысы келмеді. Есімін атамауды өтінген келіншектің жасы 27-де. Отбасымен осы Ақтөбе қаласында тұрады. Үш жыл бұрынғы оқиғасын былай өрбітті:
    - Мен негізі Талдықорған қаласының қызымын. Әке-шешемнен жастай айырылған соң, Ақтөбеде тұратын ағамның қолына келдім. Мамандығым бойынша жұмысқа тұрып, еңбек етіп жүрдім. Сол аралықта сөз байласқан жігітімнен жүкті болып қалғанымды білдім. Ағамнан ұялып әрі туыс-туған білмесін деп, қыздармен пәтер жалдап тұруға бекідім. Ал, жігітім үйленуге дайын еместігін айтып, басын ала қашты. Не істерімді білмей, ойым сан-саққа бөлінді. Содан кейін “Аналар үйі” туралы естіп, Таңсұлу апайға жолықтым. Ол кісі бірден мені қанатының астына алып, баламды аман-есен босанып, бірге тұрған келіншектер партнер болып, өздері шығарып алды. Осы кезде нағашыларым мені Алматыға алып кетуге келген болатын. Ал, мен аяғым ауыр кезде қатты қиналсам да, жігітімнің қайтып келетініне сенімді болып, үмітімді үзбедім. Жақсы ой жақсылылыққа жетелейді. Ол жігіт райынан қайтып, мені өзімен бірге алып кетті. Мүмкін баланы көріп, көңілі жібіген шығар. Қазір “неге сөйттің” деп сұрасам, “қорықтым” деп айтады. Жақында екінші бөпемді босандым. Күйеуім жұмыс істейді. Өзімді ең бақытты келіншектердің қатарына қоса аламын. Өткенімді есіме алғым келмейді,- дейді келіншек.
    Жетімдер үйінде тәрбиеленген Альбина 18 жасында сүйген адамына тұрмысқа шығады. Оның да басынан өткергені көп адамға ой салары анық:
    - Мен тұл жетіммін. Әке-шешемнен 11 жыл бұрын айырылып қалдым. Әжемнің тәрбиесінде өстім. 18 жасымда сүйген жігітіме тұрмысқа шығып, балалы болдым. Бірақ әжем бұл некеге түбегейлі қарсы еді. Сонда да күйеуімді тастап кеткім келмеді. Біз оның әке-шешесімен бірге тұрдық. Үй тар, жас бала болғандықтан, бәріміздің мазамыз қаша бастады. Не істерімді білмей жүрдім. Бөлек шығып кетуге жағдайымыз жоқ. Сол уақытта бір кісіден “Аналар үйі” барын естіп, баламның 9 айлығында сонда барып тұрдым. Небәрі 3 ай ғана тұрдым. Оған дейін мен де, күйеуім де ақылға келіп, ашуымызды басып, қалай да бөлек шығуды ойластырдық. Бүгінде екі баламыз бар. Әжем менімен көп араласпайды. Ата-енем ара-тұра немерелеріне келіп тұрады. Күйеуім жұмыс істейді. Пәтер жалдап тұрамыз. Бірақ балаларыма жөргектер, ішіп-жейтін тамағымыз, киім-кешектер жетіспей жатады. Егер көмек беретін жандар болса, қуана қабыл алар едім. Тансұлу апайға алғысым шексіз. Бізді қиын жағдайдан алып шықты. Егер бұл жер болмағанда баламен қайда баратынымды білмеймін,- дейді ол.

    Өмір тарихы ерекше тағы бір кейіпкер есімін атамауды жөн көріп, сұқбат беруге әрең келісті.
    - Өте қиын кезеңді басымнан кештім. Аяғым ауыр болып, жігітім алдап тастап кетті. Баланы алдыртамын немесе балалар үйіне тапсырамын деп ойлап жүрдім. Әкем бұл туралы білмеу керек болды. Өзі ауыратын кісі. Сөйтіп жүргенде Таңсұлу апайға жолықтым. Өзім бұрын тұрмыста болып, ол күйеуімнен бала болмаған. Ол адам ішкілікке салынып, маған қол көтере бастады. Содан ажырасып тындық. Мына баланың кездейсоқ бойыма біткені маған шок болды. Балалы болмайтын шығармын деп ойлап жүрдім ғой. Әке-шешемді қарабет қылудан қорықтым. “Аналар үйінде” баланы дүниеге әкеліп, тұрып жаттым. Күндердің бір күнінде өзіне жар іздеп, осында келген азаматпен мені таныстырды. Ол да бұрын үйленіп, бірақ ажырасып кеткен екен. Екеуміз тез тіл табысып, ақырында үйленетін болып шештік. Қазір Құдайға шүкір, тағы бір бөпеміз бар. Ол менің баламды өзінің баласы етіп қабылдады. Қалаға жақын аудандардың бірінде тұрамыз. Бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз,- деді ол.
    Таңсұлу Лакованың айтуынша, өзіне жар іздеп хабарласатын ер-азаматтар өте көп. Көбісі ажырасып кеткен, баласы жоқ, тіпті арасында жасы үлкен ағалар да бар. Жақында 50 жастан асқан егделеу адам хабарласқан көрінеді. Әйелі қайтыс болған, балалары ер жетіп, жан-жақта тұрады. Жалғыз тұратын болғандықтан, қасына серік іздесе керек. Бүгінгі таңда “Аналар үйінде” 12 жас келіншек балаларымен тұрып жатыр. Негізі коттедж 20 адамға есептелген. Ең жас келіншек – 19 жаста. Жас мөлшері шектеулі 30 жасқа дейін болса да, бір жолы 37 жастағы келіншек те осы жерден пана тауыпты. Алайда әр түрлі тәрбие көрген, әр түрлі мінезді келіншектердің бір үйде өмір сүруі оңай шаруа емес екен.
    - Ағайынды адамдардың басы қосылмай жатқан заманда, бір үйде он шақты әйелдің басын қосу адамға кәдімгідей салмақ салады. Жетімдер үйінде баланы тәрбиелемейтінін өзіңіз жақсы білесіз. Одан бөлек, енесімен тіл табыса алмаған, күйеуі нашақор болып кеткен, күйеуінен таяқ жеген аналар да хабарласады. Дағдарыс орталығы ашылғанға дейін ондай әйелдерді де 3-4 күн паналатқан кезіміз болды. Менің міндетіме кірсін-кірмесін, кез-келген адамның мәселесін шешіп беруге, бағыттауға, баратын жері болмаса, далада қалдырмауға, өзімізде орын жоқ болса, басқа қалаға жіберуге тырысамын. Ешқандай қоңырау жауапсыз қалған емес. Мына телефоным күндіз-түні қолымнан түспейді. Ұйықтап жатсам да, алаңдап ояна беремін. Кейде қыздар түн ішінде өзара ренжісіп, ұрысып қалып жатады. Ұйқыдан ояна сала соларға қарай ұшамын. Өзімнің туған қызымнан ерте айырылып қалғандығымнан болар, бар махаббат-мейірімімді осы қыздарға арнадым, балаларын немерелерім деп қабылдадым. Қолымнан келгенше барлығын аяғынан тұрғызып жіберуге тырыстым. Әрқайсысымен әр түрлі сөйлесесің. Біреуін айналып-толғанып депрессиядан шығарасың, біреуіне қатты ұрсып, есін жиғызасың. Тіпті өзіне қол жұмсап қоймасын деп, түні бойы кейбір қыздардың кереуетін күзеткен кездеріміз болды,- дейді Таңсұлу Лакова.
    Қазіргі таңда Қазақстан бойынша баласынан бас тартатын, тіпті мына Ақтөбедегі “Үміт” сәбилер үйіне түсетін балалардың саны азайған. Ашу мен шарасыздық үстінде баласын жетімдер үйіне тастап кететін аналардың ойлануына, уақыт өте райынан қайтуға мүмкіндік бар. Себебі бір күн жетімдер үйінде болған баланың өміріне бір жылдық сызат түсетінін көбісі біле бермейді. Ол жақта мейірім жоқ. Ал, мейірімсіз өскен бала ер жеткенде оны жан-жағынан іздейді, жігіттердің “әдемі” сөздеріне алданып қалатын да солар екен. Толық емес отбасынан шығатын қыздар да осы қасіретке көп душар боп жатады. Айналып келгенде, мұның бәрі отбасындағы тәрбиенің жетіспеушілігіне келіп тіреледі. Таңсұлу ханымның сөзінше “Аналар үйіне” өзге ұлттан гөрі, қарагөз қыздарымыздың көбірек келуі қынжылтады. 3 жылдың ішінде мұнда неше түрлі жағдайлар болған.
    - Жаман жолға түсіп кетіп, бізге келген қыздар да болды. Түнгі клубқа кетіп қалып, бір қызды уақытынан бұрын шығарып жіберуге мәжбүр болдық. Кейбір қыздардың әке-шешелері “сен кімсің сонша?” деп доқ көрсеткен жағдайлардан да өттік. Бір уақытта халық арасында бұл жезөкшелер паналайтын жер екен деген теріс пікір қалыптасты. Күн-түн демей қоғамға олай еместігін дәлелдеп, қаншама жүгірген кезім болды. Бастысы, барлық жағдайлардан аман-есен өттік,- дейді “Аналар үйінің” үйлестірушісі.
    Таңсұлу ханым бізге жақында ғана сыйға келген балалардың әдемі киімдерін көрсетті. Әрі қарай үйдің ішін түгел аралап шықтық. Тіпті жуынатын бөлмесіне дейін кірдік. Сол аралықта бір-екі қызына сөйлеп те алды, бөлмесінде жылап отырған қызды да жұбатты. Кабинетіне үндемей кіріп, сөмкесін ақтарып отырған кішкентай қызды “тентегім” деп жерден көтеріп алып, еркелетіп жатты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Аналар үйінде” екі сәби қырқынан шықты
  • “Мен көкек-ана емеспін”
  • Ақтөбелік әйелдер отбасылық азаптарын айтты
  • Таңсұлу Лакова: “Қызымның қайғысын қызметімнің көмегімен көтердім”
  • Ақтөбенің “бас құдағиы”: Бәрі жақсы болады!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге