Ақтөбеге алғашқы электромобиль келді

    Ақтөбеге алғашқы электромобиль келді

    Ақтөбелік тұрғын қаладағы алғашқы электромобильдің иесі атанды. Атақты "Мерседес" компаниясының батареямен жүретін көлігін алып, әкелуге және рәсімдеуге 70 000-дай евро жұмсалған.

    Николай Выходецтің айтуынша, көлікті саудалаған кезде, оның басқа елдің азаматы екенін біліп, сатудан бас тартыпты. Германияның заңы рұқсат бермейді екен. Сондықтан машинаны сол жақтағы туыстары сатып алып, Николайға сыйлық ретінде рәсімдепті.
    - Бір жылдай бұрын мені электромобиль туралы ой мазалай бас-тады. Ғаламтордан осы жөнінде қарап, зерттей бастадым. "Ютубтан" көлік сүйер бір қыздың сирек автомашиналар туралы хабарларын қарайтын болдым. Америкалық "Тесла" электромобилі жайындағы бейнежазбасында оның 150 000 доллар тұратынын айтыпты. "Жай ғана қорап емес пе? Неліктен сонша қымбат тұрады?" деп ойладым. Содан кейін ғаламтордан "Мерседес" компаниясының одан 3 еседей арзан көлігін көріп, Германиядағы достарыма сұрастырып біліңдерші деп өтініш жасадым. Машинаның елге келуіне 1 айдай уақыт кетсе, сертификат қағазына бола гаражымда тағы да айға жақын тұрды. Алматыдағы бір танысымның электромобильмен жүргеніне 3 жылдай болды, ол кезде сертификаттау жоқ еді. Соңғы кезде үкімет тарапынан осындай заң шығыпты. Бірақ Ақтөбеде бұрын мұндай көлік болмағандықтан ба, сертификаттау көпке созылып кетті. Қостанайға, Алматыға хабарласып, осы мәселеге кездескен адамдар мен орындардан кеңестер алдық. Қаладағы Көлік бойынша қызмет көрсету орталығының жұмысына өте риза болдым. Өте жылдам рәсімдеп берді. "5+" деп бағалаймын, - дейді Николай.
    Сырт көзге кәдімгі машиналардан айырмашылығы жоқ болғанмен, ауаны ластамайтын көліктің өзіндік ерекшеліктері көп екен.
    - Егер пеш секілді қосымша жабдықтарды қоспасаң, машинадан дыбыс шықпайды. Тып-тыныш. Содан кейін алдыңғы жағында кедергі датчигі орналасқан. Жүріп келе жатқанда алдыңнан адам оқыс өтсе, сен тежегішті басқанша, электромобиль тоқтап үлгереді. Тағы бір қызығы, көлік салығын төлемейтін шығармын (күлді). Себебі ол қозғалтқыштың отындық көлемі бойынша анықталады, ал менде көлем жоқ қой. Алдағы уақытта бірдеме ойлап табатын шығар,- дейді көлік иесі.

    Газ, бензинге тәуелсіз көлікті иесі тек бір жерден ғана қуаттай алады. Дербес қуаттау құрылғысын сатып алуға 1500 евро жұмсаған Николай оны гаражына орнатыпты.
    - Электромобильді тек өз гаражымда ғана қуаттай алам. Батареясы толық отырып қалса, толық қуаттауға 4 сағат кетеді. Жұмсалған зарядтың орнын толтыруға 1 сағат жеткілікті. Батареяның толық қуаты 200 шақырымға жетеді. Европада 10 минут ішінде зарядтап беретін қуаты күшті станциялар бар. Бізде ондай станциялар болашақта салынатын болар, - дейді көлік иесі.
    Николайдың айтуынша, сағатына 100 шақырым жылдамдық алу үшін 1,9 секунд жарайды. Ал толық қуаттау қаражаты 1 730 теңге болады екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мас күйінде көлік айдағандар суға түсіп кетті
  • Клиентінің қымбат көлігін сатқан ақтөбелік жігіт сотталып кетті

  • Ақтөбеде клиентінің қымбат көлігін сатқан жігіт сотқа келді
  • Көлік жүргізушісі “Автопарк ” ЖШС сотқа берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге