Нумизмат деген кім?

    Нумизмат деген кім?

    Әрбір адамның өзіне ғана ұнайтын бір сүйікті ісі болады. Өзгелер хоббиді бос әрекет деп есептегенмен, көп адам жан ләззаты мен тыныштықты тек содан табады екен.

    Дмитрий Шинкаренко коллекция жинаймын деп ешқашан ойламаған екен. Айтуынша, бала кезінде де мұндайға құмар болмапты. 90-жылдары достары сыра банкалары мен шылым қораптарын жинай бастаған. 2006 жылы оның қолына ең алғашқы шетелдік тиын түсіпті. Оны Үндістаннан әкеліп берген екен. Бәрі де содан басталыпты. Қазір қолында бірнеше елдің қағаз және тиын ақшалары бар. Олардың бірі қолданыста болса, кейбірі айналымын тоқтатқан. Өз еліміздің кәдесый ретінде шығарған тиындықтарының құны 5000 теңгеден басталады екен.

    - Үндістаннан келген тиын менің ішкі дүниеме ерекше қозғау салып кетті. Тиындар, шынымен де, менің жанымды тыныштандырады. Өзіме сырттай қарасам, маньяк сияқтымын (күліп). Өзімде жоқ тиынды көрсем, «менікі болса екен» деген құмарлық туады, құдды есірткі секілді. Мұндай күйімді көбіне ол тиынның бағасы ғана тоқтатады. Сондай сәтте "Соншама қымбатқа сатып алуға ол тұра ма?" деген ой райымнан қайтарады. 2014 жылы Орынборда жүргенде америкалық штаттардың 25 центтік тиындарының кешенін алдым. Бағасы 20 000 екен. Ішінде 5 штаттың тиыны болмады. Оларды да жинармын. Қазір ол одан да қымбат тұрады. Тек ескі заманның емес, шетелдік қазіргі тиындардың да құны жоғары. Оларды қолыма алып, аударыстырып қарап, сыңғырлаған даусын естігенде, ойландырып жүрген қиындықтарымды ұмытамын. Әрі олардың әрқайсысының өзіндік естелігі және бар. Мысалы, мына тиынды исландиялық футбол командасы Ақтөбеге келіп ойнағанда, сол жақтан жанкүйер болып келген дәрігер әйел сыйлады. Тиындарды сыйға берген адамдар мен оларға байланысты жағдайларды есіме түседі. Нумизматтар қоғамында емеспін. Бірақ бұрыннан оған мүше болғым келеді. Біздің қалада әркім өзі үшін жинайды. Тиындар мен қағаз ақша жинайтындар бар, бірақ олар өздерін оқшау ұстайды, үнемі ашық-жарқын бола бермейді. Осы жылы нумизматтар қоғамына кіремін деген ойым бар. Тиындар түрлі сайттарда сатылады. Форумдардан сатып алатын адамдарды тауып алып, келісуге болады деп ойлаймын. Қазақстандық тиындарды Ұлттық банктың филиалынан алуға болады.Қаламызда жүздеген тиын жинайтындар бар екен. Бұл бағыттағы коллекционерлер саны жыл санап артып келеді, - дейді Дима.
    Дмитрий тек тиын жинамайды екен. Тілшілік жұмысқа орналасқаннан кейін қажеттілікке байланысты қалам мен қойын дәптерді жиі алуға мәжбүр болған ол түрлі фирмалардың логотиптеріне назар аудара бас-тапты.
    - Қалам мен қойындәптерлерді 2010 жылдан бастап, мамандығыма байланысты жинай бастадым. Қандай да бір фирма не мекемелердің таныстырылымы болған кезде сыйлық ретінде өздерінің жиынтықтарын береді. Олардың асып бара жатқан ешқандай артықшылықтары жоқ, дегенмен кеңсе заттарындағы өзіндік логотиптер маған ұнайды. Мен қалам мен қойын дәптерлерді пайдаланбаймын, олар сөреде жинаулы,- дейді ол.
    Түрлі зат жинауға құмар жігіттің отбасында өзінен басқа жанның мұндай әуестігі жоқ екен. Бір кездері Дмитрий сіріңке қораптарын да жинапты.
    - Бұрынырақ сіріңке қораптарын жинап едім, бірақ уақыт өте оларды қоятын жер болмады. Содан соң 555 шырпы қорабын Ресейдің бір жақсы адамына сыйлыққа беріп жібердім. Болашақта тағы бірдеме жинап қалармын, көрерміз. Отбасымда тек мен ғана коллекция жинаймын. Қалғандары мұны текке ақша мен уақыт жоғалту деп есептейді, бірақ ешкім сөгіп, тыйым салған емес. Менің негізгі уақыттарым жұмысым мен отбасыма кетеді. Кейде қала сыртына шығып, табиғатта серуендеп қайтамын. Суретке түсіруді де ұнатамын, - дейді Дима.
    Біраз елдердің қағаз банкноттары мен түрлі тиындарының бір үзігін ғана көрсеткен Дмитрийдің айтуынша, жалпы коллекциясының құны ел аралауға жеткілікті. Алдағы уақытта олармен не істейтінін нақты жоспарламапты.
    - Егер қызығушылық танытса, қартайған кезімде коллекциямды балаларыма табыстайтын шығармын. Жыл өткен сайын тиындардың бағасы қымбаттап келеді.Мен зейнетке шығам дегенше, біраз дүние жиналар. Егер болашақ немерелерім де коллекцияма қызықпайтын болса, сатып жіберіп, ақшасына ел аралаймын. Әзірге оларға байланысты қандай да бір идеяларым жоқ. Мүмкін мұражайда көрме жасармын. Коллекциямдағы ешбір затымды сатқан емеспін. Тиындарды айырбастаған кездерім болды. Коллекциямнан әзірге ешқандай зат жоғалтқан жоқпын. Жоғалтып алсам, көңіл-күйімнің бұзылары анық. Бір нәрсені сеніммен айта аламын: шынымен де, коллекциям-нан сөзбен жеткізуге болмайтын бір ерекше сезімге бөленемін. Алайда бұл күй тиындарға келгенде одан да күштірек. Бар болғаны осы,- дейді коллекционер жігіт.
    Бұдан басқа да қызықты деректер айтып, бірақ жарияламауды өтінген Дмитрий Шинкаренкоға малайзиялық тағы бір ақша "келе жатыр" екен. Оның коллекциясында қазір 64 елдің тиыны бар. Бірақ қағаз ақшадан неше елдің банкноты бар екенін білмейді. Ендігі арманы – Мексика ақшасының бір үлгісін иелену, себебі бұл әзірге қолына түспепті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеге алғашқы электромобиль келді
  • Баян Есентаеваның түрмедегі күйеуіне қарындасы хат жазды
  • Волонтерлар универсиада үшін алған киімдерін сатып жатыр
  • Ақтөбелік коллекционердің ретрокөліктері
  • Әділғали БАЯНДИН: Маған қыздардың күлкісі шабыт береді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге