Өнер сатылмайды

    Өнер сатылмайды

    Қазіргі уақытта ұлттық қолөнерді сақтау мәселесі өте өзекті. Ғылыми технологиялардың қарыштап дамып, гаджеттердің көбеюі жастардың қолөнермен айналысуына кедергі ғана емес, оны жоюдың басты құралдарына айналып отыр. Дегенмен ауылдық жерлерден қазақы иісті сақтап қалған адамдарды кездестіруге болады.

    Бірлік Сұлтанұлы Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің еңбек және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Қазақы дала тәрбиесін сіңіріп, өз өнерін табыс көзіне айналдыруды мүлде ойламаған шебер "Өнер сатылмайды ғой", - деп кесіп айтты.
    - Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірі – мүйіз өңдеп, тұрмысқа қажетті түрлі заттар жасау. Мен өз ісімде малдың түрлі сүйектері мен мүйіздерін пайдаланамын. Мысалы, ата-бабаларымыз қойдың асықты жілігінен сәбилерге шүмек жасаған. Ешкі мүйізі пышаққа – қын, насыбайға шақша жасауға ыңғайлы. Ірі қара мал жіліктерінен қаламсалғыш, майлықсалғыш істейміз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай жасалған кәдесыйымыз бар. Мақсатым – қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды дәріптеп, паш ету. Ұлттық құндылықтарды оқушы санасына сіңіру мақсатын кез келген ұстаз негізгі міндетім деп есептеуі тиіс. Мен мұны ақша табу үшін кәсіп қылып отырған жоқпын. Ұрпақ қазақты өзге ұлттан ерекшелейтін ұлттық болмысын ұмытпауы керек. Мұндай өнер менің бойыма бала кезімде дарыған шығар. Әкем ылғи сүйектерден ұсақ-түйек заттар жасап отыратын еді. Сабақ бере жүріп, "Оның ісін неге жалғастырмасқа? – дедім де, 1995 жылдан бастап бұл бағытта жұмыс істей бастадым. Өзімнің білгендерімді оқушыларыма дәріптеп, үйретіп келемін. Бұл – кәсіп емес, тек балаларды үйрету ғана. Оқушыларыма үнемі сурет пен сызуды үйрете бермейін деп қолөнер жұмысын алға қойдым. Қазір көбі резеңке, пластмассадан көптеген нәрселер жасап жатыр. Менің шикізатым – табиғи өнімдер. Жүргізілген жұмыстардың арқасында бір оқушым аудандық, облыстық, республикалық шараларға қатысып, көрініп жүр, - деді Бірлік Сұлтанұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік студенттер бір ай бойы ұлттық киім киеді
  • Алтынгүл СҰЛТАНГЕРЕЕВА: Мен үшін әр өнімім қымбат
  • Өнер музейінде “Дала аналарының симфониясы” атты көрме өтіп жатыр
  • ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • Үздік ұстаздар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге