Қасиет тұрған қара сабын

    Қасиет тұрған қара сабын

    Қазақ – ұлы халық. Солақай саясат езіп ұстау үшін әдейі “жабайы, надан халық” деп қоңыраулатқан. Өкініштісі сол, халқымыз көп нәрсені білгенмен, оларды арнайы зерттеп, кітап етіп жазбаған. Бәлкім жазғызбады ма?!

    Кейде зертханада ғылыми жолмен жасалған шетелдік қымбат дәрілер кетіре алмаған жараны халықтың қарапайым дәрісі жазып жатады. Бұған өзіміз талай куә болғанбыз. Бала кезімде тырнағымның түбі қызарып, солқылдап, күбірткелі шығып келе жатқанда, анамның айтуымен сарайда тұрған күлден бір шымшым алып, суға салып қайнатып, оған саусағымды батырып, ертесіне-ақ жаным жай тапқанын ұмытпаймын. Қазір ойлап отыр-сам, сілті тері астындағы жара ошағына өтіп, ондағы зиянды микроб-вирустарды қатырып тастаған екен. Сілтіден сабын жасау процесіне де балалықпен мән бермеппін. Қазаққа тән білімнің бір кішкене бөлігі жаңғырып, көпшілікке пайдасы тиер деген мақсатта 70-ке келген анамнан сабын дайындау жолын жазып алып, жариялап отырмыз.
    - Менің ата-анам далалықта сиыр бақты. Әкемнің бір аяғын соғыста жамбастан төмен қарай снаряд жұлып кеткен. Сонысына қарамастан атқа мығым отыратын еді. Соғыстан кейінгі 20 жыл іші. Керек заттар тапшы. Шешем кір-қоң жуу үшін сабын қайнататын еді. "Сақар қайнатып алайын" деп жүретін еді. Бала болғасын көп нәрсе есімде жоқ, еміс-еміс бірдемелер қалыпты. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 90-жылдары қаланы білмеймін, ауылда қажет заттар болмады ғой. Шекер, сабын табылмайтын еді. Сол кезде шешемнің сабын қайнатқанын есіме түсіріп, ойланып жүрдім,- дейді Мәдемхан апай.
    Оның айтуынша, сақар сабынды қайнату екінің бірінің қолынан келе бермейді.
    - Алабота (кей жерде "алабұта" – авт.) мен қарасораң деген екі ащы шөпті тамыз айының ортасынан ауа, әбден қуатына мінгенде, шауып алып, кептірдім. Содан соң өртеп, күлін қапшыққа салып қойдым. Соғым етінен қалған сүйектерді қыстай қағаз қапшыққа жинадым. Сүйектер көгермеген болуы керек. Ауылдық жерде ошаққа от жер кепкен соң, мамыр айының аяғына қарай жағыла бастайды ғой. Сол уақытта 100 литрлік қазанға әлгі күлден 2 шелек салып, 80 литрдей су құйдым. Содан соң қазанды 10 минуттай қайнатып алдым. Осыдан кейін қайнаған суды басқа ыдыстарға аударып, қазан түбінде қалған күлге тағы да жаңадан 80 литр су құйдым. Оны да 10 минуттай қайнатқан соң, суын тағы құйып алдым. Енді күлді тастай беруге болады. Ыдыстарға құйылған суды әбден тұндыру керек. Күлдің суы сілті болады, тез тұнып болмайды және өте ащы. Оны балалардың не малдың ішіп қоймауын бақылау қажет. Кемінде 1 күн тұндырылады. Ертесіне тұнған суды шайқамай, басқа таза ыдысқа құйып алдым да, тұнбасын төгіп тастадым. Содан соң тазалап қойған қазанға сілтіні құйып, оған жиналған сүйектерді салып қайнаттым. Біраз қайнаған соң жіліктердің майы сілтіге қалқып шықты. Майдан айрылған сүйектер ақжемденіп, қаудырлап қалады. Міне, осы кезде сүйектерді де алып тастай беруге болады. Көрші әже келіп, майды қалқып алған сияқты, осы жері есімде қалмапты. Осыдан кейін отты өшіріп, сілті мен май аралас қоспаны қазанда тұндырдым да, тұнған соң ыдысқа құйып алдым. Қазан түбінде қалған сүйек қалдықтары мен тұнбаны төгіп, қазанды әбден тазартып жудым. Одан соң тұндырылған қоспаны қазанға қайта құйып, қайната бердім. Суы азайып, қоспа жайлап қоюлана бастады. Енді оны үнемі араластырып отыру керек. Себебі күйдіруге және қазан түбіне жабысып қалуға болмайды. Ошақтың отын азайтып, бір қалыпты қызумен араластыра бердім. Әбден қоюланған кезде, ірімшіктің сарысуына ұқсап, қазан түбінде 1 таба нанның көлеміндей ғана сабын қалды. Оны басқа ыдысқа салып қатырып алдым да, кепкеннен кейін бөлшектеп қойдым. Ол дүкеннің кір сабыны сияқты езілмейді де, көпірмейді де. Бірақ басты жуғанда, шаш сықырлап қалады, бірден ашылады. Денеде жарақат болса, бұл сабын ол жерлерді тызылдатып ашытады. Бірақ жараланған жерлер сабыннан тез жазылып кетеді, - деді анам Мәдемхан.
    Мен сабын жасауды ұмытсам да, былжырап ерімейтін қап-қатты сабынның түрі мен аяқ-қолымның тызылдағанын ұмытқан жоқпын.
    Ұзын құлақтан естуімізше, Шалқар жағында осы әдіспен сабын жасауды бизнеске айналдырғысы кеп жүргендер бар екен. Қара сабын адам денесіне шыққан жараны, сыздауықты қоймайды. Қара сабынмен қотыр болған адамды да емдеп жазады. Ол үшін ешқандай да дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті жоқ. Қазір біраз аллергологтар көптеген тері ауруларының бүгінгі заманғы сабыннан пайда болып жатқандығын да жоққа шығармайды. Бұрын қара сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке болған екен. Себебі, қара сабынды әркім жасай бермеген. Ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса, соған сәлем айта келіп, қара сабынды қалап сұрап алады екен. Қазан түбінде қалған сабынның бөліктерін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларды жуындыруға пайдаланған. Мұны "бұзаушық" деп атайды. Сонымен қатар, бұзаушықты «мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Демек, қара сабын қазақтың тұрмысында жалғыз тұрмыстық бұйымның ғана рөлін атқармаған болып тұр ғой. Қара сабын – ұмытылып бара жатқан ұлттық өнімдеріміздің бірі ғана. Басқа да қаншама ұлттық өнімдеріміз ескерусіз ұмытылып бара жатыр. Өткен тарихымызға мойын бұрып қарасақ, қазақтың патенттелмеген тапқырлықтары жетерлік. Осылардың барлығын зерттеп, зерделеп, заман талабына сай жаңғыртып, қоғамдық өндіріске салсақ, сұранысқа ие боларына еш күмән келтірмейміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өнер сатылмайды
  • Ұлттық тағамда ұлылық бар
  • 1154 теміржолшының құқығы бұзылған
  • Бұлақтыкөлдің халқы май аралас су ішіп отырғандарын хабарлады
  • Теміржолшылардың құқығы бұзылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге