Сіз ырымға сенесіз бе?

    Сіз ырымға сенесіз бе?

    Қазақ бұрыннан ырымшыл халық. Бала кезімізден “ұят болады, жаман болады” деп өсірген ата-анамыз да балаларын сол ырым-тиыммен тәрбиеледі. Ал қазір ше? 21 ғасыр ырымның заманы ма?

    Қазақтың ырымдары күн өткен сайын заманауи болып бара жатқан тәрізді. Ғасырлар бойы келе жатырған ырым-тыйымдар бала тәрбиесін дұрыстауға арналған. Ырымдар халқымыздың әдет-ғұрпына, салт-санасына сіңісіп кеткені рас. Қазақ халқы көп жағдайда “әдеп” деген сөзді ырыммен шатастырып жатады. Кейбір ырым-тыйымдар бұрыңғы замандардағы шамандық, тәңірлік наным-сенімдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай деп алсақ та, ырым-тыйымдарды халқымыздың ұлттық болмысынан ажырата алмайтынымыз анық. Ырым дегеніміз тек жақсылықты емес, жамандық жағынан да болжайтынын білеміз. Қанша жерден ырымның шындыққа жанасатынын білмесек те, іштей сеніп тұратынымыз бар. Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе дегенге әлі де дұрыс шешім табылмады. “Оң көзім тартса қуанамын, оң құлағым шырылдаса - мені біреу мақтап жатыр” деп қуанып қалатынымыз рас. Ал осы тұста тарихшыларымыз бен ырымшыл әжелеріміз не дейді?

    - Ырымға сенбеймін. Ырымға сене берсең өмірің бітіп қалады. Сол аяқпен тұру, мысық алдыңды кесіп кету, отқа секіру деген ырымдарға мүлдем сенбеймін. Бұларды ертегі деп санаймын, дегенмен жақсы ырымдар да болады. Бала күнімде орыстар айтатын белгіге сенген едім. «Жақсы белгі, жаман белгі» деп жататын еді. Жолға шығар кезде міндетті түрде жаңбыр жауу керек болатын. Жаңбыр жауған кезде ғана жолға шығатын едім. Қазір бұл ырымға сенбеймін, себебі қазір үнемі жолдамын ғой. Жолда бір өлікті көрсең түкіресің, аулақ болсын деген ниетте. Ырымға сенбейтінімнің де өзіндік себебі бар. Алдымыздан қара мысық өтіп кетсе, жаман белгі яғни жолың болмайды деген сөз. Кішкентай кезімде екі апам мені екі жағымнан ұстап мектепке жүгіретін. Ол кезде сенемін ғой, қара мысық алдымда тұрса былай жүгіріп, ары қарай жүгіретін едік. Ырымға сенбеуің керек, сен ырымға сене берсең мектептің алдынан мысық жүре берсе, сен мектепке бармай жүре бермекпісің? Міне осыдан бастап мен ырымға сенуді доғардым, кітапта жазылғанға сендім. Қазір ырым дегенге мүлдем сенбеймін. Үстел үстінен қасық түссе де, май жағылған нан кері айналып үстелге жағылып қалса да, бұның барлығы ырым емес. Мен өмірге ғылыми тұрғыдан қараймын, бірінші ғылым, екінші жағынан ырым дегендей. Бірақта мен атеист емеспін, дінші де емеспін. Ортасындағы адаммын, себебі мен ғылым жолында жүремін,-дейді тарихшы Сәкен Уталиев.

    Ата-ана баласына жасап жатқан қылығы дұрыс болмаса қазақтың ырымын қолданары анық. Тәрбиелік, ысырапшылдық жағынан алатын болсақ ырымға сенген дұрыс тәрізді. Жаман оқиға болса, ырымға сенгің келмейтін сәттер де болып тұрады. Шариғатта көз тию деген ырым бары рас екенін дін қызметкерлері де жоққа шығармайды.
    - Қазақтың ырымдарының барлығы да жақсы жағынан айтылған. Өз басым ырымға сенемін, қазақтың ырымдарын ұстанамын. Балаларыма да, немере, шөберелеріме де ырымдарды айтып отырамын, қолымнан келгенімше үйретемін де. Ырымдар дұрыс тәрбие беруге негізделген дүние. Ырымның да сенетін, сенбейтін тұстары жетерлік. “Үйімнен жамандық атаулы аулақ болсын” деп үйді адараспанмен аластаймын. Бейсенбі күні үйдің бұрыш-бұрышында әруақтар болады, жұма күні жеті нан пісіруді де ұмытпаймын. Мысалы, біздер аптаның әр дүйсенбі күнін тергейміз. Ол күні алыс сапарға шығуға, жаңа дүниелермен айналысуға, тіптен үйде шай немесе ұн бітіп тұрса да қапшықтың ауызын ашуға болмайды. Әйел болғандықтан барлығын қадағалап алдын-ала дүйсенбіге жеткізбей дайындап қоямыз. Дүйсенбі күні жаңа сатып алған киімді де кимейміз. Барлығы дүйсенбіге дейін, дүйсенбіден кейін орындалуы керек. Кешкі уақытта бас жууға, кір жууға болмайды. Жұма күні мүлдем кір жуғызбаймын да, жумаймын да. Тіптен тума-туыстарымыз да дүниеге жаңа келген сәбиді де анасымен бірге дүйсенбі күні емханадан шығартпаймыз. Дүйсенбі күні бірдеңе жасасақ жаман болады деген үрей басым тұрады. Дүйсенбі күні жасаған істің дұрыс жүзеге аспай жататын сәттер де болған. Отбасымызда осыған байланысты түрлі жағдайлар болды. Дүйсенбі күні жолға шығып көлік апатына ұшырадық. Сол себептен дүйсенбі күні тергейміз деп көп нәрселерден бас тартып жатамыз. Сондықтан, қазақтың ырымы текке айтыла салған тиым емес. Кішкентай балаларға көз тиеді, ересектердің назары ауады. Осыған байланыс-ты күн батар сәтте жер ұшық беремін. Үйге көп адам келген күндері ауырып қалатын сәттерде есік тұтқаларымен табалдырықты жуып сол сумен аластап та жатамын. Бала бесіктен шошып оянып, бірнеше күн жылап, қайта-қайта ояна берсе қорғасынды ерітіп, оны баланың төбесіне не алдына ұстап тұрып, табақтағы суға құямын. Сол кезде бала неден қорықса, соның бейнесі шыға келеді. Сол бейнені баланың бесігінің бас жағына іліп қоямын. Қорғасынды құю барысында «А, құдайым, пәле-жаладан сақта, сәбиді қорқытқан пәле шық, кет!» деп жаратқанға сыйынатынымыз тағы бар,-дейді зейнет жасындағы дәрігер Рахила Ермекова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Адамның есімі тағдырына әсер ете ме?
  • Сапарбаевтың суреті жас отаудың төрінде тұр
  • Ақтөбеде “Махаббат ағашы” композициясы ашылды
  • Тәуелсіз Қазақтың, қазақ тілінің болашағы жоқ дегенге сенген болсам, "көп бала" тумас едім.
  • 40 санының қасиеті туралы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге