Ақтөбеде 50 ит сайысқа түсті

    Ақтөбеде 50 ит сайысқа түсті

    Ақтөбеде иттерге арналған сұлулық байқауы өтті. Сұлулық көрме-байқауында №17 мектептің 6-сынып оқушысы Ильнар Хисматулинның иті жеңіп шықты.

    Өткен демалыс күні заң колледжінің спортзалына қаланың ең көрікті иттері мен олардың иелері жиналды. Мақсат – үздігін анықтау. Байқауға қатысқан барлық иттер өзінше сүйкімді. Қызықтап келген жұртшылық оларды сипап, құшақтап, суретке түсіп жатты.
    - Байқауға әр түрлі тұқымдас 50 ит қатысып жатыр,-дейді «Жұлдыз» клубының жетекшісі Лилия Қайдаш.- Бүгін ұлттық көрмеде Қазақстан чемпионы титулына лайық иттерді анықтадық. Егер экзотикалық тұқымдар туралы айтатын болсақ, бізде жапондық акита, американдық акита, бивер және сүйікті сібірлік хаскилер болды.
    Қарағандыдан арнайы келген сарапшы-мамандар үздіктердің үздігін 4 категория бойынша 3-6 айлық күшіктер, 9 айлық юниорлар және ересек иттердің арасында таңдады.
    1,5 жастағы цвергшнауцер тұқымдас Трейси Нилком ересек иттердің арасынан бірінші орынға ие болды.
    - Бұл әлемдегі ең кішкентай қызметтік үй жануары,-дейді иттің иесі 6-сынып оқушысы Ильнар Хисматулин.-Бұндай иттер аң да аулайды. Бүгін Қазақстанның чемпионы атандық. Трейси балаларды жақсы көреді. Мектептен кеш қайтсам, анам екеуі алдымнан шығып, тосып алады. Бір күні соңымнан көшенің қаңғыбас мысығы қалмай қойды. Кет деп айтсам да тыңдамайды. Трейси қатты-қатты үріп еді, ол қорыққанынан өлген мысық боп жата қалды. Трейси кеткен соң қашып кетті. Трейси – қамқор, өте мейірімді, адал ит.

    Көрме-байқауда тазы ит Қазақстан чемпионы титулына ие болды. Бұл – оның төртінші жеңісі. Мәртөк ауданы Жуса поселкесінен келген Жаңабай Жәкітаев жеңімпаз досы туралы қуана-қуана айтып берді.
    - Бала кезден ит, көгершін, ат дегендерге жақын болдым,-дейді Жаңабай.- Сол үшін арнайы ауыл шаруашылық институына оқуға түстім. Оқуды бітірген соң, жақсы көретін ісіммен әрі қарай айналысып кеттім. Бала кездегі әуесқойлық кәсіби деңгейге жетті. Азиат, кавказ тұқымдас иттер, тазы ұстадым. Ал, орыс тазысы бала күннен бергі арманым болатын. Арманым орындалып, итімнің де атын Арман деп қойдым. Тазылар - аң аулауға арналған иттер. Қазір ауылда тұрады. Қоян, түлкі аулайды. Өзі сағатына 60 шақырымға дейін жүгіруге бар. Атпен аңға жиі шығамын. Былай қарағанда жүрісі сылбыр, жуас итке ұқсайды. Бірақ қоян не түлкі көрсе, одан асқан тазы жоқ. Олжасын тамақтан қысып өлтіреді. Өзі мақтағанды жақсы көреді.
    Сондай-ақ, байқауда Цея атты ақ, орта-азиялық овчарка жиналған қонақтарды бойымен тәнті етті.
    - Цея қаңтарда бір жасқа толды,-дейді иесі Вячеслав Шевчук. -Иттің енесі Мордовияда. Бұндай иттер күзетке жақсы. Алабайда көшбасшылық қасиет пен тәкаппарлық бар. Айналасынан құрмет күтеді. Топты мойындамайды. Цея – қорғанымыз. Төбелесіп жатқан иттерден айырамын деп, бір ит аңдаусызда қолымды тістеп алды. Менікі жалма-жан оның мойнына жабысып, шайнап тастады. Ажырата алмадым. Өзім жарақат алып, ауруханада емделдім. Иттің иесіне деген қарым-қатынасы оның қаншалықты жақсы көргеніне байланысты ғой. Цея шынжырдың не екенін білмейді. Қаумалда тұрады. Босатсаң аю сияқты қорбаңдап, үстіңе секіріп құлатады. Солай еркелейді. Балаларды үстіне міңгізіп қыдыртады, шанаға да жегуге болады. Мен оны ең жақын досым санаймын.
    Ал, Светлана Қалниязова үшін хаски – отбасының бір мүшесі. Ол оны “төртінші балам” деп әзілдейді.
    - 3 айлық күшік кезінде оны күйеуімнің туған күніне сыйлаған,-дейді Светлана Қалниязова.- 2 айдан кейін 2 жасар ит болады. Күйеуім аңшы, балықшы. Хаски онымен бірге табиғатқа жиі еріп шығады. Балаларды қатты жақсы көреді. Демалыс күндері Келешекте «Жұлдыз» тобында шанаға жегіп үйретеміз. Балалар да мәре-сәре болады.
    Филя атты лайка көрме қонақтарын аппақ үлпілдеген жүнімен таң қалдырды.
    - Бұндай иттер көрме үшін, сұлулық үшін жаралған,-деп есептейді лайканың иесі Ольга Выскребова.- Филя –өте мейірімді, адал жануар. Қазір адамдарға сену қиын, ал иттер иесін ешқашан алдап кетпейді. Олар тіпті адамды емдейді. Ит ұстайтын адамдар басқа адамдарға қарағанда 10 жылға артық өмір сүретіні ғылымда белгілі. Иттің жүні де пайдалы. Тұзды суға салып, буынға бассаңыз, сырқырағаны қояды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлемдегі ең ірі иттердің бірі Ақтөбеде тұрады
  • Ақтөбеде жалғыз сенбернар тұқымды ит бар
  • Ит асыраушылар бас қосты
  • Ауыл тұрғыны: мемлекеттік қызметкер қызымның көзінше итті атып өлтірді
  • Бұралқы иттерден сақтаныңыздар!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге