Ойылдық оқушы алыс ауданнан Ертай Ашықбаевты іздеп келді

    Ғылыми жобаға қатысу үшін 13 жастағы Аида Ойыл ауданы Көптоғай ауылынан қыстың аязды күніне қарамай Ертай Ашықбаевпен кездесу үшін Ақтөбе қаласына арнайы келді.

    - Әдебиет пәнінен ғылыми жобаға қатысқалы жүрмін. Біраз уақытымды тақырып таңдаймын деп жоғалтып алдым. Ойлана келе, “неге Ақтөбенің атын дүркіретіп тұрып республикаға, тіптен халықаралық деңгейде танытқан ақын-жазушыларды неге жазбасқа?” деп шештім. Кімді жазамын, кімді танимын деген сұрақтар мазалады. Есіме бірден Нұрлыбек Қалауов пен Ертай Ашықбаев түсті. Бірі Темірден болса, бірі Ойылдан. Міне ғажап. Әсіресе сонау жылдары Нұрлыбек Қалауовтың өзім білім алып жатқан «Құрман» орта мектебінің басшысы болғанын да естігенмін. Іздеп табу қиынға түспес деп Ақтөбеге келдім,- дейді оқушы.
    Оқушы қыздың айтуынша, ақын ағаларын табу үшін қалаға келіп таныстарынан сұрастырыпты.
    - Алдымда демалыс күндері болғандықтан ештеңе істей алмадым. Телефон арқылы таныстарыма хабарласып сұрастыра бастадым. Нұрлыбек Қалауовпен хабарласа алмасам да, Күлаш апамның арқасында Ертай Ашықбаевты іздеп таптым. Ол кісі «Ақтөбе» газетінде жұмыс істейді екен. Қарапайымдылығы соншалық, қабылдауына жазылусыз кіруге болады. Осы хабарды естіп қатты қуандым. Жексенбі күні ауылға жол жүреміз деп жоспарлап қойғанбыз. Ертай Ашықбаевпен дүйсенбі күні кездесетін болғандықтан, қалада қалдым. Ертеңгі күнімді асыға күттім. Кездесуім қалай болады екен, ол кісі қалай қабылдар екен деп кішкене қобалжыдым,-дейді 8 класс оқушысы Аида Орынбасарова.
    Кездесу барысында ақын Аиданы жақсы қарсы алған. Тіптен өзінің “Мешін жылы Бабатайда туғалы...” деген кітабын сыйға берген.
    - Ақын атам 2016 жылы жарыққа шыққан кітабын сыйлап, қолтаңбасында қойып берді. Өзі туралы ақпараттар да айтты. Кітапты сыйлағанда қатты қуандым. Күтпеген жерден кітап алу деген ғажап дүние ғой. “Егер пысық қыз болсаң, осы берген кітабымнан да бір ұтымды дүниеге шығаруға болады” деді маған. Осы кездесуден кейін “Ертай Ашықбаевтың өмірі мен өлеңі” деген тақырыпта ғылыми жобамды жазуды бастап кетуге дайын болдым,- дейді оқушы.
    Оқушы қыз өзінің туған күні ақынның өмірге келген күнімен бірдей екенін білгенде қатты қуаныпты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Айжан Табаракқызы: «Қуанып жүріп, өлең жазатын ақынды көрмеппін»
  • Талғат Тілеулесов: “Қазіргі ақындар жап-жас боп, өмірден баз кешіп жүреді”
  • Оқушы ұстаздарына Дубайға, өзіне Парижге жолдама ұтып алды
  • Ертай АШЫҚБАЕВ: ...Түн ішінде жарқырап, көзге онша түспеймін ғой күндіз мен...
  • Полиция: Оқушы суицид жасады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге