Жеті атаға дейін қыз алыспау деген не?

    Жеті атаға дейін қыз алыспау деген не?

    Бұл қағиданың шығу тарихы. Жеті атаға дейін қанша ұрпақ көргенін қалай есептейміз? Жеті атаға толғаннан кейін қандай жоралғы жасаған? Толмаса қалай жазалаған? Қазақта жеті атасына дейін туыстық қатынасы болмаған, ана сүті араласпаған жастарға – үйленуге жол ашық. Бірақ "Жеті атаға толмай қыз алыспау" – шарт.

    Тіптен, үйленетін азамат қалыңдықты жеті таудан асып, жеті өзеннен өтіп тапса, ерлік саналған. Міне бұл – ұрпақ саулығын, қан тазалығын, тектілікті сақтаудың ең ұлы әрі ең сенімді жолы ретінде әлемде мойындалды.

    Жеті жарғы не дейді?
    Жеті атаға толмай қыз алыс-пау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қатаң құқықтық заң-ереже. Дүниеге келер ұрпақтың қанының тазалығы мен денінің саулығын сақтау мақсатында жеті атаға дейін қан араластырмау шарты – бағзы заманнан институт болып қалыптасты. Бұл – физологиялық және психологиялық ауытқуды және ауруды тудыратын генетикалық өзгерістердің алдын алу үшін жасалған сақтық шарасы. "Жеті Жарғы" – қазақ халқының өмір сүру ортасы мен тарихи танымына сай жасалған дала заңы. Қазақ ханы әз Тәуке "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолын" жетілдіріп, сол негізде "Жеті жарғы" заңдар жинағын жарыққа шығарды. Бұл – Тәукенің жеті жарғысы деген атпен тарихқа қалды. Жеті жарғының некелік қатынастар туралы бабында балиғатқа толумен қатар, екінші шарт – бұл болашақ жұбайлардың жеті атаға дейін туыстық қатынаста болмауы талап етілген. Онда балиғат жасы он үш болып белгіленген. Сонымен бірге атастыру, айттыру, құда түсу, ғашықтық және басқа да жолмен қосылудың ережелері айқындалды. Қалыңмал берудің тәртібі де ру басылары мен ақсақалдардың келісімімен халықтың әлеуметтік жағдайына қарай оңтайландырылды. Бұның қазақта "бай байға, сай сайға құяды" деген мәтеліне айналғаны белгілі.

    Әмеңгерлік салты
    "Жесірін жатқа бермеу" де қазақтың өз тұқымының басқа елге кетпеуі әрі ұрпағын өз жұртында қалдырудың, қан тазалығын сақтаудың бір жолы. Онда баласы болса да, болмаса да жесір қалған әйелді келген жеріндегі қайындарының біріне атастырады. Бұл мәселеде де мүмкіндігінше қайтыс болған ер адамға туыстық байланысы ең жақындарының арасынан таңдалады. Бұл бір жағынан жетім қалған баланың жанашыр ағайынның қолында өсуіне де себеп. "Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды" қағидасын ұстанған. Әрине қалыңы төленген жесір жатқа кетсе экономикалық жақтан да тиімсіз жағы тағы бар. Ал жесірдің төркін жағы да "қайта шапқан жау жаман, қайта келген қыз жаман" деп ырымдап, қайтып келуіне рұқсат етпеген. Күйеуі өліп, қарайтын адамы жоқ болып, қайтып келсе бетіне қара күйе жағып қойған. "Қара бет болу" деген осы салттан шыққан. Кейде некесіз бала туса да бетіне күйе жаққан. Алайда сәбиді періште санап, тиіспеген. Кейде жұбайы қайтыс болып кеткен ер адам балдызына, яғни әйелінің сіңлісіне де үйленеді. Әрине балдызының жасы жетіп отырса. Бұл да балаға оң қабақ танытады деген себептен болса керек. Жесір қалған әйелді жатқа жібермеудің тағы бір себебі – оның баласы болмаса да құдай қосқан қосағының тектік белгілері бұрынғы күйеуі арқылы жесірде сақталатындығы. Бұл – қазіргі ғылым да мойындайтын шындық.

    "Он үште отау иесі" немесе "қалпақпен ұрып алу"
    Қазақ халқы балаға 13 жастан бастап үйленуге рұқсат еткен. Тіптен "Жеті жарғының" неке туралы бабында он үш жасқа толмаған бала қылмыстық жауапқа тартылмайды деп белгіленген. Заңдар жинағында некеге отыруға 13 жастан рұқсат етіледі. Міне бұдан балиғат жасының 13 екенін аңғаруға болады. Қазақта айтылатын "Он үште отау иесі" деген мақал да осыдан шыққан. Кейде қыз бала тым әлсіз болса толысып, өмір сүру қабілеті жеткенге дейін күткен. Денелі немесе ерте есейген болса, ерте некеге рұқсат етіп отырған. Бұны қазақ "Тымақпен ұрып алу" деп аталыпты. Яғни, тымақпен ұрғанда желп етпесе есейген, денелі, тұрмысқа шығуға болады деп есептеген. Міне, бұл – аталарымыздың екі жасты үйлендіру барысында қыздың денсаулығы мен жағдайына да қарағандығын білдірсе керек.

    Сүйек жаңғырту
    Қазақтың некеге қатысты тағы бір жақсы салты – сүйек жаңғыртып құда болу. Мұнда құдандалы болған әулет ұзақ уақыт өткен соң, туыстық байланысты үзбеу мақсатында бір-біріне қыз беріп, келін алысатын болған. Мұны – сүйек жаңғырту деп атапты. Алайда жиендік не нағашылық туыстық қатысы жоқ туысқандарды ғана бір-біріне үйлендірген. Ешқашан жиеніне нағашысынан немесе нағашысына жиеннен қыз алып бермеген. Тек құдалық қатысы бар құда балалар мен құдашаларды үйлендіріп отырған. Мұнда қан тазалығын сақтап ғана қоймай "құда мың жылдық" деп туыстықты ары қарай жалғау жолын көруге болады.

    Жігіттің үш жұртының қайсысынан қыз алысуға болады?
    Қазақтың үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Міне осы үш жұрттың ішінде өз жұртынан және нағашы жұртынан ешқашан қыз алыспайды. Ал қайын жұрт сәл басқаша. Яғни, қандық туыстық байланыс болмаса немесе құда бала мен құдашаларды өзара айттырады. Кейде нағашылы-жиенді жақ екі-үш атадан кейін, кедейліктен не соғыстан үйлене алмай қалу секілді қиын жағдайларда атастыратын болған. Бірақ бұл барынша сирек кездеседі. Немесе жұбайы қайтыс болған еркекке қайын жұртынан қыз алуға болады. Көбінесе балдыздарын алған.

    Жеті атаға жетпей қосылғандарғақолданылған жазалар
    Жаза әр түрлі болған. Теріс бата, тас ату, үстінен мал айдау, елден
    аластау, асаудың құйрығына тағу. Жеті атаға толмай қосылған жастардың мәселесін ру басшылары мен ақсақалдарының жиналысы шешіп отырған. Алдымен 3-тен 5 ретке дейін ескерту жасаған. Егер екі жас ақсақалдардың, әке-шешенің шешіміне қарамай үйленсе, қашып кетсе ең алдымен "теріс бата" берген. Сонымен бірге қайда қашып кетсе де тауып алып, жазалап, тіпті, өлтіріп отырған. Себебі, бұл – бүкіл рудың ар-намысына дақ түсіріп, қара бет қылатын, ата-бабаның салт-дәстүріне қиянат келтіретін ауыр қылмыстардың бірі ретінде тарихқа қалды. Теріс бата – әке-шешесі, не қатты назары түскен ақсақал не ана алақанын теріс қаратып жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған. Мұндайдан елді шектеп, халыққа үлгі ету үшін "тас ату" арқылы да қия басқандарды жазалап отырған. Онда әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен қылмыскерге атқан. Бұл діни жазалау түріне ұқсап кетеді. Кейде төрт жаққа керіп, жерге жатқызып байлап қойып, үстінен қоралы қойды арлы-берлі өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген. Елден аластау – кейде осындай ауыр қылмыс жасаған екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген. Өлтірмеген. Бұдан тыс асау жылқының құйрығына тағып, сүйретіп жіберген жағдайлар да болыпты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сіз ырымға сенесіз бе?
  • Ақтөбеде жеті жастағы баланы көлік қағып кетті
  • Жеті жасар Алина Дубайдан жеңіспен оралды
  • Жеті жасар баланы өлтірген қылмыскер бостандықта жүр
  • Жеті үйдің шөбі өртеніп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге