“Анам да, күйеуім де мені жақтамады”

    “Анам да, күйеуім де мені жақтамады”

    Ене мен келіннің жыры бүгінде махаббат жырынан кем талқыланбайтын тақырып. Енемен тіл табысу, жақсы келін болу үшін кейде қыруар ақша жұмсап, семинар-тренингтерге қатысқаннан гөрі өмір институтынан сабақ алған қарапайым жандардың мысалы әсерлі болады. “Жар-жардың” кезекті кейіпкері – Бибінұр Бейсенова.

    Кешегі Бибінұр отбасында үш ағасынан кейін өмірге келген ерке қыз болатын. Қолынан ештеңе келмеді. Анасы мен әкесінің әлпештеген жалғыз қызын жеңгелері де бетіне жел тигізбей, ханшайым етіп өсіреді.
    - 2006 жылы болатын. Ақтөбедегі мекемелердің бірінде есепші боп жұмыс істеп жүрдім. Бір күні бөле апам мен жездем мені үйлеріне қонаққа шақырды. Сол жерде болашақ жарым Қуанышпен таныс-тым. 19 жастамын. Тұрмыс құру ойымда жоқ. Кезекті таныстық деп қабылдап жүре бердім. Сөйтсем жездем тыныш жатпай Қуанышқа “сені балдызым сұрады” деп, маған “Қуаныш сені сұрады” деп өтірікті әдемілеп үйлестіріп (күлді-ред.), екеуміздің басымызды қайта қосады. Кафеде тағы да танысып, ол мені үйіме дейін шығарып салды. Тағы да хабар-ошарсыз кеттік,-дейді Бибінұр 12 жыл бұрынғы таныстықтарын есіне алып.
    Қуаныш ұнатқан қызының қыр соңынан қалмай жүріп, ақыры екеуі сөз байласады. 2 жылдан кейін жігіт қалыңдығын аяқ асты алып қашады.
    - 2008 жылы ағам үйленіп, Қуанышқа асықпайық деп айтқан болатынмын. Бірақ ол тыңдамады,-дейді кейіпкеріміз сөзін жалғап. Бибінұр келісім береді.
    Кеңқияқта тұратын Бейсеновтер отбасы кіші келіндерін қуана қарсы алады.
    - Өмірімнің ең қиын сәттері осы кезден басталды. Не нан басуды, не сиыр саууды, не қаймақ шайқауды үйренбеген басым қара жұмыстың ортасына топ ете қалдым. Тек үй жинауды білемін. Зырылдатып күнде үйді жуып шығамын. Енем шаруаға жоқ екенімді байқап, байыппен бәрін түсіндіре бастады. Ауылдың шаруасын рет-ретімен үйретті. Өзі салмақты кісі ғой. Дұрыс істемесем зекіп ұрыспай, “ештеңе етпейді, келесі жолы бұдан да жақсы істейсің” деп ынталандырып қоятын. Сол қасиетінің арқасында айналасы 3-4 жылдың ішінде мынандай (бас бармағын көрсетіп-ред.) келін болдым. Әрине, қиналған, жылаған кездерім болды. Анама шағым айтатынмын, күйеуіме қалаға көшейікші деп жиі жалынатынмын. Бірақ анам да, күйеуім де мені жақтамады. Анам “өзіңнің таңдап тиген күйеуің, енді сол үйдің отымен кіріп, күлімен шық, маған шағым айтпа” деп ұрсып тастады. Күйеуім “үйдің кенжесі, шаңырақтың иесімін, әке-шешемді тастап ешқайда кетпеймін, кетсең өзің кет” деп айтты. Қуаныш бір сөзді, шыншыл, ұнамаған нәрсесін бетке айта салатын қасиеті бар. Осы сөздерден кейін есімді жиып, үлкен енемнің “сен жалғыз біздің үйдің емес, Кеңқияқ ауылының келінісің” деген сөздерін ішімнен қайталап жүрдім. Жаман болған жоқпын. Енемнің қолында 8 жыл тұрып, екі жыл бұрын Ақтөбеден үй алдық,-дейді Бибінұр.
    Айтуынша үлкен қызы Аяулым мен кіші қызы Толғанайдың қалай өскенін, қалай балабақшаға барғаны есінде жоқ. Екеуін бауырына салған енесі келінін үйдің шаруасынан босатып, немересі Бекарысты емдетіп келуіне жағдай жасайды. Ай-күніне жетпей туған Бекарыс алты айына дейін жап-жақсы өсіп, кенеттен сұлқ жатып қалады. Бәрі жақсы деп келген дәрігерлер қатты сасып, баланың мүгедек екенін айтады.
    - Шыны керек, “Бекарысқа дцп диагнозын қоямыз” дегенде не ауру екенін түсінбедім. Тіпті тұмауратып қалғандай қабылдап, «қандай дәрі ішеміз, тез жазыламыз ғой, иә?» дедім. Көресінді кейін көрдім, -дейді көзіне жас алған келіншек.
    Кейін қандай диагноз екенін түсінген соң, қатты намыстанып не мүгедектікке шығармай, не тиесілі жәрдемақысын алмай біраз жүреді.
    - Тағдырдың басқа салғанынан қашып құтыламыз ба? Белді бекем буып, екі қызымды енеме тастап, айлап-жылдап Алматыда жаттым. Одан қалса, үйге келсек те тыным жоқ. Бірнеше рет Алға оңалту орталығына бердік. Оның өзінде жүрегім ауырып, біраз қиналдым. Баланы көрмесек те, ғимараттың сыртын айналып жүретінбіз. Қазір жасы 7-ге келді. «Жайна» оңалту орталығында ем алып жүрміз. Өзім де сонда әлеуметтік бөлімнің меңгерушісі боп жұмыс істеймін. Бекарысты күзде арнайы мектепке бергім келеді. Tұрмыс құрған он жылдың ішінде еркеліктен түк қалмады, тұрмыс, бейнет, баланың денсаулығы – барлығы мені шынықтырды. Кешегі Бибінұр емеспін. Ысылдым, ширадым. Бастысы, енемнің арқасында осындай пысық келінге айналдым. Ашуланшақ мінезім бар. Күйеуім ондай кезде сөз таластырмай, сыртқа шығып кетеді. Сондай қасиеті үшін оның да кей кемшіліктеріне, ойымнан шықпаған істеріне кешіріммен қарауды үйрендім. Мінсіз адам болмайды. Бәріміз қателесеміз. Енді осы Бекарыстың болашағына алаңдамасақ, қалғанының бәрі жақсы,-дейді Бекарыстың анасы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»
  • “Мен көкек-ана емеспін”
  • Күйеуіңнің жағдайы – сенің айнаң
  • Ақтөбелік әйелдер отбасылық азаптарын айтты
  • Әйелдің бағын ер ашады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге