Ақтөбеде теріс ағымда болған келіншектің тағдыры сахналанды

    Ақтөбе драма театры 15 жасында теріс ағымда жүрген жігітпен бас қосқан Айжанның (есімі өзгертілді — ред.) тағдыры туралы қойылым ұсынды.

    Жолдасы оқуға кеттім деген желеумен Мысыр асып, кейін Сирияда көз жұмады. Бір баласын құшақтап, Айжан елде қала береді. Өзге жақта құрбан болған ақтөбелік жігіттің өз елінде беделі артып, жесірі далада қалмайды, оны қалыңдық етіп тағы бір жігіт алады.
    - Ақтөбеде болған атыс-шабысқа (5 маусым, 2016 ж. — ред.) қатысқан екінші күйеуі бүгінде жазасын өтеп жатыр. Келіншектің одан да бір баласы бар. “Үлкен сұрақ” деген атпен спектакль әзірледік. Ұсынысымызды жергілікті билік қолдады. Режиссері — Мейрам Хабиболла. Сценарийді Асылбек Ноғаев деген шымкенттік автор жазып берді. Қойылымды сахнаға облыстық драма театрының актерлары алып шығады», — дейді жалпы идеяның авторы әрі бастамашысы, «Аңсар» орталығының жетекшісі Жандәулет Сүлейменов.
    Теріс ағымнан ұшты-күйлі бас тартқан Айжаннің бүгінде беті бері қарап, ханафи мазхабына толыққанды өтті. Қазіргі таңда қоғамдық жұмыстармен айналысады. Қойылымның мазмұнымен таныс. «Аңсар» орталығы өмірде болған жайтты сахнаға шығарғалы отыр. Мақсаты — халыққа ой салу.
    - Ата-анасынан бас тартқан келіншек кейін олармен қайта қауышты. Көп жайтқа басқаша қарайтын болды. Қойылым жексенбі, 25 ақпанда облыстық драма театрында сағат 19-00-де өтеді. Кіру — тегін, — дейді Жандәулет Сүлейменов.
    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін де облыстық драма театры әзірлеген «Есігімді қаққан кім?» қойылым аншлагпен өткен болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Абсурд жайлы әңгіме
  • “Ант” қойылымы халыққа жол тартты
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Тахауи театры халықаралық фестивальге барады
  • Ахтанов театрында әскери драма сахналанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге