Ақтөбеден шыққан батыр келіншек туралы не білеміз?

    Біздің көптеген тарихи тұлғаларымызды біле бермейтініміз рас. Сөз болатын батыр қызымыздың есімін бірінші рет естігенімізге де көп болған жоқ. Қаламызға қонақтар келмегенде, әлі де білмей жүре берер ме едік...

    Әйгілі әзілкешіміз Тұрсынбек айтса, айтқандай. Мәдени орындары аралап үлгере алмайтындай көп емес кішкене қалада тұрғанымызбен, бармаған орындарымыз және барсақ та, байқамағандарымыз көп екен. Қонақтарымызға қаламыздың көрікті жерлерін көрсетіп жүріп, мұражай қабырғасында ілулі тұрған қыздың суретіне көзім түскенде, кілт тоқтадым. Жеткізіп беруі қиын бір әсер бойымды көктеп өтіп, қалшиып қалғаным есімде. Қыздың жанары әсер етті-ау деймін. Содан бері осы батыр әйел туралы жазу ойымда жүрген...
    Сапар Мәтенқызы туралы көп зерттелмеген екен. Мәдениеттанушы, ғалым Әнес Сарайдың бір мақаласынан басқа дерек табылмады. Ол «Қазақстан әйелдері» журналына бұдан жиырма жыл бұрын жарияланған мақаласында келіншек жайында біршама қызық дерек беріпті. Қобда өзенінің бойын мекендеген табын руынан шыққан Сапар қыз туралы халық арасында тараған әңгімелер де бар екен.
    Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы қол бастаған батыр қыз ескіше сауатты болып, соғыс тактикасын жақсы меңгерген. Шамамен 16-17 жасында өз руының орташа ауқатты адамына тұрмысқа шығады. Сапардың күйеуі Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың қолынан қаза тапқан екен. Келіншек күйеуінің жылы өткен соң, әмеңгерлік жолмен қайын інісі Жанбалтамен бас қосады. Бұл уақыт - Кіші жүз тайпалары Е.Пугачев көтерілісінен кейінгі жазалау отрядтарының қырғынына ұшырап, жан сауғалап жатқан екен. Бірақ мұндай жағдайға шыдамаған Сапар қазақ әйелдерінің маңдайына жазылған тіршілікпен қатар, ер-азаматтардың ісін қолға алыпты. Қарапайым халықтың жағдайы жанына батқан Сапар басын қатерге тігіп, тығырықтан шығуға жол іздеген екен.
    1775 жылы қыркүйекте ол Елек, Қобда өзендерінің аймағындағы табын, тама руларын көтереді. Бұл халық арасында «Көктемір көтерілісі» деген атпен қалған екен. Себебі Сапар өзі пір тұтқан Көк бұқа – «Көктемір» атымен әрекет етіп, Қобда бойында 1500-дей қол жиыпты. Орынбор губернаторы Рейнедорп жағдайды анықтау үшін өз «жансыздарын» көтеріліс ошағына жіберіп, хатталған мәліметтер алады. Сол мәліметтер бүгінде Ресей сыртқы істер министрлігінің мұрағатында сақталыпты. Қазақ жерін, елін таптаған орыс отаршыларына қарсы күресте Сапарға күйеуі Жанбалта сенімді серік болған.
    Ержүрек әйелдің ерекше қабілеті – күрес тактикасы мен саяси көзқарасынан анық байқалады. «Түнгі елес» (еркін аударма – ред.) атанған ол шағын қолмен орыс-казак қостарының сарбаздарын қырып, дем арасында қараңғылыққа сіңіп жоқ болады екен. Сапар Е.Пугачев көтерілісіне үлкен үміт артады, себебі ол қазақ халқына өзі армандаған өмірлерін сүруге уәде етіп, жеке мемлекет болу, теңдік пен бостандық, жер иелігі секілді мәселелерді көтерген еді. Тіпті, көтеріліс жеңісті болған жағдайда Жайық, Орынбор казак-орыстарын да Қазақ хандығының қарамағына беруге уәде етілген. Бірақ Кіші жүз ханы Нұралының тарапынан көтеріліс қолдау таппайды. Оның ыңғайын байқаған үстем тап «ақ патшаға берген антымызды бұзбаймыз» деп жергілікті қолға қол ұшын бермей, керісінше, оларға қарсы күреседі. Е.Пугачев өліп, көтеріліс жаншылғаннан кейін Сапар оны қайта жандандыруды ойлайды. Пугачевтың атын ұранға алса, оның қалған серіктері, Жайық бойындағы казак-орыстар, қалмақтар, башқұрттар, мордва, чуваштар, тағы басқалары қайтадан атқа қонады деп дәмеленді. Бұдан Сапар келіншектің ойлы екені байқалады. Бірақ батыр әйелдің ісі қайта жандана алмайды. Алдымен Досалы сұлтан көтерілістен бөлініп, Рейнедорпқа кешірім сұрап хат жолдап, кінәларын жуып-шаюға кіріседі. Оған қоса көтерілісшілерді тоқтату үшін жазалаушы отряд жіберуін сұрайды. Одан соң баласы Сейдалы сұлтан да көтерілістен бас тартады. Көтерілісті басуға барын салған Нұралы хан 1775 жылдың соңында Сапар келіншекке Сырым Датұлын жұмсап, бекерге қан төккеннен нәтиже шықпайтынын ескерткен екен. Көтеріліс басшысы оған құлақ аспаған соң, Рейнедорпқа хат жолдап, табын, тама ауылдарына жазалаушы отряд жіберуді немесе башқұрттарды айдап салуды ұсыныпты. Ақыры Нұралының өзі бастаған қол оларға қарсы шығып, онысы сәтсіз аяқталады. Уақыт соза берсе, ішкі іріткіден көтерілісшілердің ыдырап кететінін білген Сапар 1776 жылдың көктемінен бастап өз бетінше әрекетке кіріседі. Көтерілісті табын, тама, байбақты, жағалбайлы, шекті, кердері рулары қолдап, саны 10 мыңға жетеді. Бірақ олардың қаруы күшті орыс әскерін тоқтатуға шамасы жетпейді. Орыс отаршылары да соғыс тактикасын жетілдіріп, Қобда бойындағы «көтерілісшілер шабуылдауы мүмкін» деген қамалдарды нығайтып отырған. Сапар сол себепті күшті бір жерге топтамай, жеңіл жасақтар құрып, қамсыз отырған қамалдарға тұтқиылдан шабуылдаған. Мысалы, олар Красногорский қамалының мықтылығын біліп, Орынборға қарай бұрылған болады да, қайтып келіп, Чернореченский, Елек қамалдарына тиіседі. Жайық өзенінің жоғарғы жағына, Қызыл, Таналық, Ор, Ильин, Чернореченский, Елек қамалдарына шабуыл жасайды. Табын Қалыбай, тама Қадыр, Садыр, Жанболат, Тасболат және Жағалбайлы топтары Қалмақ редутын талқандайды. Жайық топтары Кирсанов хуторын алады. Ал сол кездегі Гурьев жақтағылар Жайықтан өтіп, Астраханьға ілігіп, Краснояр, Чернояр елді-мекендерін шабады. Осылай шашырай әрекет ету арқылы көтеріліс күштерінің көп екенін аңғартып, орыс билігіне қарсы қолды күшейткісі келген екен. Сапар келіншектің соғыс тактикасы әжептәуір жеңіске жеткізе бастаған соң, орыс әскерлері бір-біріне көмекке келе бастапты. Жазалау отрядының азабын көрген Еділ, Жайық казак-орыстары, башқұрттар үн-түнсіз қалады. 1776 жылдың жазында көтеріліс сап тыйылыпты. Архив құжаттарында оның себебі туралы да дерек жоқ екен. Көтерілістің аяқ астынан сап тыйылуы Сапардың өлімімен байланысты болса керек деген болжам бар. Оның жерленген жері Қобда бойында, болмаса Қобда-Қиыл аралығында болса керек. Себебі ол туралы архивтерде нақты дерек жоқ. Сапар - ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы қарлығашы болып, тарихымызға өшпестей із қалдырып, алтын әріптермен сақталыпты. Ал біз жаңа біліп жатырмыз...
    Ғалым Әнес Сарайдың ол туралы мақаласы «Қазақстан әйелдері» журналының 1997 жылғы ақпандағы №2 санына шыққан. Аты әлі таныла қоймаған ақтөбелік батыр келіншектің портреті облыстық “Әлия” мұражайында тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Табын Бөкенбай батыр деген кім?
  • Құт қонған Қобда
  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Полиция: Күштік құрылымдардың кәсіби дайындығы талапқа сай
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге