Ақтөбенің алғашқы дикторы

    Ақтөбенің алғашқы дикторы

    Ақтөбелік Раиса Әбілова - “Ақтөбе” телеарнасының алғашқы дикторларының бірі. Ғұмырының алты-ақ жылын телевизия саласына арнаған ол-қазір зейнеткер. 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай ардагер диктормен әңгімелестік.

    - Мен Ақтөбе телевидениесінде диктор болып 1960 жылдан бері жұмыс жасадым. Оныншы клас-тан кейін дүкеншілік курсты бітіріп, Ферросплав зауытының жұмысшыларға арналған дүкенінде істеп жүр едім. Сол уақыттары бір кісі қайта-қайта келіп. “Қарындас, сіздің түріңіз де, даусыңыз да телевидениеде жұмыс жасауға лайықты. Ақтөбеде телевидение ашылайын деп жатыр, соған конкурсқа келіңіз”, - деді. Кейін білдім, ол Нұраш Жиенғалиев екен. Қазан айында дикторлардың конкурсы болды. 20 шақты қыз-келіншек қатысқан сол конкурсқа мен де бардым. Солардың ішінен Алматыда диктор болған Мәриям Әйімбетова екеуміз өтіп кеттік. Содан мен бұрынғы істеп жүрген жұмысымды тастап, телевидениеге диктор-практикант болып орналастым. Телевидениеде сол 60-жылдан 1966 жылға дейін жұмыс істедім. Ол кездегі телевидение мен қазіргіні салыстыруға болмайды. Екеуінің арасы жер мен көктей. Ол кезде барлығы да қолмен істелетін еді. Дикторларға тексті редакторлар жазып береді, оның үтір-нүктесіне дейін қалдырмай, қақшиып отырып айтып беруге тиіспіз. Ол кезде қазіргідегідей бұрылуға да, жан-жаққа қарауға да ешқандай құқығымыз жоқ еді. Тәртіп солай болды. Біздің кездегі дикторлар әрі хабарландыру оқиды, әрі бағдарламаны, әрі саяси хабарламаларды, қажет болса, концерттерді де жүргізді. Қазіргі дикторлар бөлек-бөлек өзінің ғана хабарына жауап береді ғой, бізде бәріне бір диктор жауап беретін-ді. 60-жылдары менімен бірге Ақтөбе телевидениесінде Әйімбетова Мәриям, Иван Ушанов, Людмила Незванкина, Наталья Проскурина деген дикторлар жұмыс жасады. Ол кезде телевидениеде бәрі де өте қарапайым, өте шынайы болды. Қазіргі дикторлардың бет-жүзін, шаш үлгісін басқалар әрлеп, әдемілеп береді. Рахат қой. Қазір заман басқа, дикторлар ондай рахаттарын көре берсін. Біз өзіміздің қалпымыз қандай болса, сол күйімізде шығып жүрдік. Бояну, кірпік жабыстыру секілді әрекеттер болған жоқ. Әркім өзінің көркіменен, өзінің киіміменен, өзінің болмысыменен шығатын еді. Біз арнайы оқымадық қой. Үйрететін де ешкім болмады. Бір ай Алматыға, бір ай Мәскеуге практикаға бардық, басқа жоқ. Айнаның алдында отырып, артикуляциямызды дұрыстаймыз,- дейді Раиса апай.
    Ол телевидениеде істеп жүрген жылдары Бибігүл Төлегенова алғашқы рет осы батыс өңірлерін аралап жүріп, Ақтөбенің телевидениесіне келіп концерт береді. Бұл оқиға да Раиса апайдың есінде мықтап сақталыпты.
    - Сол кісілерді өз көзіммен көрдім. Бұл 60-61-жылдары болған оқиғалар. КСРО актері Крючков келіп, сонымен бірге түскен суреттеріміз бар. Жан-жақтан келген, одақ көлеміндегі, өзіміздің республика көлеміндегі әртістер көп болды. Солардың концерттерін жүргізіп, солармен бірге өміріміз өтті деп айтуға болады. Ол кезде арнайы телестудия салынбаған еді. Қазіргі драма теат-рын соған бейімдеп жасақтады. Хабар жүргізілетін бөлменің төбесі қазіргідегідей биік емес, өте аласа болды. Жарық шамдары өте төмен орналасып, басымыздан, маңдайымыздан жарқырап тұратын еді. 10 минуттық хабарламаны оқып шыққанның өзінде терлеп, ыссыға шыдай алмай, шаққа көніп отыратын едік. 1966 жылы тұрмысқа шығып, жолдасым Ақтөбе медициналық мемлекеттік институтын бітіріп, оны Мұғалжар деген ауданға жұмысқа жіберді. Сол жаққа кеттік,- дейді ол журналистикадағы еңбек жылдарын еске алып.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бейбіт Нұртаев: “Қай іске де мықты басшы керек!”
  • Тарихтан бір дерек
  • Гүлбаршын Аққатова: Ұрпақтар сабақтастығы үзілмегені дұрыс!
  • Қайырғали Қожанбаев: Қайрат Нұртасқа зар боп қалдық
  • Бибізада Көздібаева: Есік күзетсем де, телевидениеден кетпеймін дейтінмін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге