Келін мәдениеті қандай болу керек?

    Келін мәдениеті қандай болу керек?

    Кез келген қыз бала бой жетіп, ой түзеген соң, бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Бұл “қыз – жатжұрттық” дегенді бойтұмардай ұстанған қазақ қызының бәрінің тағдырына тиесілі, көрер қызығы бар қуанышы екені анық. Өйткені жар құшып, ана болу құрметі кімнің болсын да мақтанышы һәм бақыты.

    Алайда бұл күнде осы келіндіктің қадірін кетіру арқылы өз қадірін кетіріп жатқан қаракөз қарындастарымызды көргенде, не айтарымызды білмей жағамызды ұстап, терең ойға шырмалып, олар сол келіндіктің де өз өлшемі, жоғары мәдениеті, бүтін бөлек әдебі барлығын жадынан шығарып тастаған-ау деген тоқтамға келесің. Зады, келіндіктің үлкен мектеп, яғни, толған үлгі-өнеге, ерекше сый-құрмет, шаруаға икемділік, ширақтық пен жинақылық, тазалық пен ибалылық, ашық қабақтылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірім-ықылас, ең бастысы – қайын ата мен енеге өз ата-анаңа жасайтындай жақсылықты көл-көсір қып төгіп, солардың мақсат-мүддесін өз мақсат-мүддеңдей көруің керек. Осы орайда қыз баланың бойына әлгібір игі қасиеттер кішкентайынан дарып, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрекпен түйсінген болуы ләзім. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру–өте қауіпті. Өмір гүлінің жапырағына құрт түсіп үсік бір шалған соң, қайта құлпырып, қалпына келу жоқ, оған көз жасы да, басқа да көмектеспейді. Келін үшін әуелі болашақ күйеуінің мінез-құлқы, әдет-дағдылары, ой-өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы мен жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есіртікіге зауқы), алабөтен қылықтары, т.б. жайында алдына ала білуі өте маңызды. Ол сонымен бірге, халықтық дәстүрден, туыстық атаулардан, олардың өзара және өзімен арақатынасын жақсы хабардар бола отырып, сүйген жігітінің отбасы жайында түсінігі жеткілікті болуға тиіс. Одан бөлек, келін бар жақсыны зердеге тоқып, ауыл-аймаққа жақсы атағы шыққан, әдепті, инабатты саналатын жеңгелерге, әпкелерге жақын жүріп, сыр алысып, үлгі-өнеге үйренуінің мәні ерекше. Тіпті, әр үйден қалай қазан-ошақ ұстауды, бірінен жүк жинап, үйді реттеуді, бірінен ас-су әзірлеп, біреуінен отбасылық жағымды қарым-қатынастарын, бірінен қора-қопсы жинақылығын, т.б. үйрену де бұрынғыдан келе жатқан тәлім жолы. Ендеше, келіндік өлшемнің өзі мәдениеттілікпен екшеліп отыратынын білгеніңіз дұрыс. Келіннің мәдениеттілігі оның өз отбасына қатысты құндылықтарды жоғары қойып, зор жауапкершілікпен сезіне білуімен көрінеді. Ерін сыйлап құрметтеу, отбасының ашына айналып, тоғынау толғану, күйеуінің рұқсатынсыз орынсыз қыдырмау, басқалардың үйіне қонбау. Барына қанағат қылу, бір түйір дән, бір салым тұз болса да төкпей- шашпай пайдаланып, көрпеге қарай көсілу, үнемшіл, ұқыпты болу. Отбасына тыныштық, береке –бірлік орнатып, бастың амандығын, деннің саулығын тілеу. Үйді таза ұстау. Күйеуінің артық-кем істеріне кешіріммен қарау, қыңыр қылық, теріс әрекеті болса,жұмсақ мінез, жағымды күлкі, риясыз адамгершілігі арқылы жөнге салып отыру, әрқашан беттен алып, төске шашпау. Бойына бала біткен күннен бастап, неғұрлым тежемді болып, іштегі перзентінің дені сау, ес-ақылы дұрыс, ата-анаға мейірлі болуын тілеу. Бойын, ойын жаман мінез, жат қылықтан таза ұстау. Перзентін адал еңбек, ащы терімен асырау. Арам, лас табыспен ауыздандырмау. Дене мүшелерін таза, пәк ұстау, үнемі жуынып, таранып, таза ретті жүру. Ары, қолы, ниеті таза болу, адал кәсіппен шұғылдану, отбасына арам олжа, лас дүние-мүлік кіргізбеу. Бала –шағасын аш -жалаңаш қалдырмау,өзгелерге қорлатпау, жәбірлетпеу. Ана тіліне қандырып, адамгершіліктің ақ жолымен тәрбиелеу, түрлі өнерімен үлгі –тағылымнан мақрұм қалдырмау. Күйеуінің ретті, таза жүруіне жауапты болу. Кірін жуып, киімін жамап, тамағын уақытында әзірлеп беріп, бұйырған жұмысына әзір тұру. Мұның бәрі ақ некесі қиылып, жат босаға аттаған қыздың мойнына жүктелетін міндеттері. Аталған тәрбие келіннің отбасына, күйеуіне, ұрпағына, ата-енесіне, сондай-ақ, өзі келін болып түскен ауылына деген жауапкершілік және борыштық сезімін жоғарылатып, туыстық, жақындық, жанашырлық сүйіспеншілігін тереңдетеді әрі көпшіл, ұқыпты, үнемшіл, жомарт, ақылды болуға баулиды. Қорыта келгенде, бұл тәрбиенің келіндерге, сондай-ақ, бүкіл әйелдер қауымына берер тәлім-тәрбиелік ролі мен ғылыми мән-мағынасы өте жоғары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жеті атаға дейін қыз алыспау деген не?
  • “Енемді сағынып жүрмін”
  • Тілегім – отбасының бүтіндігі
  • «Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»
  • Қазақ ұл мен қыздың тәрбиесін бөліп қараған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге