Үйлену оңай...

    Үйлену оңай...

    15 сәуір - қазақтың махаббатын дастанын асқақтатқан қос ғашықтар «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мерекесі. Осы тұста ұлы сезім арқылы ерте қосылған ақтөбелік отбасылар көпке үлгі болып отыр.

    Биыл төртінші рет жалғасын табатын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні шынайы махаббаттың төс белгісіндей. Елімізде бақытты ғұмыр кешіп жатқан қаншама жұп бар. Тіптен ата-әжелеріміз бүгінгі жасқа үлгі де болып отыр. Ал, жастықтың сергелдең арбауымен бірге бас қосқан жас-тарды кездестіре беруіміз сирек. Бір көргеннен ғашық болып, отасқандарына биыл 26 жыл толатын Артур мен Мира талай қиындықты артқа қалдырды.
    - Жұбайым екеуміздің махаббатымыз «Қозы мен Баянның» махаббатынан қалыс қалатындай емес. Өткен ғасырдың адамдары болсақ та махаббат деген сиқырлы сезімді сезіне алдық. Мен Артурдың қарындасының құрбысы болдым. Қарындасының туған күні біздің махаббатымызға себепкер болды. 1990 жылдың қараша айында таныстық. Ең алғаш көргенімнің өзі қызық оқиға болды. Бір көргеннен ғашық боламын деп ойлаған да емеспін. Қазір отырып есіме алсам күлкім келеді. Үйге кірсем Артур нан турап тұр екен. Көзіме көрінген сүйкімді жігіт мені бірден баурап алды. Міне сол жерден ғашық болу басталды. Ұнату, ғашықтық, қызғаныш деген сезімдер осы күннен бастау алды. Екеуміз де 16 жаста болдық. Қазір ойласақ 16 жас дегеніміз оң-солын танымайтын жас бала ғой. Махаббат сезімі лаулап тұрған шақта мен бір үйдің келіні болып үлгердім. Оқуға түсіп үлгермегендіктен, оқу, диплом дегендер жайында қалды. Ата-ененің қолында тұру, бір үйдің отанасы атану деген 16 жасар маған да, 16 жасар күйеуіме де қиын болды. Енемнің қолында бір жыл тұрдым. Бәрі жақсы болды. Білмеген тұстарымды үйретті. Қиын кездерде де бізді айырмаған адал махаббатымыз болды. Әрине, өкінген кездерім бар. Әсіресе “неге тұрмысқа ерте шықтым” деп өкінемін кейде. Өмірдің талай сынын бірге көтердік. Ерте қосылғандықтан, бірге өстік деуге де болады. Жеткен жетістіктерімізге де бірге қолжеткіздік. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді. Үй болып кету үшін барлық жұмысты жасадым. Нан саттым, ет саттым. Жұбайым ет комбинатында жұмыс жасады. Сол жерден ет, шұжықтар әкелетін. Соларды сатып, күнімізді көрдік. Тіптен жатақханада тұрған кездеріміз болды. Сөйтіп-сөйтіп көтерілдік. Қазір құдайға шүкір, әке-анасын асырай алатын екі қыз, екі ұлым бар. Ерте тұрмысқа шыққандықтан болар немеремді де қатарластарымыздан ерте көрдік. Тәп-тәтті немеренің әжесімін. Бақытты анамын. Адал жармын,-дейді көпке үлгі болып отырған жас әже Мира Маханова.
    Қазақта он үш жаста отау иесі деген. Отбасында жалғыз ұл болса ерте үйленетіні анық. Кейде олар махаббаттың жалынымен, кейде ата-ананың қыспақтауымен болады. Танысқан сәттен ұнатып, ұялы телефон арқылы жалғасқан махаббат оқиғалары да бар. Данияр мен Индира осындай махаббаттың кейіпкерлері. Олар бір-бірін алғаш оқып жатқан колледж алдында кездестірген.
    - Даниярды маған бөлем таныстырған. Жігіт ұнады. Алғаш көргеннен сездім. Қанша дегенмен қыз баламын. Өзімше тәкаппарлық танытатыным тағы бар. Ұнатып тұрсам да, бөлеме “телефон нөмерімді беруші болма” деп ескертім. Онымен бөлем менің сөзімді құлағына да ілген жоқ. Танысқан күні кешкісін Данияр хабарлас-ты. Телефон арқылы ұзағынан сөйлестік. Ертесіне көрісіп, кездесе бастадық. Даниярды білмедім, өзім қатты жақсы көрдім. Бұйырса біздің отасқанымызға 11 жыл болады. Бірге тұруды, бір отбасы болуды армандадық. Арманымыз орындалды. Жас болсақ та ата-енем дүркіретіп тұрып той жасап берді. 16 жасымда басыма ақ орамал тағылды. Данияр 18 жасында әке атанды. Үнемі ата-ененің қолдауымен, сенімімен жүргесін қиындықтар болмады. Артыма қайта айналып қарасам да ештеңеге өкінбеймін. Мақтана алатын керемет жолдасым бар. Өзімді жақсы көретін ата-енем, қайны апаларым мен қайны сіңлім бар. Екеуміздің махаббатымыздың ең ұлы күші, құдайым өзі сыйлаған үш балам бар. Махаббаттарыңыз Төлеген мен Жібектей, Қозы мен Баяндай жалындап тұрса тұрмысқа шығудың ерте-кеші жоқ. Кеше ғана кездескен тәрізді едім, арада 11 жыл зуылдап өте шыққан. Әрине ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ сондай кезде жолдасым екеуміз бәрін жеңген сияқтымыз. Әлі де ұзақ, мәңгі бақытты боламыз,-дейді ата-енесінің сүйікті келіні Индира Есенғазина.
    Он тоғыз жасқа енді қадам басқан Ерболат пен Самалдың отасқандарына биыл 3 жыл болады. Сүйкімді Ренаттың әке-анасы болып үлгерген жұп көпті таңғалдырды.
    - Біздің махаббат хикаямыздың айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Дегенмен әр жас өздерінің сезімдерін жоғары санайтына анық. Бізде бір көргеннен ғашық болу деген сезім басымыздан өтпеді. Танысу, дос болып сөйлесу. Осы арқылы достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Көпке ақыл айтар, махаббатымызды мақтаныш қылатын жаста емеспін. Бірақ ата-бабаларымызда ерте отау құрған. Біздер де сол тәрізді 16 жасымыздан бастап бір шаңырақ астындамыз. Алғаш таныстығымыз бір оқу орнына түсуден басталды. Тіптен бір мамандыққа түстік. Бірге боламыз, қосыламыз деген шешім қабылдадық. Үлкендердің ақ батасымен үйленіп, үйлі болдық. Қазір үш жыл. Болашағымыз алда деген сенімдемін,-дейді Самал Исаналина.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Енемді сағынып жүрмін”
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • Шаңырағың шайқалмасын десең әйеліңді құрметте!
  • Абдолла-Әлилә Нұсқабаевтар: Ажырасу дегенді білген жоқпыз
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге