Ерлі-зайыптыларды тығырыққа тірейтін нәрсе не?

    Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасты жиі бұзатын не нәрсе? Әр жұптың араздастыратын өз себебі және өз түсінбеушіліктері болады деген уәж логикаға сыяды. Бірақ эксперттер қатынастардың ұзақтығы мен ерекшеліктеріне қарамастан қақтығыстарға алып келетін жалпыға бірдей жеті себептің бар екендігін бөліп айтады. Бір қызығы: олардың әрқайсысы өздерінің бірге өткізетін өмірін қалай өткізу керектігі туралы нақты жауап алғысы келеді. Оның себебі, бір жағынан алдында бағдардың жоқтығы болса, екінші жағынан өзара қатынастағы жауапкершілікті барынша азайтуға тырысудан.Бірге өмір кешіп жүріп, жауапкершіліктен қашқақтаудан басқа тағы қандай кедергілерге тап келуге болады?

    1. Тұтасқан бітеқайнасқандық (симбиоз)
    Қаншама парадокс болса да ең осал одақ — бастапқыда бітеқайнасып кеткендей болып көрінетін, жұптардың бір біріне: көңілдес те, дос та, туыс та, бала да бола алардай жақындасып кеткен одағы. Олар сызат түспестей бірлігіне араласып, өзгеріс енгізердей бір нәрсе пайда болған күнге дейін елсіз аралда жалғыз қалған жандардай күн кешеді. Бұл баланың дүниеге келуі болуы да (бұған дейін бірі үшін бірі күн кешіп жүрген екі адамның өмірін үш адамға қалай лайықтауға болады?), жұбайлардың біреуінің ойында қызғылықты жобаның пісіп жетілуі, көп жағдайда жұбайлардың біреуінің «қажып кеттім-ау» деген ойға бекінуі де болуы мүмкін. Бұл әріптестердің біреуінің көңілі қалып, екіншісінің жолым болмады деген ойға бекінуі- тығырықтың бастауы. Көп жағдайда бұндай жұптар бір бірінен бейбіт жолмен қол үзбейді.
    2.Ерекшеліктерді мойындаудан бас тарту
    Сүйіктің сенің көшірмең емес деген ұғым теориялық тұрғыда мойындалса да, өмірде басқаша қабылданады. Небір үлкен жанжалдар, біз ескере бермейтін, немесе мойындағымыз келмейтін ұсақ-түйектен басталады. Әріптесіміздің біз қуанғанға қуанып, ренжіген жағдайымызға бірге ренжімегендігін біздер қабылдай алмаймыз. Бұлай болуы біздерді басында таңдандырып жүрсе, бара бара ашуымызды қайнататын түбінде оған деген көңілімізді суытатын жағдайға әкеледі. «Ерім өзінің сезімі жайлы маған айтпайды», «Әйелім осы әлетке жету үшін менің арқа етім-арша, борбай етім-борша болып жүргендігін түсінбейді», «Әйелім менің қауышқым келгенде секс-тен бас тартады» деген сияқты уәждер, терапиялық сеанстарда айтылатын ерлі -зайыптылардың бір біріне артатын кінәларының бір парасы осылар.Түптеп келгенде осылардың барлығы ері мен әйелінің бірінен бірінің айырмашылығын мойындағысы келмеу ғана, бұлай ету олардың бірлескен өмірін майдан алаңына немесе, бітіспес соттасуға айналдырып жібереді.
    3.Сөйлесіп пікірлесудің жетіспеуі
    Жұбайлар бір бірімен сөйлесіп пікірлесудің бірін бірі түсініп ұғынысуға үйренуге жол ашатындығын естерінен жиі шығарып алады. Қасыңдағы адамның ойындағысы мен нені қажетсінетіндігін қалай білесің? Бірлескен жоспарды қалай құрасың? Тек қана сөйлесу арқылы. Олай істемеген жағдайда біз қасымыздағы адамның, тіпті біз ойлап елестеткендей жан емес екендігіне ерте ме кеш пе біздің көзіміз жете бастайды. Бұған қоса пікірлесудің аздығы түсініспестікке алып келеді. «Не деп жауап беретіндігін біліп тұрсам, оған бірнәрсе айтудың қажеті бар ма?» Бірін бірі білетіндігіне сенімді жұбайлар өзара сөйлесудің қажеті шамалы деп есептейді. Олар бір біріне кінә таға жүріп, бірігіп өмір сүрудің орнына қатар өмір кеше береді.
    4. «Емдегіш» жұп
    Бұл жұптардың өз арасында өздері де байқай бермейтін және көлденең көзге көрінбейтін, бір біріне тәуелді болу туралы шарт жасасып қойылғандай: жетекші әріптес сыңарын торығудан, ішімдіктен, кәсібі жолы болмаушылықтан емдеп жазуға міндеттенгендей. Өзіне «құтқарушының» ролін арқалаған әріптес өзінің орны толмастығын, қажеттігін сезінгісі келеді. Өстіп билік жүргізушілікке ұмтылыстың негізінде дүниеге келген қатынастың бетпердесі әрдәйім сорайып көрініп тұрады. Көбіне «емделуші» айығып, «емдеушінің» де, өзі басынан кешкен қиындықтардың куәсінің де оған қажеттілігі жоғалатын кез келеді. Немесе ол өзін тәуелділікке ыңғайлаған осы бір байланыстың өзіне еркіндік берудің орнына, бағындырып бара жатқандығын сезінетін кез келеді. Осының негізінде бейбіт жолмен шешілуі мүмкін болмайтын «бунт» қарсылық басталады.
    5. Белгілі жоспардың болмауы
    Алға жылжу үшін ерлі-зайыптылар жоспарлар жасаулары керек. Бірақ алғашқы күндердің көңілді көкке ұшырар эйфориялары жас жұбайларды ертеңге жоспар жасамай-ақ, «бүгінгі күннің қуанышымен күн көре беруге болады» деген сенімге әкеледі. Нәтижесінде, құштарлықтың қуанышы ептеп басылар кез таянғанда болашақ деген ұғымның орыны қаңырап бос тұрады. Бірге кешкен өмір жаңа құлшыныстар туғызып, қанағаттанғандық сезім сыйлай алмай қалады. Бас қосып жағдайды талдап өздері күткен игілік туралы сөйлесудің орнына, жұбайлар томаға тұйық күй кешіп, әркім өз ісімен болып кетеді, бар көңілін жұмыс істеуге жұмылдырады. Кезі келгенде жұбайлардың біреуі өзімен өзі, жалғыз өсіп келе жатқандығын түсінеді де, байланысты үзу туралы шешім қабылдайды. Немесе шешімнің кең тараған түрі: екеуі де «бірге жүріп, жалғыз өмір сүруге» мойынсұнып, ешнәрсені өзгертпестен тірліктерін жалғастыра береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Күйеуіңнің жағдайы – сенің айнаң
  • Шаңырағың шайқалмасын десең әйеліңді құрметте!
  • 55 жыл отасқан ерлі-зайыпты бақытты өмір сүрудің сырын ашты
  • Несиесін төлей алмаған ерлі-зайыптылар ірі супермаркеттердің бірін тонап кетті
  • Ақтөбеде несиесін төлей алмаған ерлі-зайыптылар ірі супермаркеттердің бірін тонап кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге