Георгий лентасы туралы не білесіз?

    Георгий лентасы туралы не білесіз?

    Жылдағы дәстүр бойынша, Жеңіс күні қарсаңында сары-қара түсті Георгий баулары сәнге айналады. Сән дегеннен гөрі, арнайы науқан десе де болғандай. Себебі, тұрмыстық құралдардан бастап, көше, тіпті көліктерге дейін осы ленталармен көмкеріледі. Ленталар тегін таратырылып, қара және қызғылт сары түске боялған суреттер, жарнамалар көбейе бастайды.

    Сырттай қарағанда, бұл лента 9мамыр мерекесінің бөгенайы іспетті болып көрінгенмен, шындап келгенде империяшыл көршіміздің идеологиялық қаруына айналып бара жатыр деген пікірде қоғам белсенділері. Мұндай бауларды неліктен біздің қоғамның әлі күнге дейін тағуы кеңестің қалдығын таңсық көруі ме? Әлде, Георгий лентасын жандандыру - Ресей идеологиясын санаға сіңірудің бір көрінісі ме?
    Әлеуметтік желі белсендісі Мұхтар Бақыттың сөзінше, Екінші дүниежүзілік соғыста мұндай лента болмаған:
    -«Георгий лентасының» тарихынан бастайық. 1769 жылы 7 желтоқсанда Ресей патшайымы Елизавета ІІ енгізген 4 дәрежелі Георгий даңқты орденінде пайда болған. Бұл орденмен 1917 жылға дейін әр түрлі шенділерді марапаттап келген. Соның ішінде, Орта Азияны жаулап алғандарды осы орденмен марапаттаған. Кейін Патшалық үкімет құлаған соң, бұл белгіге Кеңес үкіметінде тыйым салынған. Ал 1943 жылы Кеңес армиясында Гвардия ордені тағайындалған. Ал Ресей 2000 жылы Георгий орденін әскери орден ретінде қайта жаңғыртып, 2005 жылдан бастап Георгий ленталарын Жеңіс күні қарсаңында тарату акциясы басталды. Сонда ешқандай да Кеңес армиясына қатысы жоқ лентаны 1941-1945 жылы болған соғыс белгісі ретінде тарату нағыз тарихи қателік болып табылады. Біз Патшалық Ресейдің белгісін ұлықтап, оны көлігімізге тағып, «соғысқа қатысқан ата- бабаларымызды еске алып жүрміз» деп мәз боламыз. Бұл саяси ойын. Қырымды басып алған әскерилер осы белгіні тақты. Славянск, Одессадағы Ресейге қосылмақшы топтардың барлығы осы лентаны тағып алған. Бұл Ресей империясын қайта жандандыру акциясы,- дейді ол.
    Ал Қазақстанға танымал философ Әбдірәшит Бәкірұлы жас-тарды жылтыраққа қызықтыру –жымысқы саясат деп есептейді:
    - Жастар оған "жылтырақ дүние" деп қарайтын сияқты. Ал, енді, соны тықпалап отырғандардың әрекеті - жымысқы саясат екені анық. Өмірде қай салада болмасын - дінде, саясатта -бұқараның "сауатсыздығын" өз пайдасына шешіп қалуға тырысатын тәсіл жиі қолданылады. Мысалы, "Валентин күні" деген адамның махаббат сезіміне әсер ету арқылы христиан дінін астыртын санаға сіңіру болып табылады. Бұл да соған ұқсас құбылыс. Ал оған тойтарыс беру үшін "байбалам салу" жеткіліксіз. Ол үшін ұрпақ санасына осы атрибуттердің ұлттық нышандарын бала кезден құюды жолға қою қажет. Бұл, енді мемлекеттік шара деңгейінде атқарылатын шара. Оған шама бар ма? Мемлекетшілдікті нығайтуға жауапты биліктің "ұлттық санасы" оянбай, бұл құбылыс жалғаса бермек! Нәтижесін көшеден көретін боламыз,- дейді.
    Наурыз мерекесін тарихи тұрғыда тойлауды қолға алып, бұрынғы салт-дәстүрді қайта жаңғыртып жүрген мәдениеттанушы Серік Ерғали алабажақ лента басынудың белгісі деп есептейді.
    - Бұл - ескінің қалдығы емес, ресейлік саясаттың идеологиялық бір көрінісі. Бұны тағатындарды үшке бөлуге болады: 1. Соғысқа қатысқандар мен нағыз қаһармандарды қадыр тұтатындар, Жеңісті өмірлерінің мәні ретінде көреді де, бұл Георгий таспасы олар үшін тәбәрік секілді сіңіп қалды. 2. Проресейлік ықпалды аңсайтындар мен сол саясатты саналы түрде қолдайтындар. Бұл топты Ресей де өзінің саяси технологиялық қауымы ретінде қарап, олардың "қажетін" осындай жолдармен қолдап, тәуелсіз елдерге қыр көрсеткенсиді. Бұл жағынан алсақ, Георгий таспасы проимпериялық тетік пен бренд іспетті. 3. Жай ғана қызық көріп, Лента таққандарына мәз болатын топ. Бұған саяси жағына мән бермейтін қазақ жастары жатар.Бұл жағынан алсақ, Георгий таспасы қазақстандық отаншылдықты басып-жаншып басқа елдің идеологиялық басқынын паш ететін тұтқа болып шығады. Бүгінгі саяси кеңісте ұсақ-түйек ештеңе жоқ, тіпті, бас киімнің түсі де белгілі бір уақыт пен кеңістікте өз рөлін атқарады. Жыл сайын Жеңіс күнінде Георгий таспасы арқылы біржақты саяси менмендік жасалады да, ресейлік қасиетті бұл белгі егемен басқа елдер үшін қыр көрсету, басқаны басыну белгісіне айналып барады,- дейді ол.
    Георгий лентасын әлемге жаппай тарату шарасы 2005 жылы жеңістің 60 жылдығына орай Ресейде басталғаны белгілі. Сол жылдан кейін бұл шараны Ресей билігі дәстүрге айналдырып үлгерді. Бұл дәстүр 2008 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, Ресей, Грузия, Абхазия, Беларусь, Украина, Греция, Франция, Италия, Эстония, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Молдавия, Әзірбайжан, Қытай, Вьетнам, Бельгия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан бастаған әлемнің 30-дан астам елінде таратылды. Сол жылы Георгий лентасын таратушылар 24 сәуір мен 12 мамыр аралығында 50 миллионға жуық лента үлестіргендерін мақтанышпен айтқан болатын-ды. Ал, биыл бұл көрсеткіш 100 миллионға жететіні туралы ақпараттар бар. Қош! Әлем саясаткерлері Ресейдің осы біржапырақ лентасын империялық саясаттың жанданып келе жатқанына балайды. Оған бірнеше деректерді мысалға келтіреді. Оның біреуін ғана айталық. Мәселен, Қырымда, кейіннен Украинаның шығысында орын алған саяси шиеленіс кезінде федерализацияны қалайтындар мен Украина тұтастығына қауіп төндірген сепаратистер осы лентаны тұмар еткені белгілі. Неге? Өйткені, бұл белгінің тарихы империялық дәуірден басталады. Нақты деректерге назар аударыңыз. Георгий лентасы XIX ғасырда пайда болды. 1806 жылы орыс армиясында Георгий марапат жалаулары енгізілді. Жалаудың басында Георгий кресті бейнеленіп, оның жоғарғы жағына қара және сары түсті Георгий лентасы (дәл қазіргідей) байланды. 1878 жылдан бастап бұл лента «Георгий лентасы» аталды. Тіпті, орыстар бұл белгіні христиан дінінің сеніміне сәйкестендіріп, ең қасиетті медаль дәрежесіне дейін көтерді. Бұл осы кезеңнен бастап, Патшалық Ресейдің рухын асқақтатар әскери ең жоғарғы наградаға айналды. 1917 жылдан бастап, Кеңес үкіметі бұл белгіге түпкілікті тыйым салды. Тек 1992 жылдан бастап, Ресейде Георгий орденін беру қайта жандана бастады. Тағы да тарихты ақтарсаңыз, Патшалық Ресей тұсында осы Георгий орден-медальдарымен біздің елдегі казактар марапатталып отырғанын көресіз. Ал, сол казактардың дені қазақты қалай қырғаны, қандай қасірет әкелгені бәрімізге белгілі. Рас, бұған дейін бұл ленталар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің атрибуты санала бастап еді. Бірақ, империялық сана дүниеге әкелген лентаға әлем Қырымдағы жағдайдан кейін басқаша көзқараспен қарайтын болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақышев теңгенің ауытқуына байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
  • Fights Nights Global — 74 турнирінің басты кездесуінде қазақстандық спортшы шайқасады
  • “АҚТӨБЕ” “ҚАЙРАТТЫҢ” ЕКІНШІ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
  • Данияға қауқарымыз жетпеді
  • ‘‘Ақтөбе’’ ШФК бас бапкерін таныстырды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге