“Халық бізді әділдік үшін таңдайды”

    “Халық бізді әділдік үшін таңдайды”

    Биыл Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) әділет органдарында ресми тіркелгеніне 14 жыл толды. 2004 жылы жаңадан тіркелген партия қатарында 53 360 адам болған. Еліміздің 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында партия ұйымдары жұмыс істейді. 2012 жылдың 1 желтоқсан күнінің мәліметі бойынша – 192 қалалық, аудандық комитеттер, 2359 – бастапқы партиялық ұйымдар құрылған. ҚКХП Мұғалжар аудандық ұйымының төрағасы Жиеналы ЕСЕНКУЛОВ бізге партия туралы толық мағлұмат берді.

    Өткен аптаның соңында Ақтөбелік коммунис-тер мерекеге орай бас қосып, жиналып қалған түйткілді ойларын ортаға салды. ҚКХП-ның Ақтөбе облысында Ырғыз, Ойыл, Мұғалжар, Қарғалы және Ақтөбеде бес ұйымы жұмыс
    жасайды. Облыс коммунистерінің көшін Мұғалжар ауданы бастап тұр. Мұғалжарда партияның 38 мүшесі тұрады. Мұғалжар аудандық ұйымының төрағасы Жиеналы Есенкуловтың пікірінше, ҚКХП саяси партия ретінде “Нұр Отан” партиясымен үлкен бәсекеге қабілетті. Партияның негізгі мүшелері - үлкен кісілер, оның көбі бұрынғы коммунистік партияның қатарында болған. Негізгі бағыты - бұрынғы коммунистің ізін жалғастыру, халыққа қызмет жасау. - Бірақ басқа саяси партиялардан еш өзгешелігіміз жоқ. Бағытымыз да бір. Ой-тілегіміз де бір. Алайда саясатта мысалы, баға салты болсын, көлік жағы немесе зейнеткерлік туралы болсын, біздің келіспейтін тұстарымыз өте көп. Себебі біздің Кеңес үкіметі уақытында халыққа барлық жағдай жасалған еді. Қазіргі нарықтық заманның саясаттың көңілге қонымсыз тұстары өте көп. Оны халық біледі. Өкініштісі сол, көп жағдайда коммунистердің сөзі өтпей қалады,- дейді Жиеналы Есенкулов.
    Төрағаның айтуынша, Қандағаштың коммунистері өңірдегі қоғамдық жұмыстардың қай-қайсысына да белсене араласып отырады. Ақсақалдардың қоғамдық кеңесінің бір бөлігі коммунистер. Негізгі ақыл-ой, күш-жігерлерін кеңес отырысында ашық көрсетіп, халықпен тығыз қатынасып отырады.
    -Біз қала тазалығы жөнінен мәселелерге зор үн қосып келеміз. Қандағаш өте ауыр қала. Екі жарым ауданның басын құрап отыр. Халықтың саны 76 мыңға жетті. Соның біріншісі – Ембі. Кейін Жем ауданы мен Қандыағаш қаласы. Өңірдің өркендеу салты жылдам. Себебі, Қандағаш әрі мұнайлы, әрі өндірісті өлке. Халықтың дені вахталық жұмыста. Бізде көп салалы жұмыс көздері бар. Дегенмен мәселе де жоқ емес. Маңғыстау мен Атыраудың халқымен салыстырғанда, біздің жақта жалақы өте аз төленеді. Қытайлық жұмысшылардан да төмен алады. Соған қарамастан, халықтың ауызбіршілігі, татулығы мол,- дейді Жиеналы Есенкулов.
    Аудандық ұйымның төрағасы партия өкілдерінің халық арасында беделі жоғары екенін алға тартты. Түрлі саладағы жиналыстарға шақырту алып, өкілеттілік алып жүргені – партияны құрметтеп, бағалағаны. – Қазір партиялардың құқығы тең. Барлығы бірдей сайлауға түсе алады. Қуанатынымыз сол, партиямыздың қатары көбейіп келеді. Халық бізді әділет үшін таңдайды. Партияның ісі, алға қойған мақсаты - әділеттік. Әділдікті құптайды. Ардагерлердің қоғамдық кеңесінде де партия мүшелері белсенділігін көрсетіп, өз ойларын жеткізіп отырады,- дейді Есенкулов.
    ҚКХП облыстық ұйымының бірінші хатшысы Жанат Молдашевтың айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚКХП партиясының 7 депутатынан құралған «Халық коммунистері» фракциясы қызмет етеді. Фракция депутаттары заң шығару ісімен айналысып, сайлаушылармен кездесу өткізеді. Әлеуметтік маңызы зор мәселелер бойынша сауал жолдайды. Заң жобалары бойынша жұмыс топтары мен тұрақты комитеттердің отырыстарына қатысады. Мәжілістің пленарлық отырыстарында сөз сөйлеп, заң жобаларына ұсыныс енгізеді, ҚКХП Орталық Комитеті, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өткізетін отырыстарға қатысады. Парламенттегі ҚКХП қызметі аясында «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары азаматтардың әлеуметтік қамтылуы, жер реформасы, тегін медициналық қызмет, білім беру сынды мәселелерге қатысты 200-ден астам депутаттық сауал жолдады. Коммунист-депутаттар үлескерлердің, мүгедектердің құқықтары үшін күресіп, ауыл шаруашылығын дамытуды қолдайды.
    ҚКХП жер үлестерінің алданған иелері, азық-түлік өнімінің күрт төмендеуі, тұрғындар арасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту тобына жататындар жағдайы, коммуналды төлемдердің тарифтері мен бағаларының күрт жоғарылауы, адамның әл-аухатына тікелей әсер ететін басқа да маңызды мәселелерге назар аударып келеді.
    Партия үнемі халықпен, билік өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси партиялардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар өткізеді. ҚКХП ҚР Парламент Мәжілісіне қарасты Қоғамдық палата құрамына енеді, Парламентаризм институтының жұмысына белсене араласып тұрады. Басқа елдердің, атап айтқанда Куба, Въетнам, Қытай, Чехия, Моравия, Португалия, Чили, Грекия компартияларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған.
    -Біз, коммунистер, социалистік қоғам құру теориясы мен практикасы жан жақты дамуы және толық өзін-өзі жетілдіруі үшін жеке бастың таңдау еркіндігін қамтамасыз ете отырып, барлық азаматтардың мүдделеріне сай келеді деп есептейміз. -Біз, қазіргі заманғы коммунистер, дүниенің дамуында жалғыз ғана пікірдің таңылуына және оның үстемдігіне ұмтылмаймыз, идеялар мен идеологиялардың бәсекелестік күресі, қоғамды дамытудың тәсілдері мен тұжырымдамалары, халықтың рухани мәдениеті мен өмір сүру деңгейін арттыру үшін ашықпыз. Атап айтқанда, біз, коммунистер, рулық-олигархиялық капитализмнің қалыптасқан жүйесі ретінде номенклатура диктатурасында немесе олигархияның бассыздығында іске асырылуы мүмкін кертартпалық пен фанатизм, дүниеқоңыздық пен надандық, мансапқорлық пен сатқындық, жалғандық пен алдаудың қоғамда пайда болуына және жағдайлардың қалыптасуына батыл қарсы шығамыз. ҚКХП коммунистері белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күрес нысандарын қазіргі Қазақстан Респуб-ликасы заңнамасының аясында қолданатын болады,- дейді ҚКХП облыстық ұйымының бірінші хатшысы Жанат Молдашев. - Сонымен бірге, біз БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясына қосыламыз, билік халықтың мұқтажы туралы қамқорлық көрсетуі қажет деп есептейміз және оған қол жеткіземіз, өйткені «ол соңғы амал ретінде зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске шығуға мәжбүр болмауға тиіс».

    ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ
    БАҒДАРЛАМАСЫ

    Осы Бағдарлама Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) бағдарламасы, жалдамалы еңбекшiлердiң құқықтарын әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрғыдан қорғау бағдарламасы, еңбекші халықтың билігі үшін, адамды қанауға қарсы күрес бағдарламасы, бейбітшілік, ұлтаралық татулық, жаңа қоғамдық формация құру үшін күрес бағдарламасы болып табылады.
    Мақсаты - ел экономикасында мемлекеттің және мемлекеттік меншіктің рөлін күшейту, барлық меншік нысандарын, шағын және орта бизнесті, жұмыскерлер кооперациясын дамыту; биліктің барлық деңгейінде халықтық бақылау; халықтық өкімет (еңбекші халықтың өкіметі) және өзін-өзі басқару; қоғамда әлеуметтік әділеттілік орнату және еңбек етуге кепілдік беру, қоғамның әрбір мүшесінің еңбегін әділ бағалау әрі адамның алатын орны және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және ғылыми дамуына қосатын еңбек үлесі бойынша әлеуметтік маңызын бағалау үшін жағдайлар жасау; лайықты еңбекақы төлеу, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының теңдігі, қолжетімді тұрғын үй, тегін білім алу және медициналық көмек, қоғамның негізі – отбасы, балалар, ардагерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қамқорлыққа алу; пат-риотизм, ел тарихы мен мәдениетін, дәстүрлерін сыйлау, ұлттар мен тілдердің тең құқылығы және оларды дамыту, Қазақстан халқының бірлігі; азаматтың қоғам алдындағы және қоғамның азамат алдындағы жауаптылығы, адамның құқықтары мен міндеттерінің бірыңғай болуы; халықтың өмір сүруі үшін жоғары сапасы және жеке тұлғаны дамытуға жағдайлары бар өндіргіш күштердің қазіргі заманғы деңгейіне сай келетін ғылыми жетістіктер мен iлгерiлемелi практика негізінде қалыптасатын социализм; адамның тарихи болашағы, шынайы гуманистік қоғам ретіндегі коммунизм.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ленин ата, біз – ұлан!”
  • Елбасы тапсырмасы орындалуда
  • Төрт ақтөбелік Парламент мәжілісіне депутат болды
  • Мәжіліс депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұрады
  • “Нұр Отан” Сара Нұрқатоваға қызметінен кетуді ұсынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге