“Әлия гүлі” таланттарды таңдады

    “Әлия гүлі” таланттарды таңдады

    Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне орай ІІІ – ашық аймақтық ““Әлия Гүлі” таланттарды іздейді” атты фестиваль-байқауы өтті. Байқауға 4 облыстан 12 би ұжымы қатысты. Екі күнге созылған байқаудан үздіктер анықталды.

    Ақтөбеде өткен фестиваль-байқау Әлия Молдағұлованың туған күні қарсаңында өткізілді. Сонымен бірге “Халықтық ұжым”, “Әлия гүлі” қазақ би ансамблінің 40 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына тұспа тұс келді. Фестивальге әр аймақтан жиналған 11 би ұжымы бақтарын сынады. Олардың қатарында Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыс-тарынан келген би ансамбльдері өз өнерлерін ортаға салды. Би өнерін жоғары дәрежеде дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқаудың қазылар алқасы да көрші мемлекеттерден арнайы шақыртумен келді.
    -Байқау өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Сол байқауға қатысқан қатысушылар да, соны бағалаған қазылар алқасы да жоғары деңгейдегі кәсіпқой хореографтар. Есімдері бүкіл әлемге тараған дарындылар. Қатысушылардың да деңгейі жаман емес. Жас деңгейінің төмендігіне қарамай техника жағынан да жақсы қимылдайды. Байқау алты категория бойынша өткізілді. Өзімнің де би ұжымым қатысып жатқандықтан басқа топтардың билеріне қатты көңіл бөлдім деп айта алмаймын. Дегенмен гала концертте барлығының биінің әр қимылын жақсы бақыладым. Барлық ұжымның ең үздік фавориті “Әлия гүлі” деп айта аламын. Өзіме ұнаған ұжымдардың ішінде Ақтөбе қаласынан “Халықтық ұжым”, “Русский Сувенирді” ерекше атап өтуге болады. Одан кейін елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жерінен “Нұрсұлтан” деген жас ұжым келді. Олардың құрылғанына 3-4 жыл болса да деңгейі өсіп келе жатқан балалар. Барлығы өнерлі жан-жақты дарынды жастар,-дейді “Халықтық ұжым” “Махаббат” би ансамблінің жетекшісі Зияш Жазықбаева.
    Би өнерін дамытып, өнердегі достық ықпалдастықты орнату үшін өткізілген байқау өзара тәжірибе алмасу мақсатында да ұйымдастырылды. Ең басты көзі би өнеріндегі таланттарды табу болды. Байқаудың қазылар алқасының құрамында болған Вера Ивановна Мәскеу қаласынан арнайы келді. Магомед Аллахбердиоглы Гулиев Баку қаласынан шақырылды. Фестивальдің алғашқы күні хореограф-педагогтардың дөңгелек үстелі, тәжірибе алмасуы мен шеберлік сағаттарынан бастау алды. Сонымен бірге “Халықтық ұжым” “Әлия гүлі” қазақ би ансамблі фестиваль қонақтарының және Қалалық мәдениет Үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен “Әлия Гүлі” достарымен бірге” мерейтойлық мерекелік бағдарламасын ұсынды. Байқауға бір ғана Ақтөбе облысының өзінен “Қарлығаш”, “Русский Сувенир”, “Гүлдер-айым”, “Еңлік”, №51 мектептен“Маржан” би ансамбльдері қатысты.
    -Байқауды бақылауға қазылар алқасы арнайы шақыртылды. Бұрыңғы байқауларға өзіміздің адамдарымыз отыратын еді. Бұл жолы олай болған жоқ. Тек қалалық мәдениет бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Сәкен Сұрағанұлы болды. Биге қосылатын әр әуенді бақылады. Әр бишінің іс-қимылын қадағалады. Барлығы халықаралық стандарт бойынша өткізілді. Бірақ бір-екі қателіктерге көз жұма қарады. Халықаралық стандарт бойынша сахнада бір нәрсе құласа биді алып тастайды. Ережеде не жазылса дәл соны орындау керек болады. Берілген үш минуттан асып кетсе, әуенді өшіре салады. Біздер бұрындары 10 минуттық би болса соны тамашалап отыра береміз ғой. Ал бұл жолы олай болмады. Міне сол жақтары қиынға түсті. Халықаралық деңгейде бишінің сахнада бас киімі, қолындағы заттары түсіп кетсе балл қоймайды. Ал біздің байқауда қазылар алқасы түсіністікпен қарап 5-10 балдан қойып отырды. Байқауда барлық жетекшілер өз шәкірттерінің өнерлерін салыстыра алды. Ең бір байқаудың ерекше тұсы деп көрсетуге болатыны біздерде “гран-при” болған жоқ. Үш орын қатарынан дәрежелі дипломдар табыстадық. Сонымен қатар ақшалай сыйлықтарымыз да болды. Бірінші дәрежелі орынға 50 мың теңге болса, екінші дәрежелі 30 мың теңгені құрады. Ал үшінші орынға ұжымдағы қатысушыға 10 мың теңгелік сертификат табысталды,-дейді фестивальдің көркемдік жетекшісі Шолпан Айнабекова.
    Фестивальдің 2-ші күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне арналған “Әлия” мемориальдық кешенінде фестиваль қатысушыларының шеруі және гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Байқауға “Әлия гүлі” би ұжымы қатысқан жоқ. Олар фестивальдің ұйымдастыру жағына ат салысып, қазылар алқасына өнерлерін көрсетіп те үлгерді. Бүгінгі таңда қаладағы би ұжымдардың ішінде фавориті болып тұрған “Әлия гүлі” ұжымы. Төрт жастан бастап қабылдайтын би ұжымында бүгінгі таңда 40 жыл толып отыр. Заманауи билерді емес, ұлттық биді нақышына келтіре билейтін бишілер өздерінің осы ұжымда екенін мақтанышпен жеткізді.
    -Байқауға қатысқан бишілер өзіміз тәрізді талантты, өнерлі жастар.
    Бүгінде өзімнің осы ұжымда екенімді мақтанышпен жеткізе аламын. Жеті жасымнан бері осындамын. Кейбір достарым шаршаймын, қиын, әр қимылын жеткізе алмаймын деп биді жалғастырмады. Ал менің келгеніме тура 10 жыл болды. Осы жыл аралығында қаншама билер биледік. Ұлттық билердің көптігі соншалық, санынан да шатасып қалдым. Фестивальдің жабылу салтанатында біздер “Буын” биін билеп бердік. Біздің әр қимылымыз көз арқылы өту керек. Бүкіл болмысымыз билеп тұру керек. Қазақ биінің кереметтілігі осыған байланысты,-дейді “Әлия гүлі” би ұжымының қатысушысы.
    Жыл сайын қалада “Әлия гүлі достарын шақырады” фестивалі өткізіліп тұрады. Аймақтық деңгейде өткізгенімен осы жылы бірінші рет ашық-аймақтық фестиваль-байқауы болып өткізілді. 4 облыстан келген би топтарындағы бишілердің өздері 140 адамды құрады. Әр қатысушының жол шығынынан басқаларын қалалық әкімдік өз қолына алды. Облыстан келген би ұжымдардың жетекшілері құрылғанына 40 жыл толып отырған “Әлия гүлінің” бишілеріне тегін мастер-класс өткізді. 3-4 сағаттық мастер-класс нәтижесінде бишілер жаңа би қойылымын үйренді. Жамбыл облысы, Қордай ауданынан келген Зияш Жазықбаева “Фараби сазы” деп аталатын бидің әр қимылын түсіндірді. 10 бишіні жаттықтырып, жеке-жеке түсіндіруге тырысты. Үш күн қатарынан өткен мастер-класс нәтижесінде бишілер өздеріне жаңа биді қосып үлгерді.
    -“Әлия гүлі” Ақтөбенің бренді болып табылатынын бәріміз білеміз.
    “Таланттарды іздейміз” деп қойғанымыздың себебі жас балаларды халық биіне қайтару болып табылады. Көп жастар заманауи бидің артынан кеткен. Алдағы жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына осындай үлкен көлемде байқау ұйымдастырамыз деп тағы да жоспарладық. Бастысы жастардың таланттарын аша білу. Байқаудың 1-ші дәрежелі дипломы атыраулық "Халықтық ұжым" "Дархан", және ақтөбелік "Русский Сувенир" мен "Гүлдер-айымға" бұйырды. Қатысқан ұжымдардың қатарында “Дархан”, “Ақ Жайық», “Ботакөз”, “Алтын Өрмек” би ансамбльдерін ерекшелеп атап өтуге болады. Олар басқа облыстардан келіп бақтарын сынады. Өнерлерін көрсетіп, басқа ұжымдарды көріп шыңдала түсті. Ең басты айтарымыз қалалық әкімдік ұжымның 40 жылдығына 3 000 000 теңге сертификатын табыстады. Бұйырса сол берілген қаражатқа 11 бишіге екі жаңа киім тігілетін болады,-дейді фестивальдің көркемдік жетекшісі Шолпан Айнабекова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аймақтық фестивальде оралдықтар жеңіске жетті
  • "Әлия Гүлі" достарын қарсы алады"
  • Мәскеу қаласындағы №402 мектеп-гимназия ұжымы Әлия Молдағұлованы еске алды
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Қобдадағы той
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге