Нағыз қазақ - қазақ емес...

    Нағыз қазақ - қазақ емес...

    Жаңа мереке Ұлттық домбыра күні белгіленді. Әр жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Сол күні домбырашылардың қатарына қосылғыңыз келе ме? Домбыраның тарихын білесіз бе?

    Салтанат Сүгір
    informburo.kz

    Қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде "ЮНЕСКО" тізіміне енгені белгілі. Табиғаттың үнін, тұлпардың дүбірін, адамның сырын шанағынан төгілткен домбыра енді жыл сайын ұлықталатын болды. Домбыра туралы не білеміз? Алдымен оның тарихына үңіліп көрейікші.

    Домбыра б.д.д 5 мың жыл бұрын пайда болған
    Алтайдан Анадолыға дейінгі түркі халықтарында домбыра аспабы кең таралғанын білеміз. Қазақтың қара домбырасының тарихы тым әріден басталатындығын айғақтайтын деректер жетерлік. Домбыраны талай ғалымдар зерттеп,тер төкті. Білгендерімен бөлісті. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектерінде тамбур аспабы жайлы айтылады. Өзбектердің дутары алғаш рет әл-Хусейнидің "Музыкалық канон" деген трактатында кездеседі. XI ғасырда Махмұд Қашқари ежелгі түріктердің бірнеше аспаптарының түрін атап кеткен. Ол – қобыз, бубен, тамбурин, барабан, қоңырау, сыбызғы, сигналдық барабан.

    Тастар
    домбырадан сыр шертеді

    Жұмагелді Нәжімеденов "Домбыраның қоңыр үні" кітабында "Майтөбе" жайлауынан (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) көптеген суреттердің арасынан
    тастан қашалған көне домбыраның суретінің табылғанын жазады. Бұл тастағы суретті 1986 жылы белгілі этнограф Жағда Бабалықұлы та-уыпты. Суретте әртүрлі қимылда билеп тұрған бес адамның бейнесінен беріректе, алдыңғы жақта аспап салынған. Екі құлағы бар, яғни екі ішекті, ұзын мойны, бетқақпақпен жабылған шанағына дейін ұқсас. Басына үкі тағылған. Ал домбыраға үкі тағу әдеті бізге баяғыдан жеткені баршаға мәлім. Белгілі археолог, тарих ғылымының докторы Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалым тасқа қашалған осы суретті зерттеп, бұл сурет кем дегенде неолит (б.д.д. 4000 жыл) дәуірінде бейнеленген деп тапқан екен.Бұған біздің заманның 2 ғасырын қоссаңыз, тұп-тура 6 мың жыл шығады. Тастың тарихы алты мың жыл деген сөз. Керемет, ә! Осы сурет шындығында біздің жыл санауымыздан төрт мың жыл бұрын бейнеленген болса, онда мынадай: "Жер бетіндегі ішекті музыкалық аспаптардың арғы атасы – қазіргі қазақтың қара домбырасы" деген сөз жазылар еді. Домбыраның суреті бар тас жоғалып, қайта табылды. Табылған тасты 1988 жылы Жағда Бабалықұлы Алматы қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары музейіне тапсырған. Бірақ,1993 жылы белгісіз себептермен жоғалған еді. 2008 жылдың қазан айында қайта табылды. Оны екінші рет журналист Қанат Әбілқайыр табады. Қоймада шаң басып жатыр екен. Кейінірек этнограф тағы бір тастың бар екендігін естиді. Соны іздеп, 1994 жылы Маңғыстау облысы Шетпе стансасындағы Қамысбай мазарына барады. Тастың бір жақ бетінде – садақ пен қылыш, екінші жағында – бет қақпағында дыбыс шығатын ойығы бар тоғыз пернелі домбыра бейнеленген. Қызыл түсті тасқа XVII ғасыр деп қашалып жазылған. Осыдан-ақ, домбыраның бағзы заманнан бері болғандығына көзіміз жетеді. Осы тұста айта кетейік, перғауындар да асық ойнап, домбыра тартқан. Бұл туралы естіп пе едіңіз? Өлкетанушы Мұрат Ақмырзаевтың айтуынша, Египет пирамидаларындағы, жер асты бөлігіндегі мәтінде екі ішекті, тиекті қазақтың қара домбырасының суреті салынған.

    Алтайдан бітік
    жазуы бар
    домбыра табылған

    Музыка зерттеушісі Мұрат Әбуғазы алғаш домбыраның шыққан жері Алтай тауы дегенді айтады. Белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы Моңғол Алтай тауының сілеміндегі Жарғалант-Қайырқан жотасындағы үңгірден домбыра тектес екі ішекті, тоғыз пернелі көне саз аспабын тауып алған. 2008 жылы моңғолдың Дандар деген бір шопаны мал жайып жүріп, үңгірді көреді. Сосын тарих мұғалімін ертіп келіп, қарағанда үңгірден 21 жебесімен қорамсақ шыға келеді. Содан кейін археологтарды шақырады. Ц.Төрбат бастаған археологтар тобы Нүкін-хад (Үңгіртас) үңгіріне барып,қазба жұмысын жүргізеді. Олар бір апта қазып, табылған жәдігерлерді Ұлан-Батырға әкеледі. Ол туралы "Археологийн судьлал" ("Studia archaeological" 11. худ.274-292) жинағында жарияланған. Ц.Төрбаттың бұл мақаласында қазба жұмысының нәтижесін көрсетіп,саз аспабының суретін, басқа олжалармен (адамның қанқа сүйегі, ер, үзеңгі, садақ, қорамсақ, оқтар) бірге жариялаған. Неге екені белгісіз, саз аспабы туралы толық сипаттама берілмеген. Археолог Ц.Төрбат неміс зерттеушілерімен бірігіп, жинақ ("Current Archaeological Research in Mongolia", Bonn. 2009.) шығарады. Онда да домбыраның сипаттамасы жоқ. Табылған домбыраның тоғыз пернесі болған. Тоғыз түркілер үшін киелі, этностың бір символына айналған сан. Пернелерді ішекпен немесе жіппен тақпаған. Ырғай, қараған немесе қайыңның ішкі жұқа қабығынан таспалап тіліп алып, перне етіп домбыраның мойнын орап жапсырған. Осы кезде домбыраның мойнына жазылған әріптердің үстін таспалаған перне қабыршықтары басып қалған екен. Жазудың кейбір әріптері қабыршық астында қалып қойған.

    Оңтүстіктен де қыштан жасалған тас мүсін табылған

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қой қырылған көне қаласының орнынан "Қыш тас мүсін" табылған. Шанағы дөңгелек, мойны қысқа, беті жабық аспап ұстап тұрған домбырашының бейнесі б.з. VIII ғасырында тасқа қашалып түсіріліпті. Бұл ескерткіш домбыра – түркі дәуірінің аспабы. Тура осы сияқты қанжардың сабына салынған бейне кездескен.

    "Тәңірдің 366 тармақ күйі"
    Осынау "күй" сөзінің түпкі мән-мағынасы сезіммен тікелей байланысты. Көшпелі халықтардың соның ішінде түркі-монғол тектестердің дүниетанымы бойынша ең киелі, ең қасиетті ұғым. Өзгенің де, өзінің де ерік жігерінсіз белгісіз бір күштің құдіретімен берілетін іс-қимыл. Сондықтан да, түркі-монғол халықтарында "күй" сөзі мен "көк" лексикасы "Тәңірдің" синонимі ретінде беріледі. Тұжырып айтсақ, Тәңірлік наным-сеніммен ұштасады.Түркі халықтарының қағандық заманында қағанның алтын үзікті ақ ордасында әрбір атар таңды күймен қарсы алу дәстүрі болған. Дәлірек айтқанда мұның өзі дәстүрден гөрі тәңірлік наным-сенімнің бір рәсімі ретінде атқарылған. Қаған ордасында тартылатын күйдің саны бір жыл ішіндегі күндердің санына сәйкес 366 болған. Мұны "Тәңірдің 366 тармақ күйі" деп атаған. Жыл басы көктемдегі күн мен түн теңесуінен (наурыздың 22-23-і) басталып, бұл күнді "Ұлыстың ұлы күні" деп, ұлан-асыр тойға айналдырған. Ұлыстың ұлы күнінде бүкіл қағанаттың үміт-тілегін Тәңірге жеткізетін 9 күй тартылған. Байырғы грек тарихшысы Квинт Курций Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің "Ескендір жорығы" деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілердің Ұлыс (наурыз) мейрамын қалай тойлайтынын жазады. Ұлыс күні таң шапақтанғанда қаған ордасының үстіне күн бейнелі жалау көтеріліп, қотанға өңшең қызыл мауытыдан киім киген 365 бозбаланың шығатынын, бір жылдағы тәулік санын білдіретін 365 бозбаланың мерекені бастайтынын тамсана суреттейді. Бұл туралы қазақ күйін зерттеген белгілі этнограф-ғалым А.Сейдімбек былайша түсінік береді. Онда: "Ең бастысы тәңірлік наным-сенімнен шыққан семантикалық негізі ортақ. Күні бүгінге дейін қазақтар көктемдегі күн мен түннің теңесер кезін жыл басы санап, "Ұлыстың ұлы күні" дейді. Яғни, мемлекеттің, ұлттың ең ұлы күні деген сөз. Мұндай күнде қаған ордасында киелі 9 күйдің тартылуы Тәңірге деген мінәжаттың белгісі, жыл басын аман-есен көрген қуаныштың айғағы. Мұның әдемі мысалын қазақ халқының күйшілік дәстүрінен әлі де байқауға болады. "Тоғызтарау" деп аталатын тармақты күй қазақ арасында қазір де тартылады. Тәттімбет Қазанғапұлының бір күйі "Тоғызтарау" деп аталады. Белгілі "Кертолғау" күйі ертеректе "Тоғызтарау – Кертолғау" деп аталған тармақты күй екенін көнекөз қарттар айтады".

    Домбыраның
    20-дан астам түрлері бар

    Домбыраның түрлері туралы қаузар алдында күйші, жазушы Таласбек Әсемқұловтың "Домбыраға тіл бітсе" деген еңбегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақта домбыраның ең көп тараған екі түрі бар. Қауақ домбыра форма жағынан пәлендей түрленбейді. Өзгеретін тек шанақтың көлемі мен мойынның ұзындығы ғана. Батыс Қазақстан, Түркменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Ауғанстан жерінде кеңінен тараған. Ал қалақ домбыра өзінің сыртқы түрімен қалаққа ұқсас болғаннан кейін осылай аталған тәрізді. Оның үш түрі бар – иықты, бүйірлі және сауырлы домбыра Жиделібайсын, Жетісу мен Сарыарқаға тараған.

    Домбыраның түрлері:
    Ән мен күй домбырасы;
    Торсық;
    Тұмар;
    Кең шанақты (екі нұсқасы);
    Балдырған;
    Балашық;
    Шіңкілдек;
    Аша;
    Үш ішекті;
    Қуыс мойын;
    Шертер;
    Оркестр домбыралары;
    Қоңыр дауысты (альт);
    Жіңішке дауысты (прима);
    Ащы дауысты (секунда);
    Қозықұйрықты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ...
  • Қала көркіне айналған нысандар
  • Серік Ерғали: Наурызда киіз үй тігуді доғару қажет
  • Ақтөбелік ақындар “Алтын домбыра” байқауына қатысады
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге