Қыз жасауы 900 мың теңге тұрады

    Қыз жасауы 900 мың теңге тұрады

    “Қыз жасауы” деген не? Қыз үшін жүктің қандай маңызы бар? Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші – жасауы дейді. Қыз жасауы қандай болу керек?

    Уақыт жылжығанымен, салт-дәстүріміз жаңарып келеді. Керісінше бүгінде бұрынғыдан да артығырақ мән беретін болдық. Қыздың ең басты көрсеткіші – жасауы деп бекер айтылмаса керек. Артынан келетін жасауы дұрыс болмаса, анасы ұятқа қалады. Жүгі ұнамаса енесінің сөйлейтіні тағы бар. Осы ретте 4 қыз ұзатқан 78 жастағы Талжібек Сейітова қыздың жүгі деп “ұсақ-түйек” алудың қажеті жоқ деген пікір білдірді.

    Төрт түлік мал беретін
    - Бұрын біздің ата-бабаларымыз отаулап берген. Төрт түлік мал беретін.
    Бір отар сиыр, бір отар қой, бір отар түйе. Отаулап ағаш үй тігіп, қыздың жасауын әдемілеп дайындап беретін. Байлардың қолында болса алтындап жатқан сәттер де болған. Қазіргі заман бұрынғыдай емес. Осыған дейін талай нәрсе өзгерді. Тіптен бір жылдары қыздың артынан жүк те апармайтын уақыттар болды. 1937 жылдары босқын, 41-45 жылдары соғыс болды. 57-59 жылдарға дейін жақсы болған жоқ. Сол уақыттарда қыздың артынан ештеңе бермейтін кездер болды. Сол кездің өзінде қолында бар адамдар ғана 5-6 көрпесін апара салатын. Кейіннен тың келді, егін болды, айлық келді. Сол кездерден бастап қыз жасауы қайта оралды,-дейді Талжібек Сейітова.

    Қыз жасауы 900 мың теңге тұрады

    Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман
    - Қазір барлығы жастардың қолында. Баласынан аяп қалып жатқан
    ата-ананы кездестірмейміз. Қыздың жүгі ғой деп астына көлік мінгізіп, көрпе мен жастығының орнына үй алып беріп жатқандарды жиі кездестіреміз. Қалтасындағы ақшасы жетсе қызы үшін барлығын сатып алады. Жетпесе қыздың жүгін несиеге алатын сән шықты. Кететін қыз артын ойламай кетуі өте қате. Дегенмен дәл осылай шығындану дұрыс емес. Әрине, қазақ халқы қызды құрметтеп төрге шығарған. Барын қыздың алдына қойған. “Жиған-тергенімізді шашу керек” дегеніміз қате пікір. Қанша жерден «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» десек те, қызға жасау салуының да өзіндік орны бар. Шашыла беру дегеніміз қате,-дейді 78 жастағы зейнеткер Талжібек Сейітова.
    10 жыл бұрын қажылыққа барып келген Талжібек әже небәрі 19 жасында тұрмысқа шыққан. Ерте жұмыс жасап, ата-анаға ауыртпалық салғым келген жоқ дейді. Маңдай терімен тапқан қаражатына өз жасауын дайындаған екен.

    Дүниенің қадірін білу керек
    - Өзім 40 жыл дүкенші болып жұмыс жасадым. Жинаған ақшама
    алынған заттар мен үшін әрдайым ыстық. Бірден қыздың дайын жасауын апарып тастау дұрыс емес. Бүгінде қыздың артынан тоңазытқыш, шаң сорғыш тіптен газ плитаға дейін апарып тастауды құптамаймын. 6 көрпесін, алты көпшігін, керекті төсеніштерін, ыдыс-аяқтарын апарса жарайды. Қазір әркім барынша апарады. Дегенмен аста төк заттарды алудың қажеті жоқ. Дүниенің қадірін білу керек,-дейді Талжібек Сейітова.

    Жасауды ашатын өзіндік жөн-жоралғысы бар
    Бүгінде көп жастар қыз жасауын сәнге айналдырып үлгерген. Дегенмен жасау ашылған соң орындалатын салт-дәстүрлері бар. Талжібек апаның айтуынша, бұл салт “жасау бағасы” деп аталады. Баға берген адамға да жоралғы жасалады екен. Сонымен қатар, оған сыйлық ретінде көйлек-орамал, ыдыс-аяқ беруге болады. Жаңа заман ағымында болғаннан кейін болар бүгінде «ана сүті» мен «киттесу» сәннен қалды. Дегенмен салт-дәстүрді ұстанатын кейбір аймақтарда әлі күнге дейін ана сүтіне 1000 долларлап сұрайды.
    - Қыздың жүгін тыңғылықты апарамыз. Жігіт жақтағылар да бізден
    қалыспай сыйлықтар ұсыну керек. Бұрынғыдай әкесіне жағалы киім, анасына ұзын етекті көйлек бар дегендерді ести бермейміз. Қазір барлығы өзгерді. Бір пакет матаның орнына екі жақ келісіп бір-біріне бағалы сыйлықтармен айырбастайтын болды. Алтын жүзік, күміс білезік деген тәрізді бағалы дүниелер жоралғыға жүреді. Жөн-жоралғыларды ұмытпау керек деп жатамыз. Ақтөбеде қызға қалың мал сұрамайды. Басты ойымыз екі жас бақытты болса болды. Бірақ, қызымыздың артынан жасауын сәндеп апарамыз. Қанша жерден қыз жасауы деп айтқанымызбен екі жастың арасында таза махаббат болып жатса жасауды да қажет етпейтін отбасылар бар. Әйтпесе қыз жасауы деп тіптен терезе шапқыш, дастарханға дейін апаратын болдық. Ештеңеге таңқалмаймыз. Барлығын апара береміз. Отбасының қаражатына байланысты,-дейді Талжібек Сейітова.

    Қыз жасауы 900 мың теңге тұрады

    Қыз жасауындағы пышақ сатылады
    - Қыз жасауын таныстырған кезде барлығын атап беруіміз керек.
    Солардың ішіндегі ең маңыздысы пышақ. Бәлкім суық қару болғандықтан болар. Қыздың жеңгелері жігіт жаққа сатып ақшасын алады. Нақты бір баға қою деген жоқ. Қанша ұсынса, соны алу керек. Ел арасында бұрыннан осы суық қаруға байланысты аңыздар тараған. Пышақ сатудың түп-төркіні бұрыннан тараған болу керек.

    Жасаудың сапасына мән беремін
    Қыз жасауын алатын ата-ананың қалтасынан бір тойдың ақшасы анық кетеді. Бір ғана жасауды дайындауға жарты жылдан артық уақыт кеткен тұрғындар бар. Артынан келетін жүгіне қыздар да кәдімгідей мән береді.
    - Қыз жасауын дайындап жүргеніме 24 жыл болды. Өзімнің туған сіңлім
    өнерлі. Алғашқыда өз қолынан көрпе, жастықтар тігіп сататын. Қыз жасауының барлық заттарын сатамыз деп ойлаған жоқпыз. Тұрғындар ыдысты бізден алады, көрпені басқа жерден барып қарайды. Тіптен қыз жасауын дайындау үшін 3-4 айды анық жоғалтады. Тұрғындар қыз жасауындағы заттардың сапасы нашар деп шағымданатын. Көп ойландым. Сіңліммен ақылдасып, қыз жасауының барлық заттарын бір жерге жинақтауды жөн санадық. Міне сол кезден бастап әр заттың сапасына мән беретін болдым. Қазір қыздар дүкеннен алынатын дайын көрпеге жүгінбейді. Себебі олар бір-екі жайылғаннан кейін бірден басылып қалады. Анасы тойға деп асығып жүргенде қызына көрпе тігетін уақыт таппайды. Сол себепті біздер көрпені де, жастықты да қолдан тігеміз. Мақтасының өзі “бидай шөп” деп аталады. Тіптен арнайы қоржын мен себетті де қолмен әсемдейміз. Себебі сатып алушының көңілін табу өте қиын. Сапалы дүниені таңдау да қиын,-дейді «Керемет» сауда орталығының директоры Майра Бөкеева.

    Тұрмыстық техниканың қажеті жоқ
    - Ұзатылатын қыздың анасы да арттарынан жақсы сөз ергенін
    қалайды. Дегенмен қызым мақтанып жүрсін, қалтасынан артық ақша шығармасын деп тұрмыстық техникаларды алудың қажеті жоқ. Барған жерінде тоңазытқыш, тамақ пісіретін пеш болмауы мүмкін емес қой. Яғни, бұл заттар артық. Шыны керек, қазір барлығы қыз жасауын несиеге алып жатыр. Бәлкім қымбат және сапалысын таңдағаннан болар. Осы өткен бір ай көлемінде сатып алушылардан қарағанда несиеге алушылар көп болды. Әрине барлығы қаражатқа байланысты болады. Бір ғана ыдыс-аяқтың өзіне 300 мың теңге жұмсалады. Орташа баға дегеннің өзінде осы қаражат кетеді. Алатын көрпесі, жастығы, жамылғышына 180 мың теңге жұмсалады. Себебі олар бір ғана көпшік немесе бір ғана көрпе алып қоймайды ғой. Барлығын 6-9 данадан сатып алады. Жатын бөлмесіне қойылатын төсек орынның өзі 250 мың теңгеден басталады. Сапасына қарай таңдай беруге болады. Қыздың жасауына халат пен орамалдарын да енгіземіз. Оның өзіне 30-35 мың теңге жұмсайсыз. Міндетті түрде алынатын үлкенді-кішілі 2 кілем болу керек. Оның бірі құдаға деп береді. Екіншісі, әрине, қызы үшін. Оның өзіне ең арзаны дегенде 50 мың теңге анық кетеді. Осының өзіне тұрмыстық техниканы қоспағанда 900 мың теңгені дайындап қойған дұрыс,-дейді Майра Бөкеева.

    Төсек орынның орнына сиыр сауатын аппарат сұрады
    - Қыз жасауын дайындауға көп қаражат кетеді. Жігіт жақтан шығатын
    шығыннан асып түседі десе, қате айтқандық емес. Екі қызымды ұзатқан кезде де барлық жасауын дайындап бердім. 3-4 ай анық дайындалдық. Негізінде қыз өсіп келе жатқан кезден бастап жинай бастау керек екен. Жас болғандықтан түсінбеген екенмін. Кенже қызым тұрмысқа шығатын кезде күйеу балам төсек орын алмай-ақ қояйық депті. 300 мыңды далаға шашып не істейміз, оның орнына сиыр сауатын аппарат алдыртайық депті. Әрине барлығымыз бір күліп алдық. Қызым осылай айтқан кезде ойланып қалғаным рас. Әрине қаншама сиырды сауатын менің қызымның жағдайын ойландым. Бірақ алып берген жоқпын. Бір сиырды сатса да бір аппаратты өздері алар. Менің мақсатым қызымның жасауын дұрыс апару болды. Қазір барлық жасауын апарып бердім. Біраз уақыттан кейін өздері сиыр сауатын аппарат алып беріпті. Соған қарағанда қызым пысық болған ғой,-дейді қала тұрғыны Жайна Өтемісова.

    Қыз жасауы 900 мың теңге тұрады

    Қыз жасауын дайындауға Майра Бөкееваның кеңестері:
    • Қыздың жасауында ыдыс-аяқтан бұрын төсек орынға аса мән беру керек. 9 көрпе: 6 данасын жамылуға арналған, үшеуі төр көрпесі. Сонымен бірге тағы 3 данасын анасы өз қолынан тігіп берген жөн. Бірі «махаббат көрпесі», екіншісі «құдағи көрпесі» деп аталады. Дүкеннің затына асықпаңыздар. Себебі «анасы қолынан тігіп берген» деген сөз қуаныш сыйлайды.
    • Төсек-орын. Анасымен келісіп жігіт пен қыз бірге алған дұрыс. Артынан ол дүние сол екеуіне тиесілі. Бәлкім бөлмелерінің түсіне үйлестіріп алатын шығар.
    • Сандық. Бүгінде сандықтың 7-8 данасын алуға болады. Олардың пішіндері де әр түрлі. Әрине, барлығы қалтадағы қаражатқа қарайды.
    • Көрпе тыстары міндетті түрде 3 дана болу керек. Кейін ауыстырып тұру өте маңызды. Қыздарының қалауына байланысты 5-6 данасын да алуға болады.
    • 6 жастық. Екеуі жас жұбайларға болса, төртеуі артығымен алынады.
    • Екі кілем алу міндетті. Бірін құдаға деп атаса, екіншісі қыздың бөлмесіне арналады.
    • Тоғыз немесе одан да көп орамал салу керек. Көлемдері де әртүрлі болғаны дұрыс.
    • Ыдыс-аяқ жинағы.
    • Қазандар жинағын ұмытпаған жөн.
    • Екі ет табағы мен екі эмальды шелек. Әрине, шелекті алмайтындар да бар. Бірақ отбасы болғандықтан шелек міндетті түрде керек болады.
    • Қасықтар мен пышақтар жинағы. Пышақтарды қасықтармен бірге алмаған дұрыс. Арнайы асханаға арналған пышақтар болады. Соларды алуға кеңес беремін.
    • Шәугім немесе электрлі шәйнектерді алған дұрыс. Әрине, барлығы қызы мен анасының таңдауына байланысты.
    • 3 метрлік дастархан. Сонымен бірге қыздың ұсақ-түйек заттары болады. Көптің кәдесін алуды да ұмытпаңыздар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақтың тойы қанша тұрады?
  • Тойдан қашқан қалыңдық жағдайды түсіндірді
  • Үйлену оңай...
  • Қарағандылық 13 жастағы қыз желідегі жаңа суицидтік ойынның кесірінен өзіне қол жұмсаған
  • Алтынгүл СҰЛТАНГЕРЕЕВА: Мен үшін әр өнімім қымбат
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге