Сапарбаев жалқау ақтөбеліктердің тәрбиесін зиялы қауымға тапсырды

    █ Ақтөбе облысының әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесуде жастарды сынға алды. Әкімнің, әсіресе, бойжеткендер тәрбиесіне көңілі толмайды екен. Жас қыздар арасында жүктіліктің жиілеп кеткенін ескертіп, әрі қарай жалғаса берсе ата-аналарын баспасөз беттеріне шығаратынын айтып өтті.

    Ақтілек ОРЫНБАСАРОВА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ақтөбедегі зиялы қауым өкілдерімен өткен жиналыста облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінгі жалқау жастарға көңілі толмайтынын жеткізді. Жастар арасында ажырасудың жиілеп кеткенін айтып, түнгі клубтағы қыздардың тәрбиесіне назар аудару керектігін айтып өтті.
    - Осыған дейін статистикалық тексеру жүргіздік. Қазір әрбір үшінші
    Жас отау ажырасып кетеді екен. Бұл өте нашар. Сонда біз қайда бара жатырмыз? Өздеріңіз баспасөз беттерінен көріп отырсыздар. Қыздардың бір-бірімен төбелесіп, ішімдік ішкенін көріп жүрсіздер. Әлеуметтік желідегі тәртіпсіз әдеттері барлығыңызға мәлім. Түнгі рейдтерде қаншама жастар ұсталды. Осының барлығы ата-аналардың жауапсыздығынан болып отыр,-дейді облыс басшысы.

    «Баласы тәртіпсізді баспасөзге шығарамын»
    - Бұзақылықты ата-анасыз балалар емес, ата-анасы бар балалар жасап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жетім балалар санын азайтуды ретке келтіріп жатырмыз. Қазір біз Алғадағы жетім балалар үйін жаптық. Бірі ата-анасын тапса, бірі есейіп жоғары оқу орнына түсті. Алғада 13 бала ғана қалды. Бұл балалар басқа орынға ауыстырылатын болады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінгі басты мәселе - ата-анасы болса да қараусыз жүрген балалар. Оның ішінде кедейдің балалары емес, жағдайы жақсы отбасыдан шыққан балалар. Енді оларды жазалайтын боламыз. Тәртіпсіздік жасаған баланың ата-анасын баспасөз беттеріне шығарамыз. Айтылған сөзді ескеріп жатқан ешкім жоқ. Сондықтан осылай жазалайтын боламыз,- дейді Бердібек Сапарбаев.

    «Қала тұрғындары тек сұрағанды біледі»
    - Қаланың мәдениетіне тұрғындар үлес қосқысы келмейді. Тек сұрап-сынағанды біледі. Қаланы көгалдандыру мәселелеріне жиі тоқталамын. Ауылдық жерлерге барғанда да есік алдына бір тал ағаш егіңіз деймін. Құлағына іліп жатқан ешкім жоқ. Жиналған қоқысты, толған күлді тазалауға болады. Қалада да сол жағдай. Көп қабатты үйдің тұрғындары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып тазалық жасап тұруды ойламайды. Өткенде бір ауданға барғанымда алдымнан бір кісі шығып «мына қоқысты неге тазаламайсың» деп сұрады. Бұл қоқыс қай жерде жатыр?! Кімнің ауласында жатыр?! Неге өздеріңіз тазаламайсыздар дегенімде үнсіз қалды. Осының барлығы қоғамдағы адамдардың жауапкершілігінің жоқтығын білдіреді. Сен тимесең, мен тиме болып жүре береміз,- дейді обылыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    «Жатып алып ақша табатындар көп»
    - Қазір жастардың арасында бос жатып ақша табатындар қатары көбейді.
    Ешкім 50-60 мың теңгеге жұмысқа бармайды. Содан кейін барып менің жұмысым жоқ дейді. Бір жиналысқа барсам сол жастардың аналары келеді. «Балам жұмыссыз, үйде отыр» деп ренжиді. Неге балаңыз жұмыссыз деп сұрағанымда «ақшасы аз» деп жауап берді. Олай деуге болмайды ғой. Егер біздер жалқау, жатып ішер болатын болсақ қалай дамимыз? Біздің болашағымыз қалай болады. Біз жастарды еңбекке үйретуіміз керек,- дейді облыс басшысы.

    «Екі жастағы қызға шұбатылған көйлектің не керегі бар»
    - Басқа ағымда жүрген азаматтар біздерді үнемі алаңдатады. Әсіресе көшеде қара түске оранып киініп алған қазақтың қыздарын көрсек жанымыз ашиды. Қасындағы кішкентай балаға жүрегің ауырады. Екі жастағы бүлдіршінді салбыратып киіндіріп қойған. Ол бейшара тіптен жүре алмайды. Табанына дейін шұбатылған көйлек. Ертең ол баланың болашағына, біліміне, мәдениетіне кім жауап береді?! Біз бұл тұрғыда да жұмыс жасайтын боламыз. Дегенмен бірлесіп жұмыс жасамасақ, бұл жағдайдан ештеңе шықпайды. Осындай жағдайлар неге басқа жақтарда болмайды. Неге үнемі біздерде болады деген мәселе толғандырады. Біз осыған ойланумыз керек. Ақтөбеде 2500 бала екпеден бас тартып отыр. Осы балалардың ата-аналары теріс бағытта жүрген жандар. Оларда біздің ағайындарымыз, жерлестеріміз, достарымыз. Барлығымыз бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізсек бұл мәселе де шешімін табатын болады. Жат ағымға ерген жандарды тоқтатумыз керек,- дейді Бердібек Сапарбаев.

    «Ауыл адамдары дүкеннің сүтін ішеді»
    - Бүгінде көп әкімдер әлі де болса жалқау. Жалқаулыққа үйреніп қалған.
    Қанша рет оларға ұрыссаң да, нәтиже аз. Әрине ұрмаймыз, ұрысамыз. Зиялы қауымдардың міндеттері осының барлығын көздеріне шұқып тұрып айту керек. Ақтөбеде жыл бойы суы тоқтамайтын отызға жуық өзен бар. Шалқардан басқа аудандарда өзен ағып жатыр. Сол аймақтарға егін егіп тастаса, халықтың ештеңесі кетпейді. Ауыл тұрғындары тіпті сиыр да саумайды. Бақшасы бар, гүлдетпейді. Май мен құртын сатып алады. Содан кейін барып жағдайымыз нашар, жұмыс жоқ деп зарлайды. Осыдан кейін жалқау, жатып ішер боламыз. Түзелуіміз керек. Еңбек етейік. Жастарды жігерлендірейік,- дейді Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жастар арасындағы қылмыс өскен
  • Сапарбаев қара киім тұмшалап алған оқушылар жайында пікір білдірді
  • Бердібек Сапарбаев: Жастардың ажырасуына ата-ана кінәлі
  • 25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге