Балаға неше жастан ақша ұстатуға болады?

    █ Психологтар баланы ес білгеннен қаржылық сауаттылыққа баулу керек дейді. Онымен айналысатын ата-ананың өзінің қаржылық сауаты аз болса, не істеу керек?

    Гүлбаршын Сабаева
    informburo.kz

    Биыл жылдың басында Өзбекстанның Орталық банк балаларға арналған банктік өнімдерді айналымға шығару ойлары барын айтты. Банк өкілі Рахман Ибадуллаев осы жылдың наурыз айында журналистермен кездесуде жобаның іске асуына өзбек сумының девальвациясы кедергі келтіріп отырғанын айтыпты. Балаларға арналған банк өнімдерінің максималды айналымында қанша сум болатындығы туралы мәселе талқыланып жатыр екен. Өзбек жағы балаларға қатысты жобаның бас-аяғын түгендеп жатқанда Ресей бұл мәселені пісіріп қойыпты. 2018 жылдың 1 қыркүйектен бастап ресейлік "Сбербанк" "СберKids" деп аталатын қосымшаны айналымға шығаратынын айтты. Кез келген смартфонға жүктеп алуға болатын қосымша арқылы 6 жас пен 13 жастағы балалар электронды банк карточкасы арқылы виртуальды төлем жасай алады. "Сбербанктың" өкілі Александра Алтухова 2 қыркүйек күні журналистермен кездесуде балалар картасының максималды айналымы 40 мың рубль екенін айтты.

    Ал бізде ше?
    Бізде баласына қанша ақша беруді ата-анасының қалтасы шешеді. Ал бізде бұл жүйе әлі ғылыми-қаржылық жағынан негізделген жоқ. Мұның кері әсері ата-анасының ақшасы мен беделін белден басатын "пәленшещиналардың" әрекетінен көріп жүрміз. Бірақ соған қарамай "ұл-қызым бай-қуатты болса екен" деп кез келген ата-ана армандайды. Бала мен ақша теориясы – қоғамда игерілмеген кеңістік. Қарым-қатынастың мұндай түрін ата-ананың баласына деген шектен тыс махаббаты мен мырзалығы, қалтасы шешіп жүр. Баланың ақша ұстап үйренуі туралы тақырып барлық елдерге ортақ. Бірақ оның сипаты мемлекеттердің ұстанған саясатына байланысты. Мамандар батыс елдерінің көзқарасы ТМД тұрғындарының көзқарасымен сәйкес келе бермейтінін көптен айтып жүр.
    ЕО елдерінде, Германияда баланың күнделікті шығыны заңмен бекітілген. Ақшаның көлемі баланың жасына қарайды. 6 жастағы бала 50 еуроцент алса, 15 жастағы баланың шығыны 50 еуроға дейін өседі. Ал бізде мұндай заңмен шегеленіп қойған ереже жоқ. Қақпақ ашық. Ашық қақпақтардан 40 жасқа келгенше ата-анасының мойнына мініп отырған масыл-еркетотайлар шығып жатыр.

    Дәулетті отбасыдан шыққан балалардың талантына емес, мәртебесіне басымдық беретіні әлемді алаңдата бастапты
    2018 жылы 19 наурыз күні Ұлыбритания парламентінде білім мәселелері жөніндегі хатшы Дж. Грининг "Табысы жоғары отбасылардан шыққан, бірақ академиялық көрсеткіштері төмен балалардың ерекше қабілеттерімен ерте танылған қатарластарымен салыстырғанда 35 жасқа толғанда жоғары жалақы алады" деп мәлімдеді.

    Басқаша айтқанда дәулетті отбасылардан шыққан азаматтардың айлық жалақысы әлеуметтік мәртебесі төмен құрдастарымен салыстырғанда 2200 фунтқа жоғары болады екен. "Ата-аналарының табысы балаларының жағдайына ықпал етпеуі тиіс. Жағдай бұлай жалғаса берсе, ата-анасының байлығының қанша пайызы балаларына тиісілі болатынын заңмен белгілейтін боламыз. Біз бұған дайындықты балалардың қалта пұлының қанша болатынын заңмен белгілеуден бастаймыз. Ұлыбританияда жақын болашақта ата-анасының кім болғандығына емес, әркімнің қабілеті мен біліміне қарай деген заң үстем болады", – депті Дж. Грининг. Бұл туралы сол елдің The Sunday Times газетінің 2018 жылғы 20 наурыз күнгі нөмерінде жарияланды.

    Ақша жұмсау мәдениеті
    Американдық психолог Алан Фрэнмнің пікірінше, "ақша жұмсау өнерінің өз қалауымызды басқаруға қабілеттілігімізді көрсетеді" және бұл өнерге бала шақтан машықтануы керек. Баланы өмірдің осы жағына қызықтырған сәттен бастап, оны ақшаға мұқият болып, ұтымды ұстай білуге үйрете бастауға болады. Батыс елдерінде атақты және дәулетті отбасыларда балаларының бухгалтериясы үшін банкирлерді жалдаулары қалыпты құбылыс. АҚШ-тағы автокөліктерді жалға беретін "Rent-A-Car" компаниясының негізін қалаған Тейлор Байрон Трот АҚШ тарихында ауқатты отбасылардың балаларының бухгалтериясын үйлестіруді ғылыми негіздеп берді. Кейін ол мұны кәсіпке айналдырып, бірнеше штаттардан еншілес компанияларын ашып, балалардың қалта шығыны туралы кітап жазған. Трот ата-аналардың басты кемшілігі ретінде балаларымен табысы жайлы ашық әңгімелеспейтінін атады. Оның пайымдауынша, "Балаға ақша санауды өмірдің өзі үйретеді" деген пікір дұрыс емес. Ол өзінің клиенттеріне балалардың ақша санауды ерте бастан үйрену қажеттігін үнемі айтады екен. 2014 жылы Мәскеуде жарық көрген "Классикалық бизнестің әліппесі" кітабында 32 жастағы баласына бизнесін тапсырып, содан кейінгі ол тірлікке араласпағанын айтқан. "Rent-A-Car" компаниясының жылдық табысы – 19 млрд АҚШ доллары, өзі Америкадағы ең дәулетті 30 адамның ішінде 18- орында тұр. "51 жаста неге үлкен бизнестен кеттіңіз?" деген сауалға "Ұлым 7 жасымнан қасымда жүрді. 21 жасында компанияның стратегиялық жоспарларын дайындады. Мен ұлыма 100 пайыз сенемін" деп жауап берген екен.

    Балаға қымбат пен арзанның айырмашылығын 2,5-3 жастан бастап үйрету керек
    Екі арадағы байланыстың ерте басталғаны екі жаққа да тиімді екен.
    – Балаға қымбат пен арзанның айырмашылығын 2,5-3 жастан үйрету керек. Себебі осы жаста ол салыстыра алады. Ал 7 жастан бастап ақша санап, бағаның айырмашылығын біледі, – дейді ресейлік психоаналитик Светлана Меркулова. Светлана Меркулованың сөзінен ұққанымыз, балаңызға ақшаның заттарға айырбасталатын тек әншейін құнды қағаз екенін түсіндіру керек.
    – Кеңес елінде психолог Алексей Леонтьев шеңбер сызып, осы шеңберден шықпай алыста үстелде тұрған затты алу сияқты тапсырманы 5-6 жастағы балаға жүктейді. Өтеміне өте қымбат сыйлық беретінін айтып, балаға көрсетіп те қояды. Баланың затты алуға қолы жетпейді. Шеңберден асса десе шарт бұзылып, ойыннан шығып қалады. Соңында ол бәрібір шеңберден шығып, тапсырманы орындайды. Психолог балаға түрлі мақтау сөздер айтып, сыйлықты береді. Бірақ бала сыйлықты алудың орнына төмен қарап, сыйлықтан бас тартады. Бұдан шығатын қорытынды: "ұят болды" деген ұғым баланың санасына тәрбиемен бірге енеді. Ақшаның бала дамуына кері әсерін тигізуіне, оның рухани дүниесін бүлдіруіне жол бермеу керек, – дейді Светлана Меркулова. Светлана Меркулова ХХ ғасырдың аяғында АҚШ-та балаларды қаржылық сауаттылық шеңберінде тәрибелеу дәстүрге айналғанын айтып өтті.

    Бұл бағыт қазір АҚШ-та бизнес индустрияға айналыпты.
    – АҚШ-та балалардың қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталған тренингтер қазір трендке айналған. Жыл сайын мыңдаған кітаптар шығады. Ондағы құнды деректер мектеп бағдарламасына енгізіледі. Дәулетті ата-аналар балаларын 3-4 жасынан бастап ақша үнемдеуге үйретеді. Тренингтерге апарады. Сол себепті дәулетті отбасыдан шыққан балалардың қалтапұлы қарапайым отбасыдан шыққан құрдастарымен салыстырғанда аз болады. Қаржының, байлықтың табиғаты есепті қалайды. Ес біле бастағаннан ақшаның дәмін сезіп өскен бала оны есепсіз жұмсамайтын болады, – дейді Светлана Меркулова.

    Балаға қанша жастан бастап ақша беруге болады?
    Әлем ғалымдары бұл сұраққа толыққанды жауап беруге тырысып жатыр.Себебі кейбір балалар 3-4 жасында өзіне не қажет екенін ата-анасының ақыл-кеңесінсіз-ақ білсе, кейбі­реулері 20 жасқа жеткенше ақ­шаны санай алмайды. Өз қажетіне қанша ақша керектігін білмейді. Психологтар кейбір балалардың ақшаға деген көзқарасына оның туа бітті мінезі де әсер етеді деп оларды ақтап алуға болмайтынын айтады.
    “Егер соңғы деміңіз қалғанша өзіңіздің табысыңызға балаңызды тәуелді еткіңіз келмесе, ақшаны қалай жұмсауды кішкентайынан үйретіңіз" деп кеңес береді. Күнделікті ақ­шасын ретімен жұмсай білуді балаға 3-6 жастан бастап үйрете берген дұрыс дейді. Себебі баланың ақ­шаға қызығушылығы ғана емес, сатып алуға болатын, болмайтын заттарға көзқарасы да осы жастан жетіледі екен. Ал, сіз балаңызға күнде қанша ақша бересіз?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде балалар арасында көз аурулары көбейген
  • “Анашым, қайдасың...”
  • Маман: интернет дертке айналған
  • 1 Сыныпқа алты жасқа толып бару керек
  • Маман: Жасөспірімдер 12 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге