Мотивация: Сіз өмірді сүйесіз бе?

    Мотивация: Сіз өмірді сүйесіз бе?

    Қазір жаңа заман тіліне мотивация деген термин енді. Ерінбегеннің бәрі мотивация бергіш болып кеткенін көріп жүрміз. Әлеуметтік желіде отырған «әулиелердің» барлығы өмірге құштар болу мен құдайға деген махаббатты оятып, өзіңнің ішкі әлеміңмен қалай гармония жасауға болатынын айтудан жалықпайды. Ал шын мәнінде мотивация деген не? Ол әдемі киініп, бетке бес тонна бояу жағып, ел алдына шығып ділмарсып сөйлеу ме? Әлде үндемей жүріп-ақ, өз ісімен, өз қызметімен, қоғамдағы орнымен көпке үлгі бола алатын адамдар ма?
    Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз тура мағынасында өмірге шын ғашық жандар. Біреулер олардың көзіне шұқып, мүгедек деп айтуы мүмкін. Көзін бақырайтып қойып, ашықтан-ашық аяп, мүсіркейтіндер де бар. Олардың өмірге деген құлшынысына қайран қалатындары да жетерлік. Қатарынан қалмай он екі мүшесі сау адамдардан озық тұратын олардың өмірге деген мотивациясы жоғары. Бірі аяғынан тұра алмаса, екіншісі екі қолым жоқ деп өмірден түңіліп кетпеді. Қатарластарына үлгі болып, басқалардан озық тұрды. Біздің ел оларды мүмкіндігі шектеулі жандар деп атайды. Дегенмен олардың мүмкіндігі біз ойлағаннан да биік. Армандары асқақ, болашақтары жарқын. Күш жігерлерінің арқасында басқаның ойын өзгертті. Өздері өзгерді. Таланттарының арқасында халықты мойындатты. Жігерлі жандардың өмірге деген көзқарасы қандай? Олар кімнен үлгі алады?

    Олар күніне мың пәлеге жолықса да Алладан үміт үзбеген жандар. Құдайдың берген ауыр қиындығына төзе біліп, жүздеріндегі жарқын күлкіні өшірген емес. Он екі мүшесі сау адамның қатарында емеспін деп артта қалмады. Өмірден өз орындарын тауып, биікке талпынды. Бүгінде олар дені сау адам жасамаған тірлікті жасап, жанындағылардан озық тұр. Бұл олардың өмірге деген құштарлығын білдірсе керек. Алматылық дарынды жігіт Ақтөбеге келіп жүректі тебірентерліктей ән кешін өткізді. Ол екі қолының жоқтығына қарамастан батылдығымен талайды тәнті етті. Ал мектепті енді ғана аяқтап жоғары оқу орнына түскен 17 жастағы Айя Спамбетованың да сурет өнеріне деген дарыны сүйсіндірмей қоймайды. Қатарластарына үлгі болып жүрген Айяның өмірдегі мотивациясы анасы екенін ашық айтты.

    «Арманыма жетуіме анам көмектеседі»
    - Балалық арманымның орындалуына анамның тигізген көмегі көп.
    Өмірде анамнан үлгі аламын. Қиын сәтте демеу болды. Әрқашан жанымнан табылды. Осы күнге дейін жанымда жүр. Өмірге деген көзқарасымды да өзгерткен менің анам. Анамның арқасында ешқашан өзімді кемтар жан сезінген жоқпын. Өзімді басқадан кем санамадым. Жалғыз қызын анам өзі өсірді. Менің әр жетістігімнің себепкері де сол аяулы жан. Сегіз жасыма дейін өз аяғыммен жүргенмін. Ауырған сәттен бастап сурет салумен айналысамын. Бүгінде балалық шағымда айналысқан өнерім өмірлік таңдаған мамандығыма айналды. Басқа мамандықты таңдау туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Анам ешқашан маған «жоқ» деген сөзді айтқан емес. Барлық жағдайда да жаңа мүмкіндіктер сыйлап жігерлендіріп отырады. Өмірден түңіліп, артта қалған жоқпын.
    Бірте-бірте ортаға биімделіп, ашылып келе жатырмын. Әрине, анам тәрізді тез тіл табыса алмағаныммен үйреніп келемін,-дейді 17 жастағы Айя Спамбетова.

    «Бітіру кешіндегі көйлекті өзім тіктім»
    Бірінші курс студенті атанған Айяның өмірлік мақсаттары жоғары. Мектепті қызылға бітіргенімен бірге 5 жылдан кейін алатын дипломының қызыл болғанын армандайды. Өзі туралы айтып отырғанда анасы әзілдеп «корей тілінде дисертация қорғап отырсың ба» деп қалды. Корей киносы мен корей жұлдыздарын туралы қарап жүргеніне 1 жыл уақыт болған. Өзінің айтуы бойынша олардың тек үштен бірін таныймын дейді. Салған суреттерінде де корейдің танымал жұлдыздары.
    - Осы жанрдағы кинолар, әндер ұнайды. Сурет салып отырып кино
    көремін. Бір жыл ішінде корейлік неше кино көріп тастағаным есімде жоқ. Болашақта киім дизайнері болуды армандағандықтан алғашқы еңбегімді бастап кеттім. Мектеп уақытында бітіру кешіндегі көйлекті өзім тіктім. Матасын анам екеуміз таңдадық. Сызбасы өзімнің қиялымнан туындады. Барлығы екі ай уақытты алды,-дейді ол.

    «Ішім жылап тұрса да, сыртым күліп тұрады»
    - Қызыма ешқашан қарсы тұрмаймын. Қалаған затын алып беруге тырысамын. Өмірге келдің бе, өмірде не жақсылық бар соның барлығын алып кетуге тырысамын. Жамандықты ысырып қою керек. Жаман заттың да жақсылық табу керек. Өзімнің өмірлік ұстанымымды Айяға да үйретімін. Ішім жылап тұрса да, сыртым әрқашан күліп жүреді. Есейгесін барлығын түсініп келеді. Өмірге деген құлшынысын жақсы бағалаймын. Бұрындары төменгі этажға түсу үшін көтеріп жүретінмін. Қазір керісінше өзінің батылдығының арқасында екі балтаққа сүйенді. Алтыншы этаждан төменге өзі түседі. Қызымның жігерлігін мақтан етемін. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында емес, дене мүшесі сау адамдармен оқып жатыр. Осы жандармен бірге тіршілік жасап, қарбаласпаса болмайды,-дейді Айяның батыл анасы Сандуғаш Спамбетова.

    «Қатал тағдыр болса да төзе білемін»
    Қатал тағдыр деп аталатын әнімен талайлардың жүрегін елжіреткен Азамат Оразбектің отбасы көпке үлгі. Ол бүгінде әнші ғана емес, бірнеше олимпиадан жеңіске жеткен спортшы. Әлеуметтік желінің тұрақы пайдаланатын Азамат өзінің жетістіктерімен үнемі бөлісіп отырады. Ақтөбеде өткізген жеке шығармалық кешіндегі күш-жігеріне талайлар тәнті болды. Екі қолым жоқ деп мұңаймады. Керісінше дені сау адамға үлкен серпіліс сыйлады. Екі сағаттық ән кешінде тыңдарман көңіліне өмірді сүю керектігін, шүкір ете білу керектігін үйретіп кетті. Кішкентай ғана проблемадан өлімге жүгіретін адам Азаматқа қарап үлгі алуға болады. Қолсыз жүру, екі қолсыз өмір сүру, әрине, қиын. Дегенмен Азаматтың өмірге деген талпынысы оны қолсыз деп айтпайды.
    - Өмірде адамның бəрінде проблема болады. Кейбір адамдар сол проблемасын сыртқа көрсетіп қояды, менің ойымша ол дұрыс емес.Бірде бір кісі былай деп айтыпты: «Егер сенде проблема болса, ал сен сол проблеманың шешілетінін білетін болсаң оны уайымдаудың қажеті жоқ. Ол шешіледі ғой. Ал сенде шешілмейтін проблема болса оны неге уайымдайсың. Ол бəрі бір шешілмейді ғой деген екен. Сондықтан ештеңе ойламай күліп жүріңіздер,-дейді жас әнші Азамат Оразбек.

    «Ажарлым барлығының ажарлысы»
    Бүгінде екі қолы жоқ жігіт «Ажарлым» деп әндеткеніне бірнеше жылдар өтті. Оның өмірлік серігінің есімі – Ажарлым. Әніне де арқау болған тақырып өмірінің ажарлысы болып жүр. Азаматтың жұбайына жұрт сүйсіне қарайды. Мүмкіндігі шектеулі жанмен өмір сүру өте қиын. Соған қарамастан әнші жігіттің жары талайдың таңдайын қақтырды.
    - Біз бір жылдай қыз-жігіт болып жүрдік. Бір жыл аз емес деп ойладымда 16 жастағы Ажарымды алып қаштым. Аллаға сансыз шүкір бір қыз, бір ұл сыйлады. Бүгінде бақытты отбасылар қатарындымыз,-деді 24 жасқа қадам басқан Азамат Оразбек.

    P.S: Арамызда айнадан өзінің түрін көруге, өз аяғымен жүріп-тұруға ынтызар жандар көп. Олардың қатарында адам сенгісіз ауыр тағдырды басынан өткергендер де бар. Талай мәрте құласа да өмірден түңілмеген, жігері бик жандар аз емес. Он екі мүшесі сау адам осы жандардан үлгі алу керек. Олардың өмірге деген құлшынысы басқаны жігерлендірмей қоймайды. Аяғы жоқ болса да жүріп кеткісі, көрмесе де көріп кеткісі, сөйлей алмаса да сөйлеп кеткісі келеді. Олар үлгі болатындай таңдаулы жандар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Танымал әнші өзге әйелді жүкті қылған күйеуі туралы айтты
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Құралай Бәйменова: Өмір үшін күресу керек!
  • Понтий Пилат: Арманым күн сайын орындалады
  • Өмірге құштар қыз
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге