Қарттарға құрмет көрсетілді

    Қарттарға құрмет көрсетілді

    Ақтөбеде 1-қазан- Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні атап өтілді. Мерекеге орай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан арда герлерге құрмет көрсетілді.

    Ақтөбенің Батыс -2 ауданында жақында ғана ашылған “Анаға тағзым" ғимаратында өткен мерекелік шараға 40-қа жуық қария жиналды. Олар-саналы ғұмырын сүйікті жұмысына арнаған, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласының мамандары, мемлекетттік қызметшілер мен қаржыгерлер, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары салаларының ардагерлері. “Менің жылдарым-менің байлығым” атты мерекелік шара кезінде қала әкімі Ілияс Испанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
    - Өздеріңіз білетіндей, 1 қазанда Халықаралық Қарттар күні мен Ұрпақтар ынтымақтастығы күні аталып өтеді. Сіздерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер қиын кезеңде өмір сүрдіңіздер. Саналы ғұмырларыңызды облыстың, Ақтөбе қаласының дамуына арнап, аянбай еңбек еттіңіздер. “Қариясы бар үй-қазына” дейді. Бүгінгі күні ашық аспан астында, бейбіт өмір сүріп жүргеніміз -сіздердің арқаларыңыз. Оны келер ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек.Сол үшін сіздерге үлкен алғыc білдіргім келеді. Денсаулықтарыңыз мықты болсын Бала-шағаларыңыз, жанұяларыңыз бен жақындарыңыз аман болсын! Мерекеден мерекеге үлкен жетістікпен жете берейік, -деді қала әкімі.
    Мерекелік шараны қала әкімдігі мен облыс депутаттары ұйымдастырды. Облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова ардагерлерге өңірді дамыту үшін атқарған еңбектері үшін құрмет білдірді.
    - Сіздерді облыс басшылығы атынан, облыстық мәслихат депутаттары атынан осы шуақты, жарқын меркемен құттықтаймын. Ардагерлер- елімізің алтын қоры, біздің алтын қазынамыз. Сіздердің даналықтарыңыз бен өмірден түйген мол тәжірибелеріңіз -біз үшін үлкен өнеге. Сіздер барлық саналы ғұмырларыңызды, қажыр- қайраттарыңызды ел игілігі мен ұрпақ тәрбиесіне жұмсадыңыздар. Облыстың, аймақтың дамуына көп үлес қостыңыздар. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін. Тек жақсылық болсын. Әрбір арайлап атқан таң қуанышты сәттерге толы болсын. Еліміз аман, болашағымыз нұрлы, халқымыз тыныш болсын. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің арасында шуақты ғұмыр кешіңіздер,-деді ол өз құттықтауында.
    Мерекелік шара кезінде қарттарға арнап дастархан жайылды. Әйел адамдарға гүл шоқтары, ал ер адамдарға әтірлер сыйға тартылды. Фармацевтика саласында ұзық жыл жұмыс істеген ардагер Асылбек Санатов жергілікті биліктің назардан тыс қалдырмай, құрмет көрсеткеніне риза.
    - Өзім фармацевтика саласында 56 жыл жұмыс істедім. Оның 30 жылында басшылық қызметті атқардым. Қазір жасым -80-де. Алайда қатардан қалған жоқпын. Әлі де жеке фирмада кеңесші болып жұмыс істеп жатырмын. Өйткені бұл салада мәселе көп. Қазір не көп, дәрі көп. Сапасы да әр түрлі. Бірақ бағасы қымбат. Бүгінгі басқосудың маңызы өте зор. Қарияларды ұмытпай, құрмет көрсеткендеріңе рақмет,-дейді ол.
    Кезінде өз ісінің үздіктері атанған қариялар мен кейуаналарға деген құрмет мұнымен шектелген жоқ. Жиналғандардың әрқайсысына “Анвар” супермаркеті желілерінен 20 мың теңгеге азық-түлік сатып алуға сертификат берілді.Шара соңы жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Айта кетелік, қала әкімі Ілияс Испанов мереке қарсаңында бірнеше қала тұрғынының үйлеріне барып, сый-құрмет көрсетіп қайтты. ШаҺар басшысы бұрынғы қала әкімі Сергей Лапшинді құттықтап, оған жеміс толы себетті сыйға тарту етті. Қаланың көркеюі жолында жемісті еңбек еткен ардагердің қазіргі жағдайымен танысып, емен-жарқын әңгімелесті. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір зейнет жасындағы қарияның балалары жұмыс істейді. Ал зайыбы Галина Петровна – дәрігер, оның барлық жағдайын жасап отыр. Есік алдындағы бау-бақшасын жайнатып, жақсы қарттыққа жетіп отыр. Тіпті, ауласында бұл жақта кездесе бермейтін Тяньшань шыршалары бар. Сергей Лапшин өз кезегінде қала әкімінің құттықтауына алғысын білдірді. Бұған қоса қала әкімі Ақтөбе қаласындағы ұзақ ғұмыр жасаған қала тұрғындарының бірі Жұпар Сатаеваны құттықтады. Бүгінде 109 жасқа келген кейуана 10 баланы тәрбиелеп өсірген. Өсіп-өнген ұрпағынан 35 немере, 54 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Қала әкімі Ілияс Испанов кенже ұлының қолында тұрып жатқан Жұпар әженің иығына ақ шәлі орамал жапты. Оған себет толы тәтті тағамдар сыйлап, ақ батасын алды. Сондай-ақ ол облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагері Сапар Сағынтайұлына да құрмет көрсетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Марат Итеғұлов “Құрмет” орденімен марапатталды
  • Ешкім де ұмытылмайды!
  • Кітапхана қарттарға құрмет көрсетті
  • ҚАРТТАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
  • ЕҢБЕК ДИНАСТИЯСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге